Нұр-Сұлтан
Қазір
-4
Ертең
-7
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Жағажайға қолғаппен! Бассейндер мен демалыс орындарына қойылған талаптар қаншалықты орынды?

555
Жаңа маусым 13 маусымнан бастап ашылады. Бірақ кәсіпкерлер ашылудың еш мәні жоқ деп күмән келтіруде, оларды қолдарында градуснигі мен ұзындық өлшейтін аспаптары бар сақшы болуға міндеттеді.

Қапшағайдың солтүстік жағалауындағы демалыс орындарының бірінің иесі жағдай туралы кеңірек баяндады. Билік тарапынан қысымға ұшырамас үшін аты-жөнін айтпауды жөн көрді.

Жөтелмеу керек! Түшкірмеу керек!

— Алматы облысының санитарлық дәрігерінің қаулысына қосымша берілген №41 қосымша бар дейді демалыс орнының директоры. — Онда жазылған талаптар ақылға сыймайды. Мысалы, әр нөмерге ыстық және салқын суы бар раковина қоюымыз керек. Бізде ыстық суды айтпағанда,  суық судың өзі кейде болмай қалады.

Әр нөмерде шынтақтық мөлшерлегіші бар антисептик және кіреберісте  зарарсыздандыратын кілемшелері болуы қажет. Осы салада жұмыс істегеніме 35 жыл болды, мынандай сұмдықты бірінші рет көруім. Егер санитарлық дәрігер қабылдаған талаптарды сақтайтын болсам, карантиндегі демалыс орны қонақтар үшін демалыс емес, азап болары анық.

— Қонақ келді делік, сіз қандай әрекеттерді орындауыңыз керек? Денсаулығы мен эпидемиологиялық байланысын зерттеуіңіз керек пе?

— Алдымен температурасын өлшейміз. Алайда біз оның Алматыдағы жағдайы қандай болды, жолда басқа орындарға кірді ме, жоқ па хабарымыз жоқ. Былайша айтқанда біз әрбір қонағымызды аңдып отырумыз керек.

Егер ол жөтеліп немесе түшкіріп қалса, біз оны бірден оқшаулауға міндеттіміз. Мен демалыс орнында оны қайда оқшаулаймын?

Бос ғимарат жоқ. Кір жуатын орынға кіргізбеймін ғой!

Бассейндегі қонақтардың арасы 5 метр болуы керек. Мен қолыма сызғыш алып, ескерту жасап жүгіріп жүруім керек пе?

Адамдар бұндай жағдайда қалай демалады?

Біз олардың талаптарын қалай орындағанымызды тексереді ғой. Мынандай көріністі елестетіп көріңіз: демалуға келген адам қазір ғана басейннен шықты, оның не қолғабы не бетпердесі жоқ. Далада 40 градус ыстық. Ал маған сол үшін айыппұл салады.

— Сіздер маусымның ашылуына дайындала бастадыңыздар ма?

— Әлі бастамадық, себебі бұндай жағдайда бизнесіміз жұмыс істей ала ма, жоқ па, белгісіз. Санитарлық қызметтің әрекетінен балабақшалар мен мектепке дейінгі мекемелер ғана зарлап қалған жоқ. Адамдармен жұмыс істейтіндердің бәрі де осындай жағдайға тап болды.

Жекеменшік жағажайларда тек қолшатырлар мен жататын орындар ғана болады. Басқа ешнәрсе жоқ. Олар жуынатын орын, раковина мен зарарсыздандыратын кілемшелерді қайдан табады?

Оданша бизнестің бәрін біржола басып-жаншып тастайық

Қоршаулар, кедергілер, әлеуметтік қашықтықтың ескертпе белгілері — бұның бәрі санитарлық қызметтің шексіз қиялының жемісі. Құмға қалай белгі салуға болады?

Сендерді қорғауға кедергі келтірмеңдер

— Бір жағынан біздің қауіпсіздігімізді ойлап жатқан жоқ па?

—Қауіпсіздігімізді ойлағаны соншалық, еш ескертусіз тексеріп келе салады. Ал мамыр айының ортасынан толығымен жұмысқа кірісіп кеткендерді тексере алмайды. Қапшағайдың шетіндегі бірнеше демалыс орны карантинге  пысқырғанымыз бар деп ашық айтады.

Карантин кезінде балабақшалардың жұмысын қайта бастауға ешкім жауапкершілік алғысы келмей отыр

Ал бассейнін қысқы жапырақтардан тазартып үлгермегендерге қазірдің өзінде бірнеше орындалмас талаптар қойды. Мен қонақтарыма жағалауға шықпаңдар деп, бөлмелеріне жауып қоя алмаймын ғой. Ал олар шомылып келгеннен кейін соңдарынан градусник пен антисептик алып жүгіруім керек пе?

Кабинеттеріннен шықпай отырған шенеуніктер, ешқашан ішкі туризмдегі қызмету көрсету саласына жолықпаған болса керек

Қапшағайдағы демалыс бір күнге адам басына 3 мың теңгеден айналады. Бұл бізге күн көрісі орташа адамдар келеді дегенді білдіреді. Оларды жазда демалу мүмкіндігінсіз қалдырайық онда? Барлығы осыған келе жатыр.

Біз заңға бағынатын салық төлеушілерміз. Еегер СЭҚ барлық нормалардың сақталуын талап етсе, әкімдік қажетті қорғаныс құралдарын сатып алып, барлық тіркелген демалыс орындарына таратып берсін. Біз неліктен барлығын өз есебімізден сатып алып, пайда табудың орнына шығынға ұшырауымыз керек. COVID-19-бен күрес үшін бөлінген бюджет ақшасы бар емес, пе, оның бәрі қайда кетті?

Біздің миллиондаған сұрағымыз ба, бірақ еш жауап жоқ.

Төтенше жағдайды тоқтатып, барахолка мен сауда орындарын ашқан екен, адамдарды жайына қалдырыңдар. Біреулердің демалып, басқалардың пайда табуына мүмкіндік беріңдер

Біз шығыннан көз ашпай отырмыз, ал шенеуніктер күн сайын бізге жаңа талаптар қоюда. Біреулерінің күшін жойса, жаңаларын шығарады. Барлығы қай құжаттың дұрыс, қайсысының бұрыс екенін түсінбей дал болуда, бір қаулыға сансыз қосымша шығарды.

Менің таныстырым қызық жағдайға тап болды. Олардың Қапшағайда кафесі бар. Ал кафенің аумағында бассейн бар. Иелері оны суға толытырады. Тексеру келгенде кафенің ішінде келушілер болмаса да, бассейндегі су үшін 100 АЕК көлемінде   ескерту жасады. Себебі облыста бассейндерді ашуға әлі рұқсат берілмепті.

Сондықтан біздің денсаулығымызға алаңдаушыларға айтарым, саналылық танытып, орындауға болатындай талаптар қойсаңыздар екен.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз