Әнші тікелей эфирде ұтыс ойынын өткізіп жатқан жерінен ұсталды.
Ведомстваның баспасөз қызметінің мәліметтері бойынша, ұсталғандар әлеуметтік желілерде жалған лотерея өткізіп, төрт автокөлік (екі седан мен екі джип), Алматыдағы бір пәтерді және тұрмыстық техника ойнатқан.
«Шын мәнісінде лотерея ұйымдастырушыларды мұндай сыйлықтар болмаған. Көзбояушылық және қатысушыларды сендіру үшін олар жеке адамдардан төрт автокөлікті жалға алаған. Интернет кеңістікте жарнама жасау арқылы құны 9 900 теңге болатын 20 мың билет ойнатқан. Кездейсоқ нөмерлерді анықтайтын қосымшаға алдын ала жеңімпаз билеттердің нөмерлері енгізіліп қойған», — делінген хабарламада.
Қазіргі таңда ұсталғандарға қатысты «Алдын ала келісім бойынша жасалған топтық алаяқтық» 190 қылмыстық баппен сот алды тергеу ісі басталды.
Бұған дейін Ернар Айдар мен тағы 12 адамның тікелей эфирде ұтыс ойынын өткізіп жатқан жерінен ұсталғаны белгілі болған еді. Полиция қызметкерлері оларды елдегі төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартқан болатын.