Зимбабвенің Виктория-Фоллс қаласының тұрғына екі керіктің ерекше жолмен бір біріне күш көрсетіп жатқан сәтін видеоға түсіріп алған.
Видеода жас керік өз қарсыласының артқы аяқтарының арасына басын сұғып, бір аяғын мойынымен көтереді. Ірілеу керік бір аяғын босату үшін үш аяғымен ақырындап айналып жүре бастайды. Кейін екеуі бірінің соңынан бірі жүреді.
«Бұл ролик көрермендердің қызығушылығын оятты. Керіктердің бұндай қылықтарын күнде көре бермейсің. Тіпті жабайы табиғатта жұмыс істейтіндердің өзі бұндайды бұрын соңды көрмегендерін айтады. Кейбір Желі қолданушылары бұл текетіресті йоға жаттығуларымен салыстырды», — дейді Фергюсон.