Нұр-Сұлтан
Қазір
-2
Ертең
-14
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Біздің қоғамдағы әлеуметтік жауапкершілік пен қызғаншақтық. Патриоттар мен көре алмайтындар туралы

232
Сурет: Pinterest

Жақында Нұрсұлтан Назарбаев бизнес коронавирусқа қарсы күресті қолдауға қаражат аудару үшін арнайы қоғамдық қор құруды ұсынды.

Бүгінде, дәл қазір дәрігерлерге көп нәрсе керек

Өкпені жасанды желдетудің қымбат тұратын аппараттарының көбірек сатып алу қажет – ол ӨЖЖ жүйесі коронавирустың кесірінен тыныс алу жетіспеушілігі туындап, пневмониямен ауырған науқастардың өмірін құтқаруға мүмкіндік береді. Тез арада анықтау үшін тест-жинақты көбірек сатып алу  (бір айдан кейін емес, дәл бүгін, қазір алу керек) керек. Жаппай жұқтыру салдарын бастан кешкен елдердің тәжірибесіне қарағанда, бұл ең бастысы — онсыз вирусты тоқтату мүмкін емес.

Медициналық жабдықтар және дәрі-дәрмектермен бірге, дәрігерлердің өздеріне де тікелей, материалдық қолдау қажет. Бұл да маңызды. Тек дәрігерлерге ғана емес,  сонымен қатар тәулік бойы карантиндік қалаларда вахтада тұрған барлық адамдарға,  тәртіп пен карантин режимін қамтамасыз ететін әскери және полицейлерге, дезинфекциямен айналысатын эпидемиологтарға  қолдау көрсетуге міндеттіміз. Бұның бәріне қомақты ақша  керек екені білгілі.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен құрылған «Бiз бiргемiз» қорына сол күні Қазақстанның ірі бизнесмендері мен меценаттары қаржы аудара бастады. Тимур Құлыбаев – $ 10 млн, Айдын Рахымбаев – $2 млн, Кеңес Рақышев – $1 млн, Ғалымжан Есенов – $2 млн, Рашид Сәрсенов – $2 млн, Александр Клебанов – $2 млн, Александр Белович – $2 млн.

Бір күнге жетпейтін уақыт аралығында Birgemiz қоры $41 млн қаржы жиналды

Келесі күндері қайырымдылықтан түскен ақша көлемі екі есеге артты.

Бұған қосымша белгілі меценаттар, қайырымдылық қорлары мен ірі бизнесмендер медицина қызметкерлеріне қазіргі жағдайда қажетті  жабдықтарды тікелей сатып ала бастады.

Осылайша,  Әсел Тасмағамбетова мен Кеңес Рақышевтің «Сәби» қоры мен  Kaspi.kz коронавирусты анықтау үшін экспресс-тест, сондай-ақ ӨЖЖ аппаратын сатып алуға 200 млн теңге бөлді.

Kaspi.kz директорлар кеңесінің төрағасы Вячеслав Ким және Kaspi.kz басқарма төрағасы Михаил Ломтадзе коронавирусты анықтайтын 50 мың экспресс-тест сатып алу үшін 100 млн теңге жұмсады.

Бұған дейін «Сәби» қоры арнайы «Медициналық жоба» аясында еліміздің басына төнген қиын уақытта Қазақстан халқына көмек көрсету туралы шешім қабылдады. Kaspi.kz-тің басшылар және акционерлері  осы бастамаға қосыламыз деп шешті. Қазір «Сәби» қоры 10 млн теңгеден астам (шамамен $22 мың) қаржыға жағдайы ауыр науқастардың өкпесін жасанды желдету үшін V8600 моделді арнайы аппаратын сатып алуда (интеграцияланған тіршілікті қамтамасыз ету жүйесі– ӨЖЖ  мен оған қосымша анестезия жасау қызметі бар).

Бұл  қоғамдық қордың атқарып жатқан жұмыстарының санаулысы ғана.

Осы секілді игі шараларды көптеп келтіруге болады. Бизнесмен Нұрлан Смағұлов пандемияға қарсы шұғыл шаралар жүргізу үшін Нұр-Сұлтан қаласына 30 млн теңге және Алматыға 30 млн теңге бөлді.

Бизнесмен Серік Түлбасов Алматы Қоғамдық денсаулық басқармасына коронавирусты анықтайтын экспресс-тест және қосымша ӨЖЖ аппараттарын сатып алуға 25 млн теңге берді.

Екі күн бұрын Айдын Рахымбаев вируспен күреске берілген $2 млн қаржыға қосымша ретінде карантин қажеттілігі үшін, дәлірек айтқанда, карантинге жатқызылған емделушілерді (бақылауда болуы тиіс байланысқан тұлғаларды) оқшаулау үшін өз иелігіндегі Hilton қонақ үйінің ғимаратын берді.

Қазіргі кезде Қазақстанда карантинге жатқызылған мыңдаған адам бар.

Олардың әрқайсысын оқшаулау үшін жеке ғимарат керек, ал емдеу орындары жетіспей жатыр

«Әрине, қауіп-қатер көп. Бірақ, менің ойымша, бәрін жеңіп шығамыз. Қазір ел сен үшін не істей алады деп емес, ел үшін мен не істей аламын деп сұрайтын сәт”, – деп жазды Айдын Рахымбаев өзінің Фейсбуктағы парақшасында.

Қазақстандық бизнестің бір жағадан бас шығарып, пандемиямен күреске атсалысуы мақтауға тұрарлық әрекет. Айта кету керек, біздің ірі кәсіпкерлер қайырымдылыққа берген қаржыларының көлемі  батыс елдеріндегі кейбір адамдарды таңғалдырды.

Онда вирусқа қарсы күрес үшін мемлекетке 10 млн немесе кем дегенде миллион доллар қаржы бөлген бизнесмендерді  саусақпен санауға болады. Біз білетін аты шулы «олигархтар»  өз халқына бұлай көмек беруге емес, (классикалық Батыс «салық төлеушінің логикасы» бойынша), барлығы үшін мемлекет төлеуі тиіс.

Бизнесмендердің осындай ізгі ниеттеріне қарамастан, Қазақстанда сынап-мінеушілер де көп болды. Ел басына төнген, соңы адам өліміне дейін алып келетін вирусқа қарсы күресте барынша көмектесуге ұмтылған бірқатар бизнесмендеріміздің шын ниетін барлығы бірдей қолдамайды екен. Олар Қазақстандық меценаттардың әрекетін мысқылдап, келемеждеп үлгерді.

Кейбіреулері бизнес-элита мұндай қадамға Назарбаевтың үндеуінен кейін ғана барды, себебі олардың басқа амалы болған жоқ дейді. Ал басқалары Назарбаев танымал кәсіпкерлер тобына «қысым» көрсетіп, дәрігерлерге көмектесуге мәжбүрледі деген пікірде. Жоғарыдан түскен бұйрыққа бағынған еріксіз көмек қана, бұдан артық болуы мүмкін емес.

Бұндай  қияли әңгімелерді осындай пікірдің авторларына қалдырып, оның шындыққа жанаспайтынын айтайық.

Қазақстанның бизнесі Елбасының үндеуінен бұрын дәрігерлерге  қолдау көрсетуді қолға алды

Нұрсұлтан Назарбаевтың бизнесті қолдауға бағыттайтын арнайы қор құру бастамасын ұсынғанға дейін BI Group құрылыс компаниясының басшысы Рахымбаев коронавирусқа қарсы күреске тартылған дәрігерлер мен медицина қызметкерлеріне тікелей, жеке қаржылық көмек ретінде 100 млн теңге бөлді

Бұдан бұрын, елде жарияланған төтенше жағдайдың алғашқы күндері Halyk Bank коронавирустық инфекцияға қарсы күреске тартылған отандық медицина қызметкерлеріне қаржылық қолдау көрсету үшін 100 млн теңге қаражат аудару туралы шешім қабылдады.

Бизнес-элитаның атына келтірілген тағы бір сынау сөздері бар.  Ол кәсіпкерлер аз ақша бөліп жатыр дегенге келеді. Бұған қатысты белгілі кәсіпкер, блогер және қоғам қайраткері Мұхтар Тайжан пікір білдірді.

Ол шетелдік телеграм-чаттарында белсенді түрде таралып жатқан жалған сілтемені негізге алды. Онда өзбек бизнесмені, ресейлік Алишер Усманов Өзбекстанға вируспен күреске «бірнеше миллиард доллар», ал басқа бір бизнесмен Патох Шодиев Ташкентке 200 млн доллар берді делінген. Осы фейкке сілтеме жасай отырып, Тайжан қазақстандық бизнесмендерді сынап, ұятқа қалдырғысы келді. Ол:  «Шодиев пен Усмановтың жанында тым аз қаржы бөлдіңдер,  сіздер үшін ұялып тұрмын, ашкөздер» деп жазды.

Шодиев пен Усманов туралы пікірлердің жалған екені белгілі болғанда, Тайжан мырза кешірім сұраудың орнына үнсіз қалды. Өзі еш қолдау көрсеткен жоқ, бірақ жала жауып, өзіне хайп жасады.

Тайжан секілділердің жазбаларынан кейін,  коронавирусқа қарсы күресті қолдаған әлеуметтік желілерде Қазақстанның бизрнесмендеріне қарсы пікірлер жазып, сынға алғандар көп болды. Олар өте ашкөз, тек жоғарыдан бұйрық түскенде көмектеседі, барлығын пиар үшін істейді  деген пікірлер айтылды.

Оқып отырып,  қаншалықты төмендегеніне таңғаласың. Бір қызығы… оларды кедей деп айтуға болмайты, табысты бизнес-жобалары бар, жариялылықты да жақсы көреді.

Оларға танымалдылықтың не керегі бар? Арандатушы жазбалар үшін бе? Тайжан мырза секілді адамдар арасына от салу үшін бе? Әлде хайп жасағысы келді ме?Біреулердің игі бастамаларын жоққа шығарып, өтірік әңгімелер таратудың не қажеті бар?

Қарапайым адам желіде тараған әңгімелердің қайсысы дұрыс, қайсысы бұрыс екенін түсіне алмайды

Өзіңнің патроиттығыңды сөзіңмен емес, пандемияға қарсы күресте өздерінің жеке қаржысын бөліп, жұмыла жұмыс атқарып жатқан басқа адамдарға қосылып, ісіңмен дәлелде.

Барлығына қызғаныш себеп шығар?

Қалай болғанда да, егер арандатуды жақсы көретіндер біздің меценаттарымызды халықтың алдында қаралап, танымал болғысы келген шығар. Осындай қызғаншақтарға өмірде бір басты нәрсе жетіспейді. Жоқ, ақша емес.

Оларға қарапайым адам мәдениеті мен ар-ождан жетіспейді. Олар хайп немесе даңқ үшін емес, халық пен елдің алдындағы адамгершілік міндеттері үшін көмектесетін адамдарды түсіне алмайды.

ҚР Тұңғыш Президет Қорының жаныдағы ӘЭСИ-дің сарапшысы Антон Бугаенконың айтуынша, «бизнесті құруға көмектескен мемлекеттің арқасында ғана олар осынша капитал жинақтай алды».

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз