Әнші үйден шықпай отырудың қиын екенін айтты.
«Таңғы 8!!! Әлі ұйқтаған жоқпыз… Режим ауысты… Қазір жатсақ кешкі 5 те тұрамыз…Күнде солай🤦🏻♂️ Карантин басталғалы күн мен түн ауысып кетті…
Балалардың далаға шыққысы келеді. Тек олар ғана емес, біз де шаршап кеттік. Күні бойы сериал, фильмдер көріп, жаттығу жасау, ноутбук. Бұның бәрі маған қатысты. Жұлдыздың жағдайы қиынырақ: тамақ дайындайды, үй жинайды, балаларды жуындырады, бізді тамақтандырады, таудай үйілген ыдыс-аяқ, тігін тігу және т.б. Қыздарға қиындау. Шыдамдылық танытып, үйде отырыңыздар», — деп жазды Айқын.