Әртістер карантин кезінде оқырмандарына таныс емес қырларын көрсетуде…
Айқын Төлепберген де үйде отыруға мәжбүр, сұлулық салоны клиенттерді қабылдамайтындықтан, шашын ала алмай жүр.
«Карантин 6-ы күші. Шаш кеткенский жан-жаққа», — деп жазды Айқын.
Жания Джуринская да басқалар секілді үйде отырып, өзінің ғашығына дәмді тамақтар жасап беріп қуантуда.
Жастар түрлі вайндер түсіріп, карантиндегі уақытын көңілді өткізуде.
Жамиля Серкебаевада іш пысатын уақыт жоқ. Ол күн сайын жаңа іспен айналысып, көңіл-күйін көтеруде. Жанындағы достары бұған септігін тигізіп жатыр.
Естеріңізге сала кетейік, бүгінгі күні Қазақстанда коронавирус жұқтырған 124 жағдай тіркелді. Оның 60 жағдайы Нұр-Сұлтанда, Алматыда – 48 жағдай, Қарағандыда — 4 жағдай, Жамбыл облысында — 3 жағдай, Атырау облысында — 3 жағдай, Шымкентте — 2 жағдай, Алматы, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарында бір жағдайдан анықталды.