Аурудың өзін ғана емес, оның экономикалық және әлеуметтік салаларға жасаған соққысын да тоқтату қажет.
Алайда сарапшылар бұл толқынға дайын боламыз деп сендіреді. Сондай-ақ оның салдарын барынша азайтуға болады дейді. Бұл туралы халықаралық қатынастар жөніндегі Қазақстандық кеңестің сарапшылары «COVID-19-бен күрестің қазақстандық стратегиясы: хронология, шаралар, нәтижелер» баяндамасында жазды.
Баяндама авторлары коронавирустың Қазақстанға қалай келгенін еске түсірді. Алғашқы оқиға 13 наурызда Германия мен Италиядан келген төрт азаматтан анықталды. 14 наурызда инфекцияны Польша мен Ресейден келген тағы екі адамнан тапты. Яғни, бастапқыда инфекцияның таралуы сыртқы сипатқа ие болды.
— 10 наурыз күні Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Жандарбек Бекшин
11-16 наурыз аралығында Қазақстанда коронавирустың пайда болуы мүмкін деген болжам жасады
Нәтижесінде болжам расталды, — деп жазды баяндамашылар.
15 наурызда Қасым-Жомарт Тоқаев елде 16 наурыздан 15 сәуірге дейін төтенше жағдай енгізілетіні туралы мәлімдеме жасады.
Казақстандықтар карантин режимінде қандай қиындықтарға тап болды? — сарапшы
19 наурызда Алматы мен Нұрсұлтан (44 адам) жұқтырғандар туралы ғана белгілі болды. Алайда, 20 наурыздан бастап инфекция барлық өңірлер бойынша біртіндеп тарала бастады.
Осы күні Қарағандыда екі адам анықталды, олар Беларусьтен ұшып келді. 21 наурызда Алматы облысының Қаскелең қаласында бір адамның вирус жұқтырғаны расталды. 22—24 наурыз аралығында — Ақтөбе, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан облыстарында және Шымкентте.
26 наурызда елордалық ауруханада Ақмола облысы Қосшы ауылының 64 жасар тұрғыны Райкүл Әкімжан көз жұмды.
Бұл Қазақстанда коронавирустың кесірінен болған алғашқы өлім еді
Инфекцияның таралуы ішкі сипатқа ауысты. 50 және одан жоғары жас аралығындағы адамдар ең сезімтал топқа енді. Олардың көпшілігінде созылмалы аурулар (диабет, бронхит, стенокардия және т.б.) болды. 24 сәуірде 1980 жылы туған әскери қызметшінің көз жұмуы күтпеген жағдай болды. Ол Ақтау қаласындағы нысандарды өңдеуде жинақталған дезинфекциялық топтың құрамында болды.
Инфекция еліміздің екі ірі мегаполисінде таралды. Шығыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарында ең төменгі көрсеткіш тіркелді.
Аурудың таралуына төмендегі жағдайлар ықпал етті:
— Елдегі жағдайдың қиындығына және құқық қорғау органдары тарапынан бірнеше рет ескерту жасалғанына қарамастан,
түрлі өңірлердегі қазақстандықтардың карантин режимін бұзғаны анықталды
ҚР ІІМ ақпаратына сәйкес, бұл үрдіс арта түсуде. Осылайша, егер 31 наурызда еліміз бойынша әкімшілік жауапкершілікке 1,8 мың тәртіп бұзушы тартылса (соның ішінде 500-іне айыппұл салынды, 400-ден астам адам әкімшілік қамауға алынды), 16 сәуірге қарай мұндайлардың саны 5 130 мыңға дейін артты, — деп атап өтті баяндама авторлары.
Пара берсең Алматыға кіре аласың. Мұндай карантиннің мәні неде?
Сондай-ақ қорғаныс құралдары мен антисептиктерді алып-старлар көбейіп кетті. Әлеуметтік желілерде жалған ақпарат таратқандар да пайда болды. Сауда және ойын-сайық үйлерінің заңсыз жұмыс істегені де анықталды.
Қабылданған шектеулер өмірдің түрлі салаларындағы бірқатар «сыни салдарларға» әкеп соқты. Ұлттық банк, экономика министрлігі және басқа да мемлекеттік құрылымдар мәліметтерінің негізінде зерттеушілер 2020 жылдың бірінші тоқсанында:
Сонымен қатар,
тек ресми мәліметтер бойынша, 24,6 мың жұмысшыны еңбекақысы сақталмайтын демалысқа жіберген
Жағдайды шетелдік бақылаушылар қадағалауда. Авторлардың айтуынша,
бірінші кезекте ДДҰ өңірлік өкілдері
—ДДҰ-ның Ресей Федерациясындағы өкілі Мелита Вуйновичтің пікірінше, дер кезінде қабылданған және оларды ұйымдастыру ұсыныстарына сәйкес келетін карантиндік шаралар және азаматтардың өзін-өзі оқшаулауының жоғары деңгейі Қазақстанға инфекцияның таралу қарқынының төмендеуіне жедел қол жеткізуге мүмкіндік берді. Сонымен қатар, ДДҰ-ның Қазақстандағы өкілі Кэролайн Кларинваль да бұл пікірді қолдады.
Еуропалық геосаяси талдау орталығының бас хатшысы Матеуш Пискорский (Польша)
кеңес заманынан бері сақталған сапалы денсаулық сақтау жүйесінің болуы да көмектесті деді
Ресей сарапшылары да осындай баға берді.
Вирустың таралуымен қатар, сарапшылар дағдарысқа қарсы құралдарға ерекше көңіл бөлді. Ресей сарапшысы Оганес Акопян Ұлттық банк теңгенің «күрт құбылуын» болдырмау бойынша бірқатар шаралар қолданғанын айтты.
Бірқатар отандық сарапшылар пандемиядан кейінгі кезеңдегі мүмкіндіктер мен перспективаларды оң бағалайды. Шаралар мен құралдар қазірдің өзінде сынан өтті және нәтижелері жаман емес.
Экономист Айдархан Құсайынов мемлекеттің азаматтар алдындағы жауапкершілігінің айтарлықтай өсуін оң үрдіске жатқызады. Оның пікірінше, қоғамның ТЖ мен карантиннен келген шығындары, науқастарды емдеуге жұмсалатын және басқа да ілеспе шығындарына қарағанда төмен.
Алайда, бұл шаралар мен жалпы биліктің жұмысын сынға алғандар бар. ҚР Ұлттық Банкінің бұрынғы төрағасы Григорий Марченконың пікірінше:
4 млн-нан астам азаматтың жұмыссыз қалуы экономикаға елеулі әсер етеді
Қысқа мерзімді перспективада Қазақстанның одан әрі дамуына қатысты да бір мәнді болжамдар жоқ. Дүниежүзілік банктің сарапшылары Нұр-Сұлтан мен Алматыда карантин режимінің ұзақ уақыт бойы енгізілуі (ІЖӨ-нің үштен бірінен астамы) елдің экономикалық қызметін «тежейді» деп есептейді. Бірақ коронавирус таралуын жалғастырса, ЖІӨ қысқаруы 3%-ға жетуі мүмкін. Сонымен қатар кедейлік деңгейі өседі.
— Елдің және әсіресе оның экономикасының одан әрі дамуы коронавирустық инфекцияның одан әрі таралу деңгейіне байланысты. Отандық эпидемиолог-ғалымдар 2020 жылдың күзінде екінші толқынды күтуде. Олардың болжамы бойынша, ол тұмау індетіне сәйкес келеді, — деп атап өтті авторлар.
Шетелдік мамандар да екінші толқынға қатысты осындай болжам жасауда.
Алайда, сарапшылар
Қазақстан пандемияның шарықтау шегінен өтті деп есептейді
— Қазақстан инфекцияның таралуына қарсы іс-қимыл және оның салдарын жою бойынша түрлі тәсілдер мен шараларды әзірлеп, салыстырмалы түрде табысты пайдаланды. Сондықтан, пандемияның екінші толқынының басталуына қоғам мен мемлекет жыл басына қарағанда барынша дайын болады деп күтілуде, — деп түйіндеді баяндамашылар.