Нұр-Сұлтан
Қазір
-4
Ертең
-10
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Қазақстанда ТЖ режимі кезінде банкротқа ұшырағандардың айыппұлдарына мораторий жариялау керек — сарапшы

233
Мұрат Машкенов

LS ақпараттық порталы оңтүстік астананың еңбек инспекциясы 2020 жылғы 22 мамырда  еңбек заңнамасын бұзған 92 жағдайды анықтағанын хабарлады.  35 кәсіпорын қызметкерлерінің жалақысы бойынша қарыздарын төлеп үлгерді. Олардың бұлай жасамасқа амалы болмады. Айыппұл көлемі:

  • шағын бизнес үшін 60 АЕК (166 680 теңге),
  • орта бизнес үшін –  100 АЕК (277 800 теңге),
  • ірі бизнес үшін – 150 АЕК (416 700 теңге).

«Егер азаматтан әлеуметтік әл-ауқат басқармасына жұмыс тоқтаған кезде ең төменгі жалақы төленбеді деген  өтініш келіп түссе, бұл фактіні тексеріп, анықтағаннан кейін айыппұл салып, әкімшілік жаза қолдануға мәжбүр боламыз», –деп хабарлады қаланың әлеуметтік әл-ауқат басқармасының басшысы Рахат Шимашева.

Қазіргі уақытта биліктің қолындағы мәліметтер бойынша, банкрот болған кәсіпорындар қызметкерлерге 144 млн 438 теңге қарыз болған.

Ақша да бар, проблемада бар

Мемлекеттік комиссияның қорытынды отырысында төтенше жағдай режимі аяқталғаннан кейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ел экономикасын сауықтыру стратегиясын таныстырды. Алайда, мемлекеттің банкротқа ұшыраған бизнеске қолданатын жазалау шаралары Тоқаевтың жоспарларына қайшы келеді. Мемлекетте аяғына әрең тұрғандарды айыппұл санкцияларымен ары қарай құлататын болса, одан қандай әлеуметтік қолдауды көруге болады? Қазақстан еңбек конфедерациясының Бас хатшысы Мұрат Машкенов 365info медиапорталасына экономикаға қандай шаралар тез арада көмек көрсететінін айтты.

— Мұрат Рахматуллович, билік біреуді қорғаймын деп, басқалардың қолындағы нанын тартып алуы дұрыс па? Нәтижесінде біз көптеген кәсіпорынның жабылуына және жұмыссыздықтың өсуіне куә боламыз ғой?

— Өте заңды сұрақ. Мұндай проблемаға Алматы мен басқа да өңірлердің жұмыс істеп тұрған көлік және коммуналдық кәсіпорындары да тап болды.

Шындығында Еңбек кодексінің 112 бабы бойынша, кәсіпорын қызметкердің кінәсінен тоқтап қалмаса, оған ең төменгі жалақы төленуі керек. Бірақ қазіргі бағалар мен өмір сүрудің қымбаттығын ескерсек, бүтін бір отбасы 42 500 теңгеге бір ай бойы күнелтуі — бұл қияли әңгіме.

Сондықтан коммуналдық шаруашылық кәсіпорындары мен тасымалдаушыларға келіссөздер үстеліне отыруға кеңес бердік. Егер коммуналдық қызметкерлер пандемия жағдайында азырақ зардап шексе, карантин кезінде  тасымалдаушылардың табыстары күрт төмендеді.

Бірақ кәсіподақтың арқасында қызметкерлер мен жұмыс берушілер ұжымдық шартқа жаңа келісім енгізу туралы келісті. Бұл амалсыз бос қалу кезеңінде еңбек ақы төлеуді көздейді

Бірақ, қайталаймын, бұл өз қызметін толық тоқтатпаған кәсіпорындарға қатысты. Жұмыс берушінің саясатына Ұжымдық шарт арқылы әсер ету механизмі бар кәсіпорындар орындауға міндетті.

Осылайша, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және көлік саласында еңбекақы төлеу мәселесін шешу мүмкін болды.

Айыппұлдарға мораторий жариялау

— Қалғандарына не болады?

Конфедерация Еңбек кодексіне, атап айтқанда, 112-ші бапқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша ұсыныстар дайындады.  Себебі, төтенше жағдай кезіндегі төлем, еңбек шарты мен нормалары жазылмаған. Қазақстанда пандемия болған жоқ.

Табиғи катаклизмдер, жер сілкінісі мен су тасқыны жағдайына арналған  нақты нормалар қажет

Мен республикалық үшжақты комиссияның мүшесі ретінде Үкіметке және еңбек министрлігіне біздің ұсыныстарымызды міндетті түрде енгіземін. Шешімді әдетте депутаттар қабылдайтындай, жарты жылдан кейін емес, еңбек заңнамасына қатысты деп қабылдау керек.

Егер Қазақстан өзін әлеуметтік бағдарланған мемлекет деп жарияласа, көрші елдер секілді  банкрот кәсіпорындарға көмек көрсету шараларын қабылдау қажет. Әрине, кейбір бизнес басшылары да проблема туғызады. Олар өз менталитетіне қарай немесе билік алдындағы қорқыныш сезімдерінің салдарынан мәселені ашып айтпайды. Бұлай жасауға болмайды. Шын мәнінде, есік қақпаған адамға ол есіктің ашылуы екіталай.

— Яғни, үнсіз қалса айыппұл төлей ме?

Әрине олай емес. Карантин және кепілдіктен кейінгі мерзім кезінде шағын және орта бизнес қалпына келмейінше, айыппұл салуға мораторий енгізу қажет. Пандемияның болғанына бизнестің кінәсі жоқ.ТЖ және карантин кезіндегі іс-әрекеттер еңбек заңнамасында жазылмаған. Демек, айыппұл салу заңсыз.

Қазақстан бұрынғы өмірге оралғанда, барлық осы сәттерді талдап, талдау керек деп ойлаймын. Әйтпесе, мемлекет адамдарға 42 500 әлеуметтік көмек төлей отырып, орынсыз қызметі көрсетті. Айыппұлды төлемеу үшін жұмыс берушілер қызметкерлерін жұмыстан шығарады. Бұл әлеуметтік саясат емес.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз