Нұр-Сұлтан
Қазір
-1
Ертең
-14
USD
496
-2.06
EUR
523
-2.87
RUB
4.94
-0.03

Білім министрлігі оқушыларға арналған 10 минуттық сабақтар туралы түсініктеме берді

288
Сурет: Daniel Jakulovic

Көптеген ата-ананы бұған дейін республикалық телеарналар бойынша анонсталған сабақтардың небәрі 10 минутқа созылатыны таңдандырды. Білім және ғылым министрлігі бұған қатысты түсініктеме берді.

“Педагогтар әдістемелік құралдарды алды және оқу форматын ұйымдастырауға қатысты біздің нұсқауларды біледі  —

дейді Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Қаринова. Оның сөзіне inform.kz сілтеме береді. —

Ең алдымен, оқушылар видеоны көреді. Бірақ бұл сабақ пен оқу материалы тек 10 минуттық роликтен тұрады дегенді білдірмейді.

Сабақты көргеннен кейін мұғалім оқушылармен жеке жұмыс істейді. Видеоға қосымша ретінде мұғалім  платформадағы қол жетімді сандық білім беру ресурсына сілтеме жасай алады.

Видео-сабақты көргеннен кейін оқулықтың параграфтары бойынша оқушының өз бетінше орындап, оқуына арналған тапсырмалар беріледі. Оқулықтың құрылымында да ең алдымен жаңа тақырыпқа қатысты материал беріледі, одан кейін сол тақырыпты бекітуге арналған тапсырмаларды (жаттығулар, есептер, тесттер және бақылау сұрақтары) орындайды. Педагогтар мұны жақсы біледі.

Оқушы мұғалімнен өткен материалды бекіту туралы ұсыныстар алады, яғни  мұғалім де,  оқушы да сабақ құрылымын біледі. Сабақ тек 10 минуттық видеодан тұрмайды, оның жалғасы бар.

Тапсырмалар берілгеннен кейін мұғалім оқушымен кері байланыс орнатады,  — ол оқушының тапсырманы қалай орындағанын, оны қаншалықты игергенін  қайда көмек қажет екенін анықтайды. Қашықтан оқыту форматмен оқу барысында біздің балаларымыз еңбектеніп, үлкен жұмыс атқаруы керек”.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз