Нұр-Сұлтан
Қазір
-6
Ертең
-11
USD
499
+3.47
EUR
520
-0.93
RUB
4.85
-0.06

Саясаттанушы коронавирустан кім пайда табатынын айтты

2081
супермаркет

Маркетингтік амал ма?

Саясаттанушы Талғат Қалиев дүрлігудің қолдан жасалғанын айтып отыