Қазақстан астық және ұн экспортын шектеді. Бұл көрші елдердегі осы өнімдердің бағасының өсуіне себеп болды.
— Наурыз айының соңында астық және ұн экспортына тыйым салынды. Кейіннен бизнестің пікірін ескере отырып, оны толық жаппай, квотаның көмегімен шектеу туралы шешім қабылданды. Сондай-ақ квоталардың тепе-тең түрде таратылатыны туралы белгілі болды. Қазақстанның Астық одағы экспорттаушылардың өтінініштерін жинап, белгілейтіні туралы шешім қабылданды. Нарық қатысушылары әзірлеген алгоритмнің негізінде Ауыл шаруашылығы министрлігі шешімін жариялайды. Барлығы ашық түрде өтеді, — деп атап өтті Асланов.
Оның айтуынша,
— Қазақстанның астық бойынша экспорттық әлеуеті бұрынғы жылдардағыдай аса жоғары емес
Бірақ бастапқыда енгізілген тыйым салу шаралары еліміздің негізгі импортерлерін алаңдатып қойды. Алайда, олардың позициясы да анық емес еді: олар алдымен соңына дейін ойластырылмаған саясат жүргізіп, астық қорымыз жеткілікті деп сендірді. Бірақ экспортты жабу туралы жаңалық пайда бола салысымен, барлығына астық керек екені белгілі болды.
Бұл еш себепсіз нарықты дүрліктіліп, наурыз айының соңында экспорт көлемінің артуына және бидай мен ұнның орта есеппен 15%-ға өсуіне себеп болды , — дейді Виктор Асланов.
Аслановтың пікірінше, Қазақстан астықты негізінен сатып алушылармен көбірек диалог жасау керек.
— Біріншіден, азық-түлік қауіпсіздігіне қатысты барлық мәселенің басып ашып алған жөн. Мәселен, кімге және қаншалықты астық қажет екенін біліп, кейін айтылған көлемнің негізінде қорытынды шығарған тиімдірек.
Қазірде Өзбекстандағы астық пен ұнның көлемі қаншалықты? Нарықта бұл мәліметтерді білу мүмкін емес
Нарықтың қатысушылары оқшауланған саясат жүргізеді. Орта Азиядағы бес мемлекеттің барлығы «шығыс базары» ойынын ойнап жүргендей. Бірақ әлем басқа заңдармен өмір сүреді. Ашық нарық тиімдірек және барлығына пайдалы, — дейді Асланов.