Нұр-Сұлтан
Қазір
-4
Ертең
-10
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Денсаулық сақтау министрлігінің жаңа ЖШС құруы жемқорлыққа себеп болуы мүмкін — Әшімбаев

135
Данияр Әшімбаев

Денсаулық сақтау министрлігінің өткен жылғы жоспарларына сәйкес таратылатын Ұлттық онкология және трансплантология ғылыми орталығының базасында Денсаулық сақтау саласында бірыңғай оператор құру туралы шешім қабылдады.

Жарғылық капиталында мемлекеттің 100% қатысуымен «Turar Healthcare» ЖШС бұзылатын 40 аурухананың орнына жаңа 16 аурухана құрлысына жауап беретін болады.

Тіпті мемлекеттік болса да, жаңа ЖШС-ның пайда болуы және оның құрылысына қатысты жоспарлар қоғам өкілдерін алаңдатып отыр. Қазіргі уақытта қаншалықты қажетті және бюджет қаражатын игеру бойынша жаңа күмәнді схемалар пайда болмай ма? Бұл туралы саясаттанушы Данияр Әшімбаев пікір білдірді.

Коммерциялық тәсіл

— Мемлекеттік органдардың ЖШС түріндегі белгісіз операторларға тармақталуы шенеуніктердің жауапкершіліктен жалтаруы секілді көрінбей ме?

—  Денсаулық сақтау процесін ұйымдастыру тұрғысынан болсын, халыққа қызмет көрсету сапасын арттыру жағынан болсын Денсаулық сақтау министрлігінің басқару шешімідерінің логикасын түсіну өте қиын. Тармақтардың ешбірінен алға жылжуды байқамадық.

Соған қарамастан, министрлік реформаларға бет алды. Менің ойымша, олар медицинаны коммерциаландыруға бағытталады

Жеке медицинаның еш кемшілігі жоқ, тіпті біреулерге оның қызметін пайдалану ыңғайлы. Тек денсаулық сақтау саласындағы басқарушы тұлғасында мемлекет барлық мәселеде коммерциялық тәсілді кеңейту жағына қарай қадам басуы онша пацдалы әрекет емес.

Бірнеше жыл бұрын бірқатар медициналық ҒЗИ мен ауруханалар жекешелендірілді. Бұл нысандарды сатып алғандар туралы ақпарат жоқ. Тек 5-10 жыл ішінде аурухана профилін сақтауға кепілдік беруі мені таңдандырады. Бұл мекемелер осы мерзім өткеннен кейін немен айналысатыны туралы ешжерде айтылмайды.

Қазір медициналық сақтандыруға назар аударуда. Алайда біз шетелдік тәжірибенің әртүрлі және жан-жақты екенін көріп отармыз. Ал

АҚШ-та көптеген жыл бойы медициналық сақтандырудың оңтайлы үлгісін анықтай алмай келеді

Сонымен қатар, америкалықтардың көбісі кез келген медициналық қызмет көрсетуден тыс қалған.

Медициналық сақтандыру қорған бола алмайды

— Біздің жүйені әлеуметке бағытталған, ал салымдары демократиялық, қызмет көрсету көлемі ауқымды деп есептейді емес пе?

—  Карантин кезінде жұмыссыздық бойынша жәрдемақы алуға өтінім берген 8 млн қазақстандық қарапайым мысал бола алады, адамдардың қаншалықты кедейленгендігінің жарқын дәлелі. Халықтың басым көпшілігіің тіпті емделуге ақша жоқ, олар азық-түлік шығынының өзін әрең көтереді.

Сондықтан, медсақтандыру бюджеті табысын жасырмай салық төлейтіндерге фискалдық жүктеме болары  анық

Бұл зейнетақы қоры сияқты. Жеке өзім медициналық сақтандыру жүйесін мақтайтын бірде-бір дәрігерді білмеймін. Барлығы оның көптеген кемшілігі туралы ғана айтады. Дегенмен, оны енгізу әлі де жалғасуда. Біз елімізде ештеңе босқа жасалмайтынын жақсы түсінеміз. Кез келген мемлекеттік бағдарламаның түпкі бенефициарлары бар. Қандай әлеуметтік дәлелдемемен алға жылжытса да, бәрібір біреу бірдеңе алады.

Бірнеше жыл бұрын Алматының бұрынғы санитарлық дәрігерінің  Молдағасимованың ағасы балалар стоматологиясын жекешелендірді

Бұл кездейсоқ жағдай ма деген сұраққа қарамастан, Молдағасимова ханым оның да басқалар секілді Қазақстан азаматы және қалаған нәрсесін сатып алуға құқылы екенін айтты.

Жаңа оператордың меншік нысанына келетін болсақ, дауға ұшырап, қалмыстық істерге қатысты болған «СК-Фармация» ЖШС-ға қарап, мұндай бастамалардың күмәнді болатынына көз жеткіздік. «СК-Фармациямен» қатар «Қазмедтех» АҚ  да болды.

Жерді қалай алады

— Медициналық жабдықтармен айналысқан мекеме ме?

— Иә. Кейін ол жекешелендірілді. Денсаулық сақтау министрлігінің 40 ескі аурухананы бұзып, 16 жаңа аурухана салу жөніндегі жаңа бастамасы да жайдан жай пайда болған жоқ. Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік тің ақыр соңы не болатынын біз жақсы білеміз. Бұл тендерлік процедураларды өтудің ыңғайлы мүмкіндігі.

Әрқашан қағаздағы талаптарға сай келетін жекеменшік стратегиялық серіктес пайда болуы мүмкін.

