Мемлекеттен берілетін 42,5 мың теңге бір рет тағайындалады, алайда төтенше жағдай режимінің барысында ай сайын төленеді.
— 42500 бір рет тағайындалады, бірақ кез келген әлеуметтік жәрдемақы секілді ай сайын төленеді, — деді шенеунік.
Оның айтуынша, жәрдемақы өтініш берген күннен бастап есептеледі.
Қазақстан аумағындағы төтенше жағдай режимі 15 наурызға дейін жалғасады. Алайда үкімет оны ары қарай ұзату туралы шешім қабылдауы мүмкін.