Біздің отандасымыз, жапонтанушы Санжар Байымбетов көптеген жыл бойы Жапонияда жұмыс істейді. Оның айтуынша, жапон билігі қазіргі әлемдік дағдарыс кезіде бизнес пен халыққа қалай қолдау көрсетерін білмей, дал болды. Жаңа жағдайды қабылдап, ақша жинау режимінен, ақша тарату режиміне өту үшін биліке біраз уақыт қажет болды. Шағын және орта бизнеске, халыққа айтарлықтай көмек көрсетілді дейді сарапшы.
Жапония 2020 жылы Олимпияда ойындарын өткізуге және 40 млн шетелдік туристерді қабылдауға дайындалды. Сондықтан ел үкіметі шекараны жауып, карантин жариялауға және ойындарды ауыстыруға аса құлықсыз болды, дейді Санжар Байымбетов.
— Тіпті наурыз айының соңында, әлем пандемиямен күреске кірісіп кеткен кездің өзінде Жапонияда аралға әкелінген Олимпиада алауын қарсы алу рәсімі өтті. Бұл рәсімнің осындай жағдайда өтуі оғаш көрінді. Жапон үкіметі жаңа шындықты қабылдап, ақша жинау режимінен тарату режимінекөшуі үшін біраз уақыт қажет болды.
Санжар Байымбетовтың айтуынша, қолдау айтарлықтай жоғары деңгейде әрі кешенді болады. Жапония Үкіметі бизнеске үш негізгі жолмен көмек көрсетеді:
— Үкімет шағын және орта бизнеске түрлі қаржы ұйымдары арқылы қарыз беріп, көмек көрсетуге дайын. Мысалы мамыр айының алғашқы күнінен бастап, табысы 5%-дан көбірек қысқарған шағын бизнес иелері мен фрилансерлерге арналған бағдарламасы жұмыс істей бастады, ол бойынша 5 жылға дейінгі өтеу мерзімімен және 30 млн иен ($300 мың) дейінгі сомамен пайызсыз кепілсіз қарыз ала алады.
Осындай қарызды сатылымы 15%-дан көбірек қысқарған шағын және орта компаниялар да ала алады.
Сатылым көлемі айтарлықтай қысқарған ШОБ компаниялары да пайызсыз болмаса да, пайдалы шарттармен несие ала алады. Сондай-ақ жеңілдігі бар шарттармен неғұрлым ірі қарыз алуға немесе қазіргі қарызын қайта қаржыландыруға мүмкіндік беретін бірнеше басқа бағдарламалар бар. Мұндай жағдайда мемлекет соманың жартысына банк алдында кепіл ретінде әрекет етуге дайын.
Сонымен қатар сатылымының жартысынан астамы қысқарған шағын және орта бизнес компанияларына осы бап бойынша шығыстардың 2/3-іне дейінгі мөлшерде жалдау ақысын төлеуге пайызсыз және кепілсіз қарыз беруге дайын.
Шығындарды өтеуге келетін болсақ, мұнда жапон үкіметі бірінші кезекте ШОБ-қа жұмыс орындарын сақтауға көмек көрсетуге дайын.
—Дағдарыс кезінде көптеген компаниялар қызметкерлерді қысқартуға, не қызметкерлерді демалыс жәрдемақысын төлеп, демалысқа жіберуге мәжбүр.
Мұндай жағдайларда демалыс жәрдемақысы жалақы деңгейінің 60%-ынан төмен болмауы керек
Карантиндік шаралар басталғаннан кейін бірден мемлекет шағын және орта бизнеске мәжбүрлі демалысқа байланысты қызметкерлерге жәрдемақы төлеу жөніндегі шығындар кейінірек айтарлықтай дәрежеде өтеп береміз деп уәде берді. Оларды компанияларға бөлу ережелері бекітілді.
Шағын және орта кәсіпорындар ірі өтемақы алады. Әсіресе, жұмыс орындарын сақтап қалғандарына басымдық беріледі
Үкімет демалысқа жіберілген қызметкерлерге төленген қаражаттың толық көлемін өтеп береді.
