Нұр-Сұлтан
Қазір
-13
Ертең
-6
USD
516
+0.32
EUR
536
-0.13
RUB
5.18
0.00

Қазақстанда «Отбасы банк» құрылады

410

Бұл туралы төтенше жағдайды қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік комиссия отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті.

«Біздің азаматтарымыздың тұрғын үй жағдайын жақсарту жұмыстарын ары қарай жалғастыру маңызды. Бұл үкіметтің стратегиялық жұмыстарының бірі. Бұл үшін институциональдық құрылымды жаңғырту керек , —

деген Мемлекет басшысының сөзіне Ақорданың баспасөз қызметі сілтейді.

Үкімет жыл соңына дейін «Тұрғын үй жинақ банкі» негізінде тұрғын үйді бөліп беріп отыру, есеп жүргізу жұмыстарын орталықтандыратын толыққанды даму және қолдау институтын – «Отбасы банк» құру керек.

Бұл саланы жүйелі түрде өзгерту жұмысы күтіп тұр. Осылайша азаматтар өзінің зейнетақысының бір бөлігін тұрғын үй жағдайын жақсартуға бағыттай алады.

Мен бұрын мұндай тапсырма бергенмін. Бірақ ТЖ режиміне байланысты бұл жұмысты талқылау созылып кетті. Шешім қабылдайтын уақыт жетті. Үкімет 1 шілдеге дейін өз амал-әдістерін айқындауы керек».

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз