23 және 24 мамырда Алматы тұрғындары мен қонақтары жаппай тауға шықты. Оқшауланудан кейінгі серуен далаға жағылған алауды, кальян мен шемішкені жақысы жақсы көретіндердің жорығы секілді болды. Ең бастысы олар дала гүлдерін жаппай, аяусыз жинады. Ал қалаға қайтар жолда солып қалған қажетсіз сарғалдақтар жерге тасталды.
Бұл демалыста қалалық билікке автобустар санын арттыруға не кедергі болғаны белгісіз
Автобустар адамдарға лық толы болды. Алайда бетперде киген бір де бір адамды көрмедік. Оны киген адамдар, тынысы тарылып, тез арада қайта шешіп жатты.
Медеуде топ-топ полиция қызметкерлері болды. Автобустан шыққан адамдар тобы мен жеке көліктерімен келгендер жан-жаққа тарап кетті. Біреу бөгетке көтерілсе, басқалары Горельник сарқырамасына, алайда басым көпшілігі Фурманов шыңына қарай бет алды.
Дауыс зорайтқыштар алып шыққан жастар бірнеше киллометр радиусында естілетін заманауи эстрада әндерін қосты.
Тау өзенінің шуылы, құстар дауысы және қалалық өмірде күнде бола бермейтін тыныштық оқшауланудың аяқталуына қуанған адамдардың дауысынан сезілмей қалды
Кейін барлығы бір сәт тынышталды. Тау басындағы пикник тым артық нәрсе. Қыздар шемішке шағып, ер адамдар темікі тарта бастады. От жағылып, тамақ пен мерекенің иісі сезілді. Романтиктер гүл жинауға кетті.
Тау басында алма ағаштары мен бөртегүлдер гүлдеп тұр. Ал одан сәл жоғарыда тау қызғалдақтары төгіліп тұр.
Тауға барғысы келгендерге
24 мамыр күні бірден екі рекорд жаңартылды. біріншісі Алматыда әлеуметтік оқшаулану талаптарын бұзылуына қатысты болса, екіншісі коронавирус жұқтырғандардың саны бойынша. Ресми мәліметтер бойынша, Қазақстанда өткен тәуліктер тағы 209 адамның вирус жұқтырғаны анықталды.