Оқиға Ярославляның шеткі аймағында орналасқан ауданда болған.
Ер адамды оқиға болған жерде тұрған такси жүргізушісі құтқарып қалған. Ол көлігінің фарасын жағып, сигнал беріп, жануарды қорқытқан. Кейін зардап шегушіні ауруханаға апарады.
«№ 9 ауруханаға сан еті жарақатын алған ер адам келіп түсті. Ол өзіне аю шабуыл жасады деп мәлімдеді. Жарақатты тігіп, науқасты амбулаторлық ем қабылдауға жібердік», — деп аймақтық денсаулық сақтау депаратаментінің өкілдері ТАСС порталына хабарлады.