Нұр-Сұлтан
Қазір
-3
Ертең
-14
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Карантин жағдайында қашықтан оқытудан $10 трлн шығын келді

144
Sputnik / Виталий Аньков

Америкалық Brookings білім беру порталы осы сұраққа жауап іздеп көрді. Қорытындылары көңіл қуантпайды.

 

Сабақтар қажетті деңгейде өткізіліп жатқан жоқ

Сәуір айының ортасында ЮНЕСКО әлемнің 192 еліндегі мектептер мен университеттердің жабылғаны туралы хабарлады. Бұл «антивирустық» шара ғаламшардың барлық оқушыларының 90%-дан астамын қамтыды — 1,6 млрд бала, жасөспірімдер мен жастар. Мектептер қанша уақыт бойы жабылады, бұл студенттердің оқуына, әсіресе тұрмыстық жағдайы төмен оқушыларға қалай әсер ететінін айту қиын. Мұнда екі негізгі айнымалы бар: біріншісі COVID-19 ауырып жазылған адамдарды қайта жұқтыруы мүмкін бе; екіншісі тиімді вакцинаның пайда болуын қанша уақыт күтуміз керек.

Бірақ қазір білім алудың маңызды кезеңі жоғалғаны түсінікті және бұл шығынды өтеу екіталай. Білімдегі олқылықтар  балалардың болашағына әсер етуі мүмкін. Біріншіден, экономикалық пайда мен қосымша табыс табу мүмкіндігі тұрғысынан.

Тарихтан мысал келтіретін болсақ:

Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде оқу мүмкіндігінен айырылған адамдар оны аяқтағаннан кейін 40 жыл қиындыққа тап болды

Әрине, бұл тек жеке адамдарға зиянын тигізіп қоймайды. Білім беру дағдарысы бүгін қоғамның ертеңіне әсер ететіні анық.

Барлығы зиян шегеді

«Бұл нәтижелерді ұсына отырып, олардың деңгейін аналитикалық процестің шарықтау шегі емес, бастапқы нүктесі ретінде қарастырамыз. Келесі мәселелерді есердік: оқытудың сапасының әртүрлі болуы, қашықтықтан оқытудың тиімділігін қамтамасыз етудегі айырмашылықтар және т.б. Сондай-ақ кейбір балалар тап болатын жағдайдар, соның ішінде отбасына көмектесу үшін жұмыс істеу қажеттілігі. Біз ескермеген дүниелер бар шығар, бірақ олар пікірталас барысында көрінеді деп ойлаймыз. Қазірде біз жастарға қандай зиян келгеніне назар аударуға тырысамыз”, — деп атап өтті зерттеушілер.

Олардың есептеуі бойынша,

Жыл сайын алған білімі болашақта табатын табысының 10%-ына тең

Сәйкесінше,  оқу орындары жабық болған айларға қарай болашақ шығындар есептеледі.

Егер X елі мектептер мен университеттерді төрт айға жабатын болса, студент жылына өз табысының 2,5%-ын жоғалтады. Авторлар орташа 45 жылдық еңбек өтілі бар және орташа жылдық табысы 53,5 мың доллар болатын АҚШ-тың 76 млн студентін мысал ретінде келтіреді.

Сонда бір американдық студент жылына 1 337 доллар жоғалтады. Бір қарағанда шығын айтарлықтай көп емес болып көрінгенмен, бүкіл ел аумағында қарайтын болсақ оның нақты көлемін байқаймыз.

Осы үлгімен есептейтін болсақ,  АҚШ қашықтан білім беру процесі қолданылған төрт айда 2,5 трлн доллар жоғалтады, ал бұл ЖІӨ-нің 12,7%-ы

Жаһандық деңгейде қарайтын болсақ, жағдай мәз емес. АҚШ экономикасы әлемдік өндіріс көлемінің төрттен бірін құрайтынын да ескеру керек. Яғни, мектептерді жабудан және балаларға толыққанды білім бере алмағанымыздан, бүгінде әлем 10 трлн долларға дейін шығындалып отыр.

Дағдарыс алдыда

Зерттеушілер бұл алдын ала, қарапайым үлгімен жасалған деректер екенін айтады. Алайда, ешнәрсенің өздігінен шешілмейтінін, ал балалар мен жастарға ұзақ уақыт бойы әсер ететінін айтады. Сонымен қатар, тағы үш маңызды мәселе бар.

  • Бай және кедей елдердегі жастардың болашағына бұл шығын қалай әсер етеді, қандай ерекшеліктер болады?
  • Түрлі елдер мен әртүрлі топтағы балаларға, жастарға білім алудың қолжетімсіздігі немесе қажетті деңгейді білім бере алмаудың экономикалық әсері қандай болады?
  • Білім алу барысында жастарға келген зиян мен халықтың әлеуметтік топтарының шеккен зияны қалай салыстырылады?

Мақала авторлары ел үкіметтерін падемия жағдайында білім беру саласына асығыс тәжірибелер жасамауға шақырады. Қазірге дейін жинақталған экономикалық шығын саяси шешімдерді аса ұқыптылықпен қабылдау қажеттігін көрсетіп отыр.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз