Нұр-Сұлтан
Қазір
-6
Ертең
-11
USD
499
+3.47
EUR
520
-0.93
RUB
4.85
-0.06

Газды тасымалдау тарифіне қатысты Ресейге қарсы қолданар тетігіміз жоқ — сарапшы

261
Әсет Наурызбаев, сурет: caravan.kz

ЕАЭО елдері көшбасшыларының бейнеконференция форматындағы кездесуі кезінде энергия тасығыштарға баға белгілеу мәселесі тағы да тығырыққа тірелді.

Беларусь Президенті мен Арменияның премьер-министрі Ресей басшысын ЕАЭО ортақ газ нарығында баға мен тариф белгілеудің бірыңғай тәсілдерін қолдану қағидатын бекітуге шақырды. Алайда, Владимир Путин әріптестеріне интеграцияның толық дамымауына байланысты бұл мүмкін емес деп жауап берді. Неліктен ЕАЭО-да осындай стратегиялық мәселелерде ережелерді саясатшылар белгілейді деген сұраққа қатысты экономист Әсет Наурызбаев пікір білдірді.

Сызба бар, бірақ ол біздің қолымызда емес

— Александр Лукашенко мен Никола Пашиняннің бірыңғай тариф туралы талаптарына қатысты не ойлайсыз? Бұл ЕАЭО туралы келісіммен сәйкес келе ме? Бұл үшін кім және не себепті төлем жасауы керек? Қазақстанның ұстанымы қандай?

— Еуроодақты мысалға келтірейін. Еуропада түрлі салық жүйелері, соның ішінде бюджеттері әртүрлі елдерде бұрыннан бері газ тасымалдаудың бірыңғай тарифі жұмыс істейді. Газ тасымалдау компаниялары ENTSO-G қоғамдастығында біріктірілген, онда төлемдерді алу схемасы туралы уағдаласады.

Қазір онда көптеген жерде тасымалдауға арналған квоталар коммерциялық негізде бөлінеді. Кім көп төлесе сол газды тасымалдайды

Ал оларды реттеуіштер қауымдастығын басқарады, яғни ACER ұлттықтан жоғары органы (Agency for the Cooperation of Energy Regulators). Сондықтан Владимир Путин қулыққа барып тұр. Ол Беларуське Түркмения, Өзбекстан және Қазақстаннан газ сатып алуына мүмкіндік бермейді. Яғни, дамымаған  интеграция туралы тезис тек ішкі ресейлік тарифтер бойынша газды қайта айдауға рұқсат еткісі келмегенін білдіреді.

— Яғни Еуропада ондай сызба бар, ал ЕАЭО-да жоқ болғаны ма?

— Иә, бізде жоқ. Және бұл мәселелерді президенттер үнемі көтеріп отырады. Өйткені ішкі ресейлік тарифтер ресейлік компанияларға бір жақты артықшылық береді. Беларусь пен Армения газды Ресейдегі бағамен салыстырғанда Түркіменстаннан  арзандау сатып алып,  тәуелділіктен арылғылары келеді.

Қазақстанда да қандай да бір көлемде сатуға болатын газ бар. Егер біз ішкі ресейлік тарифтерге қол жеткізсек, бәсекелестік болар еді

Ал қазір «Газпром» монополист және ресейлік тарифтерге ешкімді жібергісі келмейді.

Электр энергетикасына да қатысты осындай мәселе орын алды. Қазақстан, өкінішке орай, бұл бағытта өте белсенді емес. Кез келген дұрыс жұмыс істейтін және мүдделі Энергетика министрі қазақстандық компанияларға ресейлік тарифтерді қолжетімді қылу үшін бұрыннан бері күресер еді. Бірақ біздің министрлер бірінен соң бірі  жалқаулық позициясын ұстанып отыр.
Сондықтан қазір ресейлік компаниялар үшін Ресей тарифі тиімді, ал газ немесе электр энергиясын Ресей аумағы арқылы тасымалдау қымбатқа түседі.

Мәселе интеграцияда емес

— Яғни егер Белорусь арзан түрікмен газын сатып алса да, тасымалдау тарифі жоғары болғаннан бәрібір ресейлік газдан қымбат болар ма еді??

— Иә.

— Владимир Путин интеграцияның жеткілікті деңгейде дамымауын себеп етіп отыр. Бұл Одақтағы негізгі стратегиялық мәселелер бойынша  әр мемлекет өз-өзіне жауап береді дегенді білдіре ме?

— Бұл таза манипуляция. Еуропалық одақта бірыңғай бюджеттік ережелер жоқ. Дегенмен, еуропалық газ компаниялары тарифтер бойынша еш қиындықсыз бір келісімге келе алады. Голландияда арнайы голландиялық компаниялар немесе Францияда арнайы француздық компаниялар деген мәселе жоқ.

Нарық ережелерін монополияға қарсы комитеттер реттейді. Сондай-ақ нарық талаптары бойынша газ құбырының өткізу қабілеті коммерциялық жолмен сатылады. Бұл кез келген дамыған немесе дамымаған интеграцияға қатысты барлық мәселені жояды.

Жалпы, әңгіме интеграция туралы емес, нарық ойыншыларының тарифтерді төлету механикасына қатысты келісімге келу және осы механикамен ары қарай әрекет ету туралы болып отыр

Ешқандай келісім мен саясаттың қажеті жоқ еді.

— Яғни  ЕАЭО-да талаптарды бизнес емес, саясатты белгілей ме?

— Иә. Бірақ бизнес өткізу қабілеті бойынша сауданы қалай ұйымдастыру керектігі туралы келісімге келе алар еді.  Механизмдер бар және оларды Еуропа ертеде ойлап тапқан болатын. Неліктен  дайын шешімдер алып, оларды біздің Одақта қолданбасқа? Жауап қарапайым — бұл мәселеге жан-жақты интеграция деген сылтаумен ерекше мән беріледі.

— Энергияны тасымалдаушыларға қатысты тығырыққа тірелген мәселені шешу үшін ендігі жерде қалай әрекет ету керек? 

— Бәрі бұрынғысынша болатынына сенімдімін. Ресей дамыған интеграция керек деп сылтауратыуын тоқтатқанға дейін солай болары анық.

Немесе Одақ мүшелері жағдайды өзгерте алатын тетік тапқанға дейін

Негізінде, егер қазақстандық келіссөз жүргізушілер белсендірек қимылдаса, қолда бар тетіктерімізді пайдалана алар едік. Біздің қолымызда ондай тетіктер бар. Алайда еліміз көп  векторлы ел бола тұра сол векторларға қарай қимылдай алмай тұрмыз.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз