Нұр-Сұлтан
Қазір
-9
Ертең
-12
USD
499
+0.17
EUR
523
+3.12
RUB
4.81
-0.04

Казақстандықтар карантин режимінде қандай қиындықтарға тап болды? — сарапшы

321
Сурет: ekhokavkaza.com

Ұзақ уақыт бойы  жабық кеңістікте болу адамның бойында белгілі бір психологиялық қиындықтар туғызады. Әлеуметтанушы Есет Есенғараев  бұған дейін қоғамда белсенді болған адам өте күрделі жағдайға тап болады дейді.

Сарапшының пікірінше, пандемиядан туындаған дағдарыс біздің кемшіліктеріміз бен құндылықтарымызды көрсетті. Мәселен, біреулер қалтасының пайдасын ойлап, пайда табуға тырысса, басқалары еріктілердің қатарына өтіп, қайырымдылықпен айналысуда.

Дағдарыстан кейін күш-қуатымыз азаяды

— Есет Жемісбекұлы,  карантин мен падемияға байланысты қоғамымызда не болып жатыр? Адамдардың санасында қандай өзгерістер орын алды? 

— Коронавирус пандемиясы көптеген мемлекеттер үшін ауыр сынақ болды. Ол түрлі лигалар мен салмақтық санаттардағы елдердің әлсіз және күшті жақтарын анықтады. Тіпті

бірінші әлем елдері де пандемия алдында өте осал екені анықталды. Мәселен,  әлемнің көптеген елдеріне қарағанда Италия мен АҚШ-тың жағдайы әлдеқайда нашар

Дегенмен осы ақпаратқа сыни тұрғыдан қарауымыз керек. Сарапшылардың пікірінше, авторитарлық елдердегі деректерге міндетті түрде қосымша тексеру жүргізу керек.

Бірақ бұл індеттің әлеуметтік-экономикалық салдары да бар. Бұл жерде біз пандемиядан туындаған әлеуметтік-экономикалық проблемаларды шешу елдің даму деңгейіне, алдыңғы жылдары қалыптасқан беріктілік қорына сөзсіз тәуелді екенін көріп отырмыз.

Әртараптандырылған институттары мен қаржы қорлары бар неғұрлым дамыған елдер пандемия жойылғаннан кейін әлемде қалыптасқан жағдайға жақсы бейімделе алады деп болжауға болады

Жеңілдетілген әлеуметтік-мәдени құрылымы бар, тиісінше экономикасы тұрақсыз елдер өте әлсіз болады. Мұндай экономикасы әлсіз елдердегі жағдай  эпидемиядан кейінгі кезеңде шиеленісіп кетуі мүмкін.

Жылдар бойы келе жатқан дәстүр үзілді

— Біздің тарихымызда мұндай ауқымды карантин болған жоқ. Ұзақ уақыт бойы  жабық кеңістікте болу адамның бойында белгілі бір психологиялық қиындықтар туғызады. Ал бұған дейін қоғамда белсенді болған адам өте күрделі жағдайға тап болады

Олар жылдар бойы туыстарымен, достарымен және көршілерімен тығыз қарым-қатынас жасауға үйренген.

Қарым-қатынастың ғасырлық дәстүр үзіліп, бұрындары уақытының көп бөлігін отбасымен бірге өткізбеуге үйренбеген немесе  жалғыз қалмаған адамдар психологиялық ыңғайсыздыққа тап болады. Бұл жағдай сыртқа шығарылмай, депрессия түрінде өтуі мүмкін. Сонымен қатар, белсенді түрі де болады, мысалы, отбасылық жанжал туындап, көп жағдайда зорлық-зомбылық көрсетуге алып келеді.

Карантин кезіндегі психологиялық проблемалар адамдар күнделікті өмір сүру салтынан алыстап немесе еркін қимылдаудан шектелгеннен пайда болмайды. Оның себебі, көптеген адамның қаржылық жағдайының нашарлауы. Дегенмен, мемелекет жағдайды аз да болса реттеуге тырысқанымен, ол шығынның орнын толықтай толтырып, ертеңгі күнге сенімділік бере алмайды.

Бірақ

мемлекеттік органдарды қанша сынағанмен, шаралардың дер кезінде қолданылғанын мойындауымыз керек

Сондай-ақ билік кейбір заңнамалық актілерге түзетулер енгізіп, бизнесті жүргізу талаптарын жақсартты. Сондықтан біз мұндай шешімдердің орынды болғанын мойындауымзы керек.

— Азаматтарымыз өздерін қандай қырынан көрсетіп жатыр. біздің отандастарымызды тәртіпке бағынған немесе керісінше жауапкершілігі төмен деп айтуға бола ма?

— Біздің адамдар өздерінің тәртіпке қатаң  бағынатынын көрсетті, ал мемлекеттік органдар ұйымшылдықпен жұмыс істеу білді. Бұған дейін халқымыздың тәртіпке бағынушылығына және бірігіп жұмыс істеуіне сыни көзбен кқарап келсек те, олардың карантин кезіндегі жүріс-тұрыстары қателескенімізді дәлелдеді.

Көмектесуге ұмтылғандар да, пайда тапқысы келгендер де бар

— Негізгі бөлігі карантинді енгізуге және онымен байланысты талаптарға қатысты түсінікпен қарады. Мойындау керек, бұнда

кеңес кезеңіндегі біздің индустриялық дамуымыздың нәтижесі және соңғы жылдары біздің азаматтардың денсаулықтың маңыздылығын түсінуі де  рөл атқарды

— Бұрын болмаған, тіпті жаңа мінездер пайда болды ма?

— Атап айтарлықтай жаңа қасиеттер пайда болған жоқ деп ойлаймын. Бұрынннан бері біздің бойымызда бар қасиеттеріміз күшейе түсті. Мәселен, жақсы қасиеттер ретінде шағын және орта бизнес өкілдерінің арасында еріктілер мен қайырымдық жасаушылардың көбейгенін айтуға болады.

Ірі бизнеске келетін болсақ, олардың халыққа қолдау білдірудегі үлесі тіптен аз болды

Сондай-ақ, ақшаның нақты қажет етіп отырған адамдардың қолына жеткізу үшін не істеу керектігі де түсініксіз.

Дағдарыс жағдайында отырып,  біздің адамдарымыздың қиын кезде алып-сатарлыққа дайын екенін байқадық. Мәселен, бетпердемен, дәрі-дәрмектер мен азық-түліктің кейбір түріне қатысты осындай жағдайды байқадық.

Көптеген бизнесмендер бірінші қажеттіліктегі және дефицит тауарлардың  бағасын шарықтатып жіберді,

Яғни карантин кезінде халқымыздың бойынан жақсы да жағымсыз да мінез-құлықтарды байқадық.

Өзгерістер экономикаға тәуелді емес

— Көптеген адамдар панедимиядан кейін қоғам өзгереді дейді? Бұл нақты неге қатысты?

— Пандемия қазірдің өзінде үлкен өзгерістер алып келді, соның ішінде жаһандық экономикалық дағдарыс ең үлкені болып отыр. Көптеген мамандардың пікірі бойынша оның салдары Ұлы тоқыраудан да нашар болуы мүмкін. Алайда бірнеше жылдан, тіпті екі-үш жылдан кейін жағдай оңалады. Сәл ертерек, сәл кейінірек те болуы мүмкін. Алайда

әлемнің түбегейлі өзгеруі немесе өзгермеуі экономикаға байланысты емес

Әлемнің өзгерісі (соның ішінде біздің мемлекетіміздің) ең алдымен,

біздің құндылықтарымызды қаншалықты түсініп, бағалай алғанымызға және барлығын қандай қорытынды шығарғанымызға байланысты

Егер ешкім өз ішінен ешқандай қорытынды шығармаса, ары қарай да бұрынғы көзқараспен өмір сүре береміз. Мүмкін болар-болмас өзгерістер байқалар.

Дағдарыс өз алдына адамдарды немесе қоғамдық жүйені өзгерте алмайды. Ол өзгерістерге себепші болуы мүмкін. Бірақ жеке адамдар мен ел деңгейінде де қарайтын бтолсақ, дағларыстан кейін олар өздерінің қалыпты өмірлеріне қайта оралады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз