Нұр-Сұлтан
Қазір
-7
Ертең
-12
USD
499
+3.47
EUR
520
-0.93
RUB
4.85
-0.06

Қырғызстандағы карантин: біз қолданбаған шараларды қолдануда

972
Сурет: 24kg

Қырғызстанның бірқатар аймақтарында төтенше жағдай 25 наурызда таңғы сағат 8-ден бастап әрекет ете бастады. Ол Бішкек, Ош және Жалал-Абад қалаларында, сондай-ақ, Жалал-Абад облысының Ош және Созақ ауданында да енгізілді. Қалалар мен аймақтардың тұрғындары көп жағдайда ең алдымен өздерінің жүріп-тұруын шектеуі керек.

Үйден тек аса қажеттілік жағдайда — азық-түлік дүкеніне, дәріханаға, медициналық мекемеге шығуға рұқсат етіледі

Итті серуендетуге немесе ата-аналарына азық-түлік апарып беру үшін де шығуға болады.

ТЖ аумағында

Бішкекте қоғамдық көлік қозғалысы толық тоқтатылды. Таксимен де діттеген жеріңізге бара алмайсыз,  қоңырау шалатын мобильді қосымшалар жұмыс істемейді. Дегенмен, бұл жеке кәсіпкерлерге тоқтау бола алмауда, олар азайды дегенмен, әлі де жұмыс істеп жатқандар баршылық. Жаяу серуенге қарағанда, жеке көлікпен жүруге болады – бұған қала ішінде шектеу жоқ.

Үйден шығардың алдында, жеке бағыт парағын толтыру керек

«Сіз А4 парағында өзіңіздің мекен-жайыңызды, телефоныңызды, жеке куәлік мәліметтерін және баратын дәріхананың немесе дүкеннің мекенжайын көрсетесіз. Сізді патрульдік милиционерлер тоқтатқан жағдайда, оларға бағыт парағын көрсетуіңіз керек», — деп нақтылады 24.kg ескерту.

Бішкекте ТЖ режимін енгізгелі бері адамдар мен машиналар азайған. Алайда, халықтың жиналуына жол бермеу мүмкін болмай тұр, мысалы, базалардағы сатушылар мен сатып алушылардың саны әлі де азайар емес.

Бірақ олар діни орындарға баруын тоқтатқан.

Православиелік храмдар қоғамдық  құлшылық етуді тоқтатты, бір мезгілде ғимараттың ішіне үш адамнан артық кіруге болмайды

Бішкек және Қырғызстан махалласы тұрғындар рухани құлшылықтан аластатылмайды, шіркеудегі сәкілер жұмыс істейді, ал

дін қызметшісін үйге шақыруға болады

«Дін қызметкерлері күшейтілген тәртіпке бағынады және кез келген уақытта пастырлық көмек пен қолдау көрсетуге дайын (діни қызметкерлер пандемияға байланысты барлық жазылған қауіпсіздік және жеке гигиена шараларын мүлтіксіз сақтайды»

Төтенше жағдайдың басталуы және бағаның өсуімен тұспа-тұс келді. Атап айтқанда, 24 наурыздан бастап Қырғызстанда ұнның жоғары бағасы көтерілді. Бірінші сорттың бөлшек бағасы 30,5-32,5 сомды (187-199 теңге) құрайды. Сонымен қатар,,

облыстардың көбінде, сондай-ақ Ош қаласында ұнды көтерме сату тоқтатылды

Блокбекеттер

Сондай-ақ, 25 наурыздан бастап Қырғызстан Қазақстанмен, Өзбекстанмен және Тәжікстанмен шекараларды уақытша жауып тастады: адамдар мен көлік құралдарын өткізу уақытша тоқтатылды. Дегенмен, шетелдіктер Қырғызстаннан кетуі мүмкін, ал республика тұрғындары шетелден қайтып келуге мүмкіндігі бар. Сонымен қатар, барлық бағыттар бойынша жүк тасымалдауға рұқсат етілген.

Бішкек маңындағы блокбекеттерде температураны өлшеп қана қоймайды, егер адам астанада тіркелмеген болса, онда қалаға кіргізбейді. Үлкен даулы мәселелер туралы әзірге хабарланған жоқ, бірақ қалаға кіргісі келетіндердің барлығын тез арада тексеру мүмкін емес болғандықтан, кептелістер пайда болды.

Басқа шешімін таппай жатқан мәселелер көп. Мысалы, ІІМ мен ТЖМ қызметкерлеріне маскалар жетіспейтіні туралы хабарламалар келіп түсті. Кадрлық мәселелер де бар – медицина қызметкерлері жетіспейді. Бірақ биліктің бұл мәселелер шешілуде деп сендірді.

«Қазір блокбекетердің қажеттілігін анықтап, қажет жерлерге дене температурасын қашықтан анықтайтын  градусниктерді жіберіп жатырмыз. Керек болған жағдайда ординаторларды жұмысқа тартып, эпидемиологтарды оқытамыз», — деді Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Айнұр Ақматова

Бизнесте де түйіткілді мәселелер бар. Мысалы, өнім жеткізушілердің бірі рұқсаттама ала алмағанын хабарлады. Ол Бішкектен тауарларды тиеп, (қоймалар қаланың сыртында орналасқан) қайта оралуы  қажет. Жергілікті билік кейінірек рұқсат қағазын міндетті түрде беретінін хабарлады. ТЖ режимінің бастапқы кезінде оларды шығарып үлгермеген.

26 наурыздағы мәліметтер бойынша Қырғызстанда 44 коронавирус жұқтыру фактісі тіркелген. Олардың саны бұдан да көбеюі мүмкін. Бұны жоққа шығара алмайды.

Ауру жұқтырғандар 1,3 мыңнан астам адаммен байланысқа түскені анықталды

соның ішінде, туыстары, әріптестері, достары және басқалар да бар.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз