Нұр-Сұлтан
Қазір
-4
Ертең
-7
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Талап барлығына бірдей емес: Қапшағайда таңдаулы демалыс орындары жұмыс істеп тұр

431
Қапшағайда карантиннің кесірінен «жұмыс істемейтін» жағажайлардың бірі

Санитарлық қызмет ресми түрде ашылуға рұқсат беретін талаптарды бірінен кейін бірін шығарып жатқан уақытта Қапшағайда туристік нысандардың иелері шығындарын есептеуде.

2020 жылдың 7 маусымы күні Қапшағайдың бас санитарлық дәрігері Амантай Қамаубаев кімге жұмыс істеуге болады, ал кімге тыйым салынғаны жазылған жаңа қаулы шығарды.

2020 жылғы 7 маусымында шығарылған Қапшағайдың бас санитарлық дәрігерінің қаулысы

Көзді жұмып қойып

Құжатқа қарар болсақ, қаланың ішіндегі бассейндерге, монша, сауна мен басқа да қызмет көрсету нысандарын ашуға рұқсат берген. Бірақ №42 қосымшаға сәйкес алгоритмді қатаң сақтау керек. Төменде сол алгоритмнің үзіндісін келтіреміз.

Туризм нысандарының жұмыс алгоритмі

Әлеуметтік қашықтықты сақтау және белгілер туралы бұл алгоритмде барлығы түсінікті жазылған.

Ал енді біз Қапшағайдың шеткі ауданындағы бассейндердің бірінің қалай жұмыс істейтінін көрсетеміз. Видео қонақ үйдің инстаграм-аккаунтынан алынды.

Бір қызығы, осы қаладағы дәл сондай басқа қонақ үйлерге жұмыс істеуге рұқсат берілмеген. Ал қаладан 30 километр жердегі су қоймасының солтүстік жағалауындағы демалыс орындарына мүлдем қатаң тыйым салынды. «Алматы-Демалыс» демалыс орнын полицейлер қоршап алды. Бас санитарлық дәрігердің қаулысында бұл туралы айтылмаған.

Бірақ қалалық бассейнге жұмыс істеуге рұқсат беріп, ал көлдің екінші шетіндегісіне тыйым салудың мәні неде?

Ал солтүстік жағалауда ішінде бассейні бар демалыс орындары жеткілікті.

Рақым етіңіз!

Маусым айының бастапқы кезеңінде аймақтың санитарлық билігі барлық туристік нысандарға 13 маусымнан бастап жұмыс істеуге рұқсат беруге ниеттенген еді. Бір-екі күннің ішінде бұл шешімді қайта өзгертіп, енді қашан рұқсат берілетіні белгісіз. Яғни, Қапшағайдағы демалыс орындары бүгінгі күнге дейін ресми түрде жабық.

Жағажайға қолғаппен! Бассейндер мен демалыс орындарына қойылған талаптар қаншалықты орынды?

Алайда біздің 5 маусымда жарияланған мақаламыздан кейін редакцияға барлығы бірдей реми ашылуға рұқсат берілуін күтіп отырмағанын, ал ондағы орындар мамырдың соңына дейін брондалып қойғанын айтып көптеген адам жазуда.

Біз бұл шынымен де солай ма тексеріп көрдік. Біздің журналистіміздің жұмысын назарларыңызға ұсынамыз.

Қапшағайдағы туристік нысандардың бірінің иесі жағдайға қатысты пікір білдірді:

«Маусымға дайындалу үшін демалыс орындары үш ай бойы дайындалады және бұған аз қаражат кетпейді. Электр қуаты, су, жеткізушілермен жасалатын келісім, жөндеу жұмыстары, жағажай мен территорияны тазалау және жақсарту, көгалдандыру, маусымды бастауға қажетті жабдықтарды сатып алу, дайындау. Бұл жылы бұған Covid бойынша санитарлық нормаларды сақтауға кететін шығындар қосылды. Сондай-ақ жұмысшылардың еңбекақысын да төлеу керек. Бұл механизмді бір күннің ішінде қосып, өшіру мүмкін емес. Қазіргі болып жатқан нәрсенің барлығы қаржы тұрғысынан қымбатқа шығады және халықтың қалтасын жұқартып қана қоймай, шаруасын таратуына да себеп болып жатыр. Келесі талаптарды шығарада осы мәселенің ескерілуін сұраймыз.

Қамаубаев таңғалып отыр

Бірақ мұны ешкім ескеріп жатқан жоқ. 8 маусым күні жақынкүндерге номер бұрандау талпынысымыз сәтті болған соң, Қапшағайдың бас санитарлық дәрігері Амантай Қамаубаевқа қоятын бірнеше сұрақ туындады.

— Қапшағайдағы демалыс орындары шамамен қай уақытта ашылады? бастапқыда 13-іне жоспарлаған секілді еді, алайда соңғы қаулыда бұл турал ешнәрсе айтылмаған. Неліктен ашылуды кейінге қалдырды?

