Әнші дүниежүзіне танымал әртісті туған күнімен құттықтап, өздерінің алғашқы кездесуі туралы айтып берді
«Есімде, үш жылдан астам уақыт бiрге жұмыс істеп келе жатқан Қытайдағы «BG Talent» продюсерлік агенттігінің агенті бірде: Джеки Чан сені «I am singer» жобасында өнер көрсеткеніңді көріп сені кездесуге шақырды» – деді.
Кішкентай кезімнен осы керемет адамның фильмдерін жақсы көріп өстім, сондықтан қатты толқып кеттім, осыдан кейін де біз әр түрлі телебағдарламалар мен концерттерде кездесiп келемiз, бірақ мен әлі күнге дейін адамгершілігі мен қарапайымдылығына таң қаламын.
Менің ойымша, Майкл Джексон, Джеки Чан, Бочелли, Паваротти т.б жұлдыздар шын мәнінде әртіс өзін қалай ұстау керек екенін көрсеткен жұлдыздар. Джеки аға, сізді тағыда туған күніңізбен құттықтаймын!», — деп жазды Димаш өз парақшасында.