ҚМГ ұлттық компаниясының директорлар кеңесі орталық аппараттың құрылымын өзгерту туралы шешім қабылдады.
— Ұжымдық орталықтың құрылымы шағын болып, бизнестің шығынын мейілінше азайтып, дағдарыстың салдарын еңсеру үшін тез арада жауап қатып, тиімді шешімдер қабылдай білуі керек. Дағдарысқа қарсы стратегияны жүзеге асыруға баса назар аудару мақсатында көптеген қызметтен бас тартамыз және еншілес компаниялармен өзара әрекет алгоритмін қайта қарастырамыз, – деп осы шешімге қатысты ҚМГ басқармасының басшысы Алик Айдарбеков пікір білдірді.