Үлкен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінен басқа,   «Бұзылатын ауруханалардың жер учаскелерімен не болады?», «Олардың барлығы қайда кетеді?» деген сұрақтар туындайды

40 ескі ауруханалардың орнына салынған жаңа ауруханалар қандай принциппен жұмыс істейтін болады?

Құрлысты жүргізген ұйымдар олардың операторы болады. Яғни ондағы емдеу шараларына «ЖемқорҚұрылыс» жауап беретін болады. Бұл денсаулық туралы анықтаманы алу үшін моншаға барумен бірдей.

Егер барлық болтологияны алып тастайтын болсақ, маған бұл түсініксіз құрылымның үш қана  мақсаты бардай көрінеді:

  • жер учаскелерін басып алу,
  • тендерсіз құрылыс мердігерлері,
  • денсаулық сақтауды коммерцияландыру.

Егер Қазақстанның денсаулық саласына қатысты 40 ескі аурухананы тез арада құлатса, олардың орнына тез арада жаңасын сала ала ма?

құлатылады тез, ал ауыстыруға атындағы салынады уақыт?

Реформаларға арналған реформа

— Бұл мәселелердің барлығы ескерілетін шығар. Халықты ауруханасыз қалдыратындай, денсаулық министрлігінде соншалықты жауапсыз адамдар отыр ма?

— Уақыт көрсетеді. Реформаларды жақсы кқретін ведомство карантинге дайын емес болып шықты.

Медициналық мекемелеге бетперде сатып алуға  үшін екі ай бұрын ақша бөлінген деген әңгімелер айтылып жүр. бірақ күні бүгінге дейін оларды сатып алу рәсімі жүйеге келтірілмеген

Қазір парламент қабылдаған денсаулық сақтау туралы кодекс белсенді түрде талқылануда. Барлық назар ағзаларды трансплантациялау мен вакцинациялаудың жанжалды тақырыптарына аударылды. Ақылды адамдар вакцинациялау қажеттілігін жақсы түсінеді. Бірақ бұл мәселеде көптеген сұрақтар туындады және ол негізсіз емес.

Денсаулық сақтау министрлігі мамандардың да, халықтың да сенімінен айырылды деуге болады

Бұл ведомство басшылығында тәжірибелі дәрігер мамандардар өте аз болуымен байланысты. Бірақ Корпоративтік басқару, Стратегиялық жоспарлау мемлекеттік сатып алу саласына қатысты мамандар өте көп. Бірақ адам бес дипломы бар деп экономистің қабылдауына бармайды ғой? Ал денсаулық сақтау министрлігіндегі жағдай осылай болып отыр.   Яғни, денсаулық сақтау реформаларын саланың нақты проблемаларынан алыс адамдар ойлап табады.

Саны да, сапасы да жоқ

— Егер денсаулық сақтау саласына қатысты барлық мәселелерді ЖШС шешетін болса, денсаулық сақтай министрлігінің не қажеті бар?

— Менің түсінуімше, ЖШС  мемлекет тарапынан серіктес болып, құрылысқа тапсырыс беріп отырады. Ол арқылы бюджет қаржыландыруы бөлінеді. Ал ол ЖШС түрінде ұйымдастырылғандықтан, министрліктің жауапкершілігі азаяды.

— Карантин кезінде жаңа модулді инфекциялық аурухананы тез арада салғанымызды ескере отырып, Бұл АҚ да 16 аурухананың құрылысын жылдам аяқтайды деп айтуға бола ма?

—  BI Group те, «Базис» те құрылыста үлкен тәжірибесі бар компаниялар. Мәселе жоспарланған мердігерлердің келісімшарттарды  тендерсіз алуында. Мен құрылыс мердігерлерін бөлетін ұлттық экономика министрлігінен барлығы қалай болады сұрар едім. Ал денсаулық сақтау министрлігі онда кімдердің жұмыс істейтін анықтап, жұмыс істеуі керек.

Шатырдан су ақпауы, корпустың ыңғайлылығының маңызды екені рас. Бірақ тәжірибелі және білікті дәрігерлердің ем жүргізуін ұйымдастыру одан да маңызды.

Бізде шартты мемлекеттік медициналық ЖОО-ның бітірушілерін аудандық дәріханалардың провизорлылығына да қызметке алмаған кездер болды

Егер соңғы техникалармен жабдықталған керемет медициналық орталықтарда  қарапайым операцияны жүргізе алатын адамдар болмаса біз қандай нәтидеге қол жеткіземіз? Қазақстанда мамандардың пара беріп жұмысқа орналасу проблемасы бұрыннан келе жатыр. Дәл қазіргі сәтте оның шешімін табатынына күмәнім бар.

— Бұл медицинаға бөлінетін қаржының аздығын білдіре ме?

— Аймақтық денсаулық сақтау басқармалары басшысының жемқорлыққа қатысты қылмыстық істері туралы оқиғалар мен ақшаның жетіспеушілігін байланыстыра алмаймын. Бірақ медициналық сақтандыру қорған бола алмайды.

Кімнің ақшасы жоқ болса, сол медицналық қызметтердің басым бөлігін қолдана аламайды

Қалғандары түрлі анықтамаларлды аламын деп кезекте тұрмас үшін, әлі де жеке клиникаларға баруын жалғастыруда. Мемлекеттік аураханаларда не болып жатқанын бюджет салсындағы қызметкерлер жақсы біледі.

Реформалар үшін қабылданған реформаның не қажеті бар, ақырғы нәтижесі өзгермейді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз