Нұр-Сұлтан
Қазір
-4
Ертең
-9
USD
499
0.00
EUR
520
0.00
RUB
4.85
0.00

Сағынтаев тосқауыл бекеттерінің Алматының маңындағы ауылдардың сыртына көшірілетінін айтты

605
Сурет: Григорий Беденко

Бұл туралы баспасөз конференциясында Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев  мәлімдеді.

— Бір айдан астам уақыт бұрын біз Алматының айналасы мен жақын маңайдағы ауылдарға  санитарлық белбеу құрып, оны бірлесіп бақылауға алу туралы айтқан едік. Егер байқаған болсаңыздар, біз де басқа облыстар да қаншама тест өткізіп жатырмыз, бірақ айырмашылығы жер мен көктей. Сондықтан, екі аймақтың жүргізіп жатқан жұмыстары әртүрлі және оның жалпы эпидемиологиялық жағдайға қалай әсер ететіні де белгісіз. Жағдай тұрақты және бақылауда болғанымен, әлі де шешілмеген мәселелер көп, деген қала басшысының сөзін  Zakon.kz келтіреді. 

Сағынтаев  жақын арада тосқауыл бекеттерін қала шекарасынан алыс аймақтарға көшіреміз деп уәде берді, бірақ, карантиндік аумақтың  радиусы мен қай уақытта ауыстыратынын нақты айтпады.

— Мен бұның оңай жұмыс емес екенін түсінемін, сондықтан тұрғындарды түсіністік танытып, аз уақыт күте тұруын сұраймын. Қазірде Алматы облысымен бірлесіп, бұл жұмыстардың атқару механизмін әзірлеудеміз. Санэпидқызметпен де тығыз жұмыс атқарудамыз.  Бұның қаладағы эпидемилологиялық жағдайға қатты әсер етпегені маңызды, — деп атап өтті  Алматы әкімі.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз