Жұлдызды жұп жалған ұтыс ойыны туралы айтты.
«Біздің суретімізді қойып қойып, атымыздан ұтыс ойынын ойнатып жатқандарға сенбеңіздер» деп қанша ескертсем де әлі қатысып жатыр екенсіздер. Біздің директорымыз ондай алаяқтармен енді заңмен, басқаша сөйлеседі», —деп жазды Жазира Байырбекова.
Айта кетейік, соңғы уақытта түрлі ұтыс ойындарын ұйымдастырушы аляқтар көбейіп кетті. Олар өздерінің лас ойындарына танымал әртістердің атын пайдаланудан ұялмайды да.
Жақын арада әнші Ернар Айдар осындай лотереядан зардап шеккен еді. Әнші жалға алған автокөліктер мен пәтерді ойнатқан ұйымдастырушылардың шын ниеті мен мақсатнан хабардар болмадым деп сендірді.