Нұр-Сұлтан
Қазір
-4
Ертең
-5
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Алматыда крематорий құрылысына тендер жарияланды

123
Ашық көздерден алынған сурет

Бұл жобаға 46,8 млн теңге болатын тендер жарияланды. Жоспарға сәйкес, крематорий екі пеші бар бір залды ғимарат болуы керек.

Ыңғайлылық үшін оны Алатау ауданындағы мәйітхананың жанына салмақ. Алдын ала белгілі болған деректерге сәйкес, құрылыс жұмыстары 2020 жылдың соңында аяқталуы керек.

1987 жылдан бері елде крематорий салу қажеттілігі талқыланғанмен, осы уақытқа дейін келіссөздер нәтижесіз болды. 2011 жылы шетелдік инвесторлармен бірге басталған крематорийді ұйымдастыру бойынша «Жерлеу қызметтерін көрсететін арнайы комбинат» жобасы жалғасын таппаған еді.

Бүгінгі күні қазақстандықтар кремация үшін Мәскеу, Челябинск, Барнауыл және Новосибирсктегі ресей компанияларының қызметін пайдаланады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз