Нұр-Сұлтан
Қазір
-4
Ертең
-10
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Төреғали Төреәлі Димашты мемлекет қорғауына алуды ұсынды

2905
Сурет әлеуметтік желіден алынды

Төреғали Төреәлі Қазақстанды күллі әлемге таныстырып жүрген өзінің отандасы туралы пікір білдірді. Әртіс билікке Димашты мемлекеттік деңгейде қорғауға алып, қамқорлық танытуды ұсынды.

Көп айтуды, артық таныстыруды қажет етпейтін азамат. Қазақстанның әлемдік деңгейдегі иммиджіне жүздеген жоба,миллиондаған,миллиардтаған ақша салынды, салынып жатыр. Әрине мемлекеттің ол жұмысы да нәтижесіз емес, десе де соңғы екі-үш жылдағы Димаштың шыққан биігі біздің елімізді қандай биікке көтергенін бәріміз көріп отырмыз.

Жиырмасыншы ғасырдағы Әміре атамыздың Францияда өнер көрсетуі, қазақ әнінің кереметіне әлем халқын ұйытып, тыңдатуы бір құбылыс болды,бірақ ол кезде біз бодандық бұғауында бұлқынып өз мүмкіндігімізді толық көрсете алмадық. Ақыры сол сапары қайталанбас әншінің басына сор болып жабысып,тағдырын тәлкекке салған деседі.

Ла-Скалада ән салған тұғыш қазақ — Амангелді Сембин еді. Өкінішке орай ол ағамызда қарымын толық жаза алмай, көп арманы ішінде қалды. Саяси жағдайлар араласып кеткенге ұқсайды.

Енді жиырма бірінші ғасырда жарқ етіп әлем аспанын ән шұғылысына бөлеп,анау-мынау адамның басы айналатын биікке көтерілген — Димаш бауырымыз болды.
Бұған бәріміз қуандық һәм тілекшіміз. Оны да сан-саққа жүгіртіп, алып-қашпа әңгімеге айналдырып алатын қазақылығымыз да қалмай біраз жерге дейін еріп келді. Бірақ ол үшін Димаш бізге өкпелеген жоқ, тек өз ұлтын қалай сүю керектігін, оған қалай құрмет көрсетіп, қызмет жасау керектігін іспен дәлелдеп келе жатыр.

Димашты сырттай менімен, Қайратпен салыстырып, аракідік от салып отыратын пікірлерді көріп қалып, қынжылып қаламын.

Біз Қайрекең екеуміз де Димаш бауырымыздың және сол сияқты еліміздің талантты ұл-қыздарының тек тілеуқор, жанашыры екеніміз Аллаға аян. Ешқашан бақ таластырып,бақастық туралы ойлап көрмеппіз.

Тіпті Димаштың әкесі Қанат ағамен менің әкемнің достығы,жолдастығы сонау Ақтөбеден бастау алғанын біреу білсе, біреу білмес. Ол әңгімеге арнайы тоқталамыз.

«Керуеннің жолы бір болғанымен, несібесі әртүрлі» деген қазақ. Бауырымызды тіпті мемлекеттің қорғауына алып, қамқорлық көрсетсе де артықтық етпейді, себебі мұндай феномен қазаққа енді қашан келетінін Құдай білсін!
Бүгінгі туған күнің құтты болсын, Димаш!
Алла жолыңды ашық қылсын бауырым!!!

Сурет: Instagram

Естеріңізге сала кетейік, 24 мамыр күні Димаш 26 жасқа толды. Отандық және шетелдік шоу-бизнес әртістері құттықтап, ізгі ниеттерін білдірді. Оның туған күніне орай Қытай  тұрғындары  кумирлерінің құрметіне  3 мыңға жуық ағаш отырғызып, оларды  «Димаш» деп атады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз