Пандемиямен жалғыз күресіп, жеңе алмаймыз. Қазақстан Орталық Азиядағы көршілерімен және Ресеймен ынтымақтастық орнатуда. 2020 жылдың басында Қытайдың берген көмегі өз нәтижесін берді.
— Коронавирус көптеген елдің басқалармен бірігіп қарсы күресуге дайын емесін көрсетті. Мәселен,
АҚШ-тың Германия үкіметі тапсырыс берген (бұған дейін Франция үкіметі тапсырыс берген) медициналық бетперделерге тосқауыл жасап, өздеріне тартып алуы ұжымдық өзара әрекеттесіп жұмыс істеу қағидаларының бұзылғанын көрсетіп отыр
Нәтижесінде біз тек экономикалық дағдарыстың ғана емес, саяси дағдарыстың да куәсі болып отырмыз.
Сондықтан Қазақстан басқа елдермен ынтымақтасуы керек. Аймақтық серіктестік аясында ғана емес, ЕАЭО, ТМД, ШЫҰ секілді аймақтық ұйымдардың ішінде де бірлесіп жұмыс істеуі керек.
«Бір белбеу — бір жол» жобасының аясында Қытаймен ынтымақтастық орнату да коронавирусқа қарсы күреске көмектеседі
Қытай жақында Қазақстанға медициналық керек-жарақтары бар арнайы борт жіберді. Сонымен қатар, Нұр-Сұлтанға практикалық медициналық көмек көрсету үшін үш аптаға 15 қытайлық дәрігер келді.
ҚХР — коронавирус пандемиясымен күресуде үлкен тәжірибесі бар әлемдегі жалғыз ел. Қазақстан онымен ынтымақтаса отырып, дұрыс бағытта қадам жасайды. Бірақ
қаңтар-ақпан айларында Қытайда коронавирус күшейе түскенде Қазақстан оған практикалық көмек көрсетті
Си Цзиньпин бізге сол кезде көрсеткен көмегіміз үшін алғыс айтып, енді олар да Қазақстанға барынша көмектесетінін айтты, — дейді ол.
ОА елдері арасындағы ынтымақтастыққа келетін болсақ, Қазақстан Өзбекстанмен бірге жетекші орынға ие.
Мәселе Қырғызстан мен Тәжікстанға көмек көрсету туралы болып отыр, өйткені жақын арада пандемия осы елдерде қарқын алуы мүмкін. Өзбекстан жақында Қырғызстанға азық-түлік көмегін жіберді. Сонымен қатар, Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонмен кездесті. Нәтижесінде Тәжікстанға 5 мың тонна ұн жеткізу туралы келісім жасалды. Сондай-ақ, президенттер ҚР аумағындағы тәжік азаматтарының отанына оралуына қатысты да келісімге келді.
— Менің ойымша, жақын арада елдердің арасындағы аймақтық ынтымақтастық тек күшейе түседі
Бірақ біз оны ЕАЭО аясында да күшейтуіміз керек. Қазіргі жағдайда ОА көптеген елдеріне бұл өте тиімді, оны барлығы түсініп отыр. Өзбекстан да, Тәжікстан да осы моделді пайланатын болады, — деп атап өтті Сұлтанов.
Субаймақтық ынтымақтастыққа келетін болсақ, Қытаймен бірге, Қазақстан Ресеймен де ынтымақтастық орнатуы керек.
—22 наурызда Тоқаевпен болған әңгімеде Путин Ресей медициналық құрал-жабдықтар өндірісін арттыруына байланысты оны Қазақстанға да жеткізуді бастайтынын айтты.
Иә, Ресей әзірге пандемия шыңын еңсере алмады, бірақ олардың күресу тәсілі өз нәтижесін көрсетті, елдің ҚХР тәжірибесін тиімді пайдаланғанын да байқауға болады. АҚШ алдымен карантинді енгізу азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын бұзады және экономикаға теріс әсер етеді деп есептеп, Қытайдың тәжірибесін елемеді. Нәтижесінде
америкалықтар инфекция ошақтарын жоятын мүмкіндіктерін жіберіп алды
Бірақ, қазір олар коронавирусқа қарсы күресте карантин режимін енгізуден басқа тиімді әдісі жоқ деген қорытындыға келді. Бұл ауру жұқтырғандар мен дені сау адамдардың арасына қойылатын жалғыз кедергі, — деп қорытындылады Болат Сұлтанов.