Нұр-Сұлтан
Қазір
-4
Ертең
-5
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

COVID-19: вирусты емдейтін дәрілер мен вакцина қашан шығарылады?

205
Сурет: vedomosti.ru

Пандемия тараған жағдайда өмір сүрудің кілті өкіметтің емес, Big Farma компаниясының қолында болады. Соларда ғана тестілер мен вакциналарды әзірлеп, өндіруге, емдеу әдістерін құруға  қажетті барлық ресурс бар. Сондықтан әлемнің қалыпты өмірге оралуы осы компанияға байланысты. Соңғы отыз жылда әлемнің, қоғамның игілігіне жұмыс істейтін сала болудың орнына,

фармацевтика саласы акционерлердің пайдасын арттыруға арналған машина секілді беделге ие болып келді

Сондықтан да көптеген жанжал тудындады.

Олардың емделушіге келтіретін зиянына қарамастан өнімдерді (мәселен, опиодтар) алға жылжытуы соның бір дәлелі. Сондай-ақ Мартин Шкрелдің үстінен жүргізілген сот ісін да келтіруге болады. Оның компаниясы сирек кездесетін аурулардың дәрілерін өндіру құқығын сатып алып, бағасын 500-600 есеге арттырған. Тағы осы секілді көптеген мысал келтіруге болады.

Коронавирустың келуімен жағдай өзгере бастады.

Пайдадан бас тартып отыр ма?

Fortune журналының шолушысы Алан Мюррей өзінің блогында солай деді.

«Мен фармкомпаниялардың бірнеше басшыларымен сөйлескенмін. Әңгімеміз коронавирус вакцинасы туралы болды. Біздің пікірталастағы үш нәрсені атап  айта аламын.

  • Барлығы да ынтымақтасып жұмыс атқарып жатқанын айтуда. Олар бәсекелестікті тоқтатып және вакцина жасау мәселесі бойынша бірлесіп жұмыс істеуде. Бурланың (ірі фармокомпаниялардың бірінің басшысы) айтуынша, «біздің саладағы бәсекелестіктің, әсіресе қазіргідей жағдайда бәсекелестіктің ауру екенін түсіндік».
  • Бұған дейін фармкомпаниялардың ғылыми ізденістерінің 90% қысқа мерзімді коммерциялық өнімдерді әзірлеуге бағытталған. Басшылар қазір мұндай жобалар тоқтатылды және оларды қайта бастауы екіталай дейді. 2019 жылдың соңында фармацевтикалық саланың көшбасшылары «Дөңгелек үстел» мәлімдемесіне қол қойды. Атап айтсам, онда компаниялар болашақта тек акционерлердің мүддесінен тыс жұмыс атқаруға ниеттеніп отыр. «Пациенттер мен қоғам үшін құндылық қалыптастырмасақ,  біздің бизнес-моделіміз тұрақты болмайтыны түсіндік».
  • Ақыр соңында зияткерлік еңбек нарығы жандана бастады.  Ғылым саласында көптеген бос орын пайда болды, себебі компаниялар зертханаларды кеңейтеді.

Вакцина әзірлеуге келетін болсақ, олар бар күшін салып жатыр. Олар: «Егер бәрі жоспарлағандай болса,

вакцина 6 айдан кейін пайда болады. Біз жылдың соңында миллион доза, ал келесі жылдың соңында жүздеген миллион аламыз деп үміттенеміз» деді.

Дәрі-дәрмек қашан пайда болады?

Бұл қиын болып отыр. Бүгінде 75-тен астам препараттар әзірлену үстінде. Басқа ауруларды емдеуге арналған тағы осындай көлемдегі дәрілердің коронавирусқа әсері тектсерілуде.

Дегенмен

тиімді дәрі туралы айтуға әлі ерте. Жүргізілген сынақтардың объективті нәтижелері бірнеше айдан кейін пайда болады

Бірақ вакцинадан бұрын шығарылады деп үміттеніп отырмыз.

Бұл дәрігерлер қазірдің өзінде бар препараттарды тестілеуде және олар пайдаланут қауіпсіз екендігі белгілі. Ал вакциналарды зерттеушілер нөлден бастайды.

Коронавирус негізіндегі кейбір мүлдем жаңа тәжірибелік препараттар зертханаларда сынақтан өткізілуде. Бірақ адамдарға сынақ жүргізуге әлі дайын емес.

Емдеу жолын табу  үшін не істеп жатыр?

  • Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) емдеудің неғұрлым перспективалы әдістерін бағалауға бағытталған Ынтымақтастықты сынауды бастады. ДДҰ емдеу әдістері мен препараттардың әсері туралы бүкіл әлемнен келіп түскен ақпаратты жинап, талдайды.
  • Ұлыбритания оның «Қалпына келтіру» атты  зерттеуі әлемдегі ең ірі зерттеу деп мәлімдеді, оған 5 мыңнан астам пациент қатысты. Бұл жерде короновируспен ауыратын науқастарға емдеу хаттамаларында бекітілген  дәрі-дәрмектермен бірге,  1-ден 3-ке дейін әлеуетті пайдалы препараттарды қабылдауды ұсынылды.
  • Бүкіл әлем бойынша көптеген зерттеу орталықтары ем ретінде емделіп шыққан адамның қанын пайдалануға тырысуда. Идея науқастың қанын коронавирусқа қарсы тұра алатын антиденелермен қанықтыруға құрылған.

Қандай дәрілер қазірдің өзінде көмектесуі мүмкін?

Емдеуде қолданылатын ең көп таралған үш тәсіл бар. Бірақ әлі де зерттеу жүргізілуде.

  • Коронавирустың ағзада ары қарай тарау қабілетіне тікелей әсер ететін вирусқа қарсы препараттар.
  • Иммундық жүйені тыныштандыра алатын препараттар. Пациенттер вирус олардың «иммундық» жүйесіне шамадан тыс әсеріп, ағзаға жанама зиян келтіре бастаған кезде ауырады.
  • Вирусқа шабуыл жасай алатын, емделіп шаққан адамдардан алынған немесе зертханада шығарылған антиденелер.

Қандай дәрі жақсырақ әсер етеді?

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының докторы Брюс Эйлвард ремдесивир Қытайда  қандай да тиімді нәтиже көрсеткен жалғыз препарат екенін айтты.

Бастапқыда вирусқа қарсы препарат Эбола безгегін емдеу үшін әзірленген. Содан бері ол басқа да өлім-жітім көрсеткіші жоғары вирустарды емдеуде (Таяу Шығыстағы респираторлық синдром және ауыр жіті респираторлық синдром) тиімді екені дәлелденді. Бұл оның Covid-19-ға қарсы тиімді нәтиже көрсетеді деп үміттенуге мүмкіндік береді.

АИТВ-ны (ВИЧ) емдеуде қолданылатын дәрілер көметесе ме?

Бұған қатысты талқылаулар көп болды, бірақ АИТВ-ны емдеуге қолданылатын — лопинавир мен ритонавир препараттарының коронавирусты емдеудегі тиімділігіне қатысты дәлелдер аз болды. Басқа дәрілермен бірге қолданғанда, нәтиже берген жағдайлар кездеседі. Бірақ адамдарға жасалған сынақтар тиімділігін дәлелдемеді.

Препараттарды қолданған адамдардың денсаулығы жақсармады, өлім-жітімді және Covid-19 бар емделушілердегі вирустың деңгейін төмендетпеді. Алайда, зерттеу ауруы асқынған пациенттерге жүргізілгендіктен (шамамен төрттен бір бөлігі өлді), дәрілік препараттардың әсер етіп үлгермеуі де  болуы мүмкін.

Безгекті емдейтін дәрілер көмектесе ме?

Ынтымақтастық пен Қалпына келтіру сынақтарының бір бөлігінде безгекке қарсы препараттар қолданылады.

Хлорохин және оған ұқсас гидроксихлорохин вирусқа қарсы және иммуностимуляциялаушы қасиеттерге ие болуы мүмкін, бірақ әлі де олардың тиімділігіне қатысты дәлелдер аз.

Гидроксихлорохин сондай-ақ ревматоидты артрит емдеу үшін қолданылады, өйткені иммундық жүйені реттеуге көмектеседі.

Зертханалық тесттер коронавирусты тежейтіндігін көрсетті және кейбір дәрігерлер пациенттерге көмектескенін растайды.

Дегенмен, ДДҰ-ның қолында оның тиімділігін дәлелдейтін нақыт деректер жоқ.

Иммундық дәрі-дәрмектер көмектеспей ме?

Егер иммундық жүйе вирусқа шамадан тыс жауап берсе, бұл  ағзада қабынуды тудыруы мүмкін. Бұл инфекциямен күресу үшін иммундық жүйені біріктіруге пайдалы, бірақ ағзада тым көп жанама зақым келтіруі және өлімге әкелуі мүмкін.

ДДСҰ-ның Ынтымақтастығы шашыраған склерозды емдеу және қабынуды азайту үшін қолданылатын бета интерферонын зерттеу жүргізуде. Интерферондар —вирустың әсерінен ағза бөлетін химиялық заттардың тобы.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз