Пандемия мен карантин азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі проблемаларды көрсетті, деп мәлімдеді сенаторлар тобы премьер-министр Асқар Маминнің атына жолдаған сауалда. Сонымен қатар, бірінші кезекте қажетті азық-түлік бағасы өсті. Авторлар ең басты себеп ауылдардың дамымауы деп есептейді. Агроөндірістің әлеуеті жоғары, бірақ оны тиісті деңгейде дамытуға көңіл бөлмей отыр.
— Қалалық халық санының артуы ел экономикасының бәсекеге қабілеттілігін арту факторы ретінде әзірге мемлекет мүмкіндіктеріне сәйкес келмей тұр. Кенттенудің эволюциялық және табиғи жолына күмән келтіре алмаймыз,
бұл процесс қажетті алдыңғы қатарлы технологиялар болған жағдайда ғана жүргізілуі керек
Ғылыми-техникалық прогресс биіктікте болған кезде отандық тауар өндірісі жоғары деңгейде дамиды, — дейді қол қоюшылар.
Сонымен қатар, авторлар «бақылауға алынбаған урбанизация жағымсыз салдарларға және белгілі бір әлеуметтік шиеленіске әкелуі мүмкін» деп қосты. Мысалы, үнемі қажетті инфрақұрылымды құрып отыру керек.
Қазір қалалардың экономикалық көрсеткіштерінің құрылымында тек қызмет көрсету саласы ғана басымдыққа ие.
— Мысалы, оңтүстік астанада қызмет көрсету саласының жалпы өңірлік өнімі 36%-ға жуық,
ал өнеркәсіп және өңдеу өнеркәсібі сияқты салалар бойынша тиісінше 4,8% және 4% ғана байқалады,
— деген мысалдар келтіреді сұрауда.
Жалпы алғанда заңды тұлғалардың басым көшілігі көтерме және бөлшек саудамен айналысады — 29,3%. Ал өңдеу өніркәсібінде бар-жоғы 5,2%.
Авторлар ауылдың әлеуетінің жоғары екеніне сенімді.
— Кейбір жұмыс істеп тұрған шаруа, фермерлік және жеке қосалқы шаруашылықтардың көрсеткіштері салыстырмалы түрде жақсы, олар өздерін ғана емес, басқаларды да қажетті азық-түлікпен қамтамасыз етуде. Олардың басым бөлігі Түркістан (33,3%), Алматы (21,3%) және Жамбыл (8,4%) облыстарында тіркелген, — деп есептейді олар.
Ауыл шаруашылығы алқаптарының жалпы аумағы мен аумағы бойынша біз аграрлық шикізат өндірушілердің алғашқы ондығына кіреміз. Сарапшылардың бағалауы бойынша, елдің ресурстары ішкі нарық қажеттілігінен үш есе асып түсуге мүмкіндік береді. Әрине, артығын импортқа жібереді. Алайда, әзірге айтарлықтай оң өзгерістер жоқ.
— Бізге барлық күш-жігерімізді ғылымға, өндіріс пен технологияны, қосылған құны жоғары өнімді өндіруге бағыттауға ешнәрсе кедергі келтірмейді. Бірақ қазір біздің қолымызда не бар? Ондаған жылдар бұрынғы донор өңірлер қалып отыр, олардың саны өзгермейді.
Өңірлердің басым бөлігі әлі күнге дейін бюджеттен айтарлықтай трансфертті қажет етеді
Агроөнеркәсіп кешеніне қомақты қаржы салынғанына қарамастан, Қазақстанның ішкі нарықтағы дәстүрлі АӨК салалары импортқа тәуелді. Өнімнің шамамен 80%-ы шикізат ретінде сатылады, ал экспортқа қайта өңделген өнімдер саны мен сапасы жағынан әлемдік азық-түлік нарығында бәсекеге қабілетті емес, — деп есептейді авторлар.
Ауылдықтардың қалаға қарай ұмытылуы жағдайды қиындатып отыр. Олардың басым көпшілігі жастар. Пандемия мен карантин азық-түлік қауіпсіздігі тиісті деңгейде қамтамасыз етілмегенін көрсетті. Бірінші қажеттіліктегі өнімдердің бағасының өсуін тоқтату да қиынға соғады.
— Ауылды дамыту мемлекеттік саясаттың басымдығы болуы тиіс.
Бағдарламалық құжаттарды ауылдық елді мекендерді дамытуға кешенді түрде бағыттау керек,
— дейді сенаторлар.
Қол қоюшылар келесі шараларды ұсынды.
Бірнеше елді мекендерде кешенді жұмыс жүргізу, нәтижесі сәтті болған жағдайда басқаларына да тәжірибе жасау керек.