Мемлекет компанияларға амалсыз демалыста жүрген әр қызметкерге күніне 15 мың иенге ($150) дейін өтеуге дайын.
Санжар Байымбетов өндірістік жабдықтар мен материалдарды экспорттау-импорттау бойына шағын сауда компаниясында жұмыс атқарады.
— Мен жұмыс істейтін компанияның барлық қызметкеріне таңдау мүмкіндігі берілді, үйден жұмыс істейтінін немесе кеңесеге келетінін әркім өз шешті. Бірақ әркімнің жағдайы әртүрлі. Кейбіреулер карантинге байланысты балабақшалар мен мектептер жұмысы тоқтап, балаларын қалдыратын жер болмағаннан, ал басқалары жұмыстан алыс тұрып, қоғамдық көлікпен келуге мәжбүр болғандықтан үйде отыруға мәжбүр. Олар өзіне және жақындарына қауіп төндірмеу үшін, үйден жұмыс істеген пайдалы.
Маған келер болсақ, мен кеңсеге барып-келіп жұмыс істеуді таңдадым. Себебі менің үйім жұмыстан өте алыс емес, велосипедпен жарты сағатта жетемін.
Санжардың ойынша, уақыт өткен сайын онлайн-жұмыстың танымалдығы артуда. Ол коронавируссыз да бұны түсінер еді, бірақ пандемия бұл үрдісті жылдамдатты деген сенімде.
ШОБ компанияларына орталық және жергілікті салықтарды төлеу мерзімін ұзартты, ал кейбіреулерінің көлемі қысқартылды дейді сарапшы.
— Ал кейбір жағдайларда компания жылжымайтын мүлікке салынатын салықтан босатылады
Сондай-ақ декларацияларды, қаржылық есептерді, қолданыстағы экспорттық/импорттық немесе кез келген басқа лицензияларды ұзартуға арналған өтініштерді беру мерзімдерін сақтамағаны үшін мемлекет қандай да бір айыппұл салмайды. Барлық туындаған мәселелер бизнестің пайдасына шешілетін болады.
Санжардың айтуынша
мемлекет кредит бойынша төлемдердің мерзімін өткізіп алған кезде қарыз алушыларды автоматты түрде қара тізімге енгізбеу туралы банктерге өтініш жасаған
Керісінше, жағдайға кіру және өтеу мерзімін бір айға ұзарту ұсынылады.
Сондай-ақ, мемлекет коммуналдық компаниялардан да жағдайды ескеруді сұрады. Коммуналдық төлемдерді төлеу кешіктірілген жағдайда бірден электр, су және газды ажыратпауға, ал берешекті өтеу мерзімін біраз уақытқа ұзартуға болады
Жергілікті экономистердің болжамдары әртүрлі, дейді Санжар Байымбетов.
—Экономиканың тез қалпына келтініне сенетін адамдар аз. Тіпті Үкіметтің бизнеске көмегі мен кепілсіз пайызсыз қарыздарды есепке алсақ, олар қаншалықты жақсы болса да, әйтеуір бір қайтару керек болады.
Жақын болашақта жұмыссыздар саны айтарлықтай өседі, ең консервативті бағалаулар бойынша 1-ден 3 млн адамға дейін жетеді
Адамдардың қалай күн көретіні әзірге белгісіз. Бұрындары өндірістік салада қысқаруға ұшыраған адамдар қызмет көрсету саласынан жұмыс таба алатын еді. Бірақ коронавирус бұл салаға үлкен соққы жасады. Болашақта капиталдық инвестициялар, түрлі шығындар қысқартылады.
Екінші жағынан, Жапония болашақта экономикалық конъюнктураның жақсаруын күтпестен, мұндай дағдарыс режимінде бұрыннан және үйреншікті өмір сүруде.
Сарапшы
Жапония экономикасы жанданған елдердің тұрғындарына қарағанда кезекті экономикалық дағдарысты бастан өткеру психологиялық тұрғыдан оңайырақ болады деген сенімде