— Кейінге қалдырған жоқпыз. Егер 12 маусымға дейін вирус жұқтырғандар саны артпаса, 13 маусымда ашуға рұқсат беруіміз мүмкін. Бұл осы аптада белгілі болады.

— Маған Қапшағайда қойылған қатаң тыйымға қарамастан кейбір демалыс орындары жұмыс істейді деген ақпарат келді.

— Жоқ, жұмыс істемейді. Бізде мобильді топ жұмыс істейді. Жағажайы жоқ жеке тұрған бассейндер ғана жұмыс істейді. Олар алгоритмге сәйкес, санитарлық-эпидемиологиялық режимді сақтауы тиіс.

— Сізге хабарласардың алдында бір сағат бұрын бірнеше сондай нысандарға хабарластым. Олардың екеуі бұған дейін жұмыс істегенін, бірақ қазір өкінішке орай жабылып қағанын мойындады. Ал басқа екеуі алдағы демалыс күндеріне орын брондай алатынын айтты.

— Қалай сонда? Білмеймін. Маған ондай ақпарат келіп түскен жоқ. Айтып отырған демалыс орны туралы ақпарат берсеңіз, біз онда мобильді топты жіберіп, тексеру жібереміз.

— Сіз олар туралы білмеймін деп күмәнданып отырсыз ба? Мен Алматыда тұрамын, ал сіздің иегіңіздің астында тұрағн демалыс орындары біз бір номерге 45-50 мың теңге төлесек, кез келген уақытта қабылдауға дайын.

— Олар қандай демалыс орындары?

— Мәселен, Marine Club және Del Mare.

— Иә, Marine Club бойынша маған қалалық полиция басшысының орынбасары олардың жұмыс істеп жатқанын айтып таңертең хабарласқан еді. Қазір мобильді топты жіберіп, бәрін анықтаймыз.

Таңдаулыларға жұмыс істеуге рұқсат

— Анықтаудың не қажеті бар? Мен бір сағат бұрын онда хабарластым, олар жұмыс істеп тұр.

— Del Mare жағажайда орналаспаған, олар бассейн және қоғамдық тамақтану орны ретінде жұмыс істеп тұр.

— Қалай десек те олар маған номер ұсынды.

— Сізге айтып тұрмын ғой, олар қонақ үй мен бассейн ретінде жұмыс істейді. Қаланың ішінде орналасқандықтан, оларға сағат 21.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етілген.

— Демалыс орны мен қонақ үйдің қандай айырмашылығы бар, түсінбеймін? Бір қарағанда онда сол номерлер мен бассейндер бар емес пе?

— Еегер жағажайдан номер алып, оған қоса шомылатын болса, адамдар топтасып жиналып кетеді. Қаулыда жағажайда орналасқан демалыс үйлері 13 маусымда жабық деп нақты жазылған ғой.

— Del Mare де жағажайда орналасқан ғой?

— Жағажайдан екі не үш көше қашықтықта орналасқан. Олар 19 ықшамауданда.

— Яғни олардың жұмыс істегені тәртіп бұзушылық емес пе? Оларға қай күннен бастап жұмыс істеуге рұқсат берілді?

— 18 мамырдан бастап. 30 адамға дейін қабылдайтын қоғамдық тамақтану орындарына жұмыс істеуге рұқсат берілген уақыттан бастап, олар кафе болғандықтан ашылды.

Болмайды, бірақ рұқсат

Біздің сұхбат берушіміз  Marine Club демалыс орнына мобильді топ жіберіп, рұқсатсыз ашылғандары үшін сес көрсетеміз деген уәдесін орындамады. Яғни, 9 маусым күні Қамаубаев мырзаны таңғалдырғаннан кейін бір күн өткен соң демалыс орнын ешкімнің жаппағанын анықтадық.

Өкінішке орай, біз Қапшағайдың бас санитарлық дәрігері болған жағдайға қатысты кездейсоқ немесе әдейі жалтарып отыр ма, білмейміз.

Қазір Қапшағайдағы жүздеген туризм нысандарының пайдасы тәуелді болған бұндай лауазымдағы шенеунік өтірік әңгіме айтпайтын шығар деген ойдамыз.

Алайда Del Mareбасшылары күнті менеджерлер екен. Олар қонақтарға ыңғайлылық пен жақсы көңіл күй ғана емес, сондай-ақ қонақ үйдің ішінде ойын сауық бағдарламасын да ұсынып отыр. Басқа қай жерде бассейнде серкендйтін катерге мініп, үлкен әсер алатын бананға отыра аласың?

Қонақ үйдің сайтынан алынған скриншот

Қазақстанда карантин енгізілгенлі  шағын бизнес көрген қиыншылықтарды ескерсек, кейбіреулердің заңның алдында бірдей емес екенін анық көруге болады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз