Ресейлік Вирусология ҒЗИ жаз басталғанда үйлерінде отырғаннан шаршаған адамдар жаппай көшеге шыға бастайды, бұл ауру жұқтыру санының күрт көбеюіне әкеледі деп есептейді.
Оның айтуынша, күн ысыған уақытта үйде отырудан жалыққан адамдар көшеге көбірек шығуға тырсады, бұл ауру жұқтырғандардың күрт көбеюіне алып келуі мүмкін.
— Бұл эпидемиологиялық көзқарас тұрғысынан түсінікті жағдай. Өкінішке орай, бәрі солай болады, — деп атап өтті профессор.
Алайда, медицина ғылымдарының докторы Анатолий Альтштейн бұған қарсы пікір білдірді. Ол жоғары температурада коронавирустың таралуы бәсеңдеуі керек дейді.
— Жақсы ауа-райы мен жаз вирусқа қарсы тұратын факторлар. Бұл жылу мен күн сәулесі біздің ішіміздегі вирусты жояды деген сөз емес. Жазда адамдардың иммунитеті мықтырақ болады, қыстағыдай бір ғимаратта қамалып отырмай, серуендеп, арақашықтықты сақтай алады. Біздің ойымызша, жазда эпидемия бәсеңдеуі керек, — деп түсіндірді Альтштейн.
Роспотребнадзор ыстық ауа-райы мен күн сәулесі SARS-CoV-2 вирусының белсенділігін төмендетеді деп мәлімдеді.
«Жаңа SARS-CoV-2 коронавирусы 30℃ және одан жоғары температурада өзінің инфекциялық белсенділігін жоғалтады», — деп атап өтіп, вирус 70℃ температурада жойылатынын айтты.