Нұр-Сұлтан
Қазір
-4
Ертең
-10
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Өзбекстандағы дамбаны жемқорлық «жарды» — БАҚ-қа шолу

978

1 мамыр күні таңертең Сардоба су қоймасы жарылды. Жергілікті тұрғындардың үйлерін су басып, егістік алқаптарын шайып кетті. 70 мыңға жуық адамды көшіруге тура келді.

Сардоба су қоймасы – бұл Өзбекстандағы алғашқы ірі су объектісі. Ол Шавкат Мирзиеевтің премьер-министр болып тұрған кезіндегі бастамасымен салына бастады. Жұмыс президент болған кезде аяқталды. «Озодлик» порталы Өзбекстан Су шаруашылығы министрлігінің Су қоймаларындағы жағдайды мониторингілеу басқармасының басшысы Шарифжон Кучкаров апаттың болжамды себептерін атады. Кенеттен пайда болған «дауылды жел» дамбаның төменгі бөлігін бұзуы мүмкін.

– Дауылды желден кейін күшті толқын пайда болды. Бөгеттің ең биік нүктесі – 32 , ең төменгі нүктесі – 28 метрге дейін жетті. Толқынның әсерінен бөгеттің төменгі бөлігі қирап, шайылды. Біз соңғы 2-3 күнде байқалған қатты жел дамбаның қирауына әкелді деп болжап отырмыз. Соңғы 3-4 күн ішінде елімізде қатты жаңбыр жауып, дауыл жел көтерілді, барлық су қоймасы 24 сағат бойы бақылауда болды, – деді министрлік өкілі.

Кімді кінәлі деп таниды?

Алайда, құрылыс және су қоймалары саласындағы кейбір сарапшылар

қайғылы оқиғаның себебі сыбайлас жемқорлық, монополия және ұрлық болуы мүмкін дейді

Олардың көбі мұндай жағдайдың болатынын алдын ала болжағанын айтты.

– Егер объектілерді салу кезінде ұрлық жасалмаса, оларды смета бойынша салса, бірінші жел көтерілгеннен-ақ ешқандай бөгет құламайды. Мұндай нысандарды барлық ережені сақтап салған адамдар тез байи алмайды. Су қоймасы құрылысының көлемі өте үлкен, құны 25 млн доллар болатын жоба. Құрылыс компаниясы осы қаражаттың 20-30%-ына ие болмаса, ол айдалаға осы құрылысты салу үшін ешқашан бармас еді, – дейді олардың бірі.

Ол ұрлық схемасын сипаттады:

– Мысалы, мен 1000 текше метр сатып алу үшін қиыршық тас өндіретін зауытпен келісімшарт жасасатын құрылысшымын. Қағазда  бір сома көрсетіледі – 10 мың доллар, бірақ іс жүзінде мен  500 текше метр қиыршық тас  сатып алып, зауыттың шотына 10 мың доллар аударамын. Алайда зауыт маған осы соманың жартысын қолма-қол қайтарады. Бүгінде  көп қабатты үй, метро станциясы немесе су қоймасы болсын, барлығында осы схема  жұмыс істейді — деп есептейді сарапшы.

Құрылыс қатысушыларының бірі оның сөзін растады.

Құрылыс саласына тікелей қатысы бар шенеуніктер мен мамандар,

республикада ірі объектілерді салу бойынша тендерлер «көзбояушылық» үшін өткізіледі

Көбінесе тендерсіз таңдалған компаниялар құрылыс жұмыстарын жүргізеді.

Сонымен қатар, барлығын апаттық жағдайға жатқызып, кінәлілер жазадан құтылып кетеді деген пікірлер айтылып жүр. Дегенмен, Шарифжон Кучкаров осындай пессимистік болжамдарға ешқандай негіз жоқ деп мәлімдеді.

– Бұлай айтуға ешқандай негіз жоқ. Үкімет комиссиясы ТЖ-ның барлық себептерін міндетті түрде зерттеп, өзінің әділ қорытындысын жасайды, – деп сендірді шенеунік.

Жұмыссыздарға көмек көрсетілді ме?

Жұмысынан айырылғандар (немесе ақысыз еңбек демалысына жіберілгендер) тіпті тамаққа ақша таппай отырмыз деп шағымдануда. Алайда, билік жұмыссыздарды уақытша жұмыспен қамтамасыз етіп, материалдық көмек көрсететінін айтады.

Жақында Өзбекстанның экономикалық даму және кедейлікті қысқарту министрлігінің өкілі үкімет коронавирус инфекциясының таралуына байланысты карантиннен жұмыстан босаған азаматтарды толық бақылауға алғанын мәлімдеді. Атап айтқанда, дағдарысқа қарсы қор 200 млрд сум бөлді, олардың негізгі бөлігі жұмыссыздардың проблемаларын шешуге жұмсалады.

Орталық Азиядағы коронавирус: көршілеріміз қалай күресуде?

— Сәуір айында ғана 121 мыңнан астам азамат ақылы қоғамдық жұмыстарға тартылды. Бұдан басқа, үйлерінің жанында учаскелері бар адамдарға субсидия беріледі. Қазір Өзбекстанда жібек өсіру маусымы, сондықтан жұмыссыз әйелдер тұтты жібек құртының пілләсын күту жұмыстарына тартылады, — деп мәлімдеді қызметкер.

Алайда, бұл мемлекеттік қызметші неге екені белгісіз, аты-жөнін атамауды сұрады. Оның орнына Мәжбүрлеп орындау бюросының Ташкенттегі басқармасының қызметкерінің бірі

жұмыссыздарға көмек көрсету жөніндегі үкіметтік компания барлығын тағы да көзбояушылық үшін атқарады деп есептейді.

– Бір ғана мысал келтіремін. Егер мәжбүрлеп орындау Бюросының Ташкенттегі басқармасының Telegram-арнасына кірсеңіз, өз есебінен еңбек демалысына шаққан Мәжбүрлеп орындау бюросының қызметкерлерінің отбасына гуманитарлық көмек көрсетіп жатқан сәттері  түсірілген бірнеше фотосуреттерді көре аласыз. Олар халықты алдау үшін істеп отыр.

1-2 отбасыға ғана көмек көрсетіп,  барлық қызметкердің отбасына көмек  берлік деп мәлімдейді

Бұл суреттер тек есеп үшін жасалған. Мысалы, карантин кезінде менің әріптестерімнің ешқайсысы көмек алған жоқ, –дейді ол.

Мал мен азық-түлікті ұрлауда

Өзбекстанда карантин режимін енгізілгеннен бері тұрмыстық қақтығыстар, мал  мен азық-түлік ұрлығы саны артты. Жақында бұл туралы ІІМ министрі Пулат Бабаджанов екі бейнеселекторлық кеңесте айтты.

– Ұрлықтың басым бөлігі сәуір айында жасалған. Карантин кезінде ақшасыз қалған адамдар мал мен азық-түлікті ұрлай бастады. Мал ұрлығы көбінесе Қашқадария облысында болған, – деп түсіндірді жиналыстарға қатысқан ІІМ қызметкері.

Жалпы карантин кезінде қанша қылмыс жасалғаны белгісіз. Азаматтардың айтуынша,  милиция қызметкерлері көрсеткіштерді бұзбау үшін шағымдар  тіркелгісі келмейді.

Қылмысты жасыру проблемасы туралы отырыстардың бірінде айттылды.

– Министр, Ферған облысындағы қылмыстардың көбі ашылмағанын мәлімдеді. Бас прокуратура тексеру жүргізіп, соңғы екі жыл ішінде Ферған мен Қоқандада 900-ден астам қылмыс ашылмағанын анықтады. Нәтижесінде осы екі қаланың ІІББ басшыларына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Ал осы бассыздықтың басында тұрған Маматов қазірде Махалли және отбасын қолдау жөніндегі министрдің қызметін атқарады, –деді дереккөзі.

Карантин жағдайындағы қылмыстарды негізінен қадағалау қызметінің бақылауындағы адамдар жасайды. Үкіметтің шешімімен

жұмыстың болмауына байланысты колония-қоныста жазасын өтеп жүрген сотталғандар үй қамауына шығарылды

Қазіргі уақытта олардың барлығы дерлік жұмыссыз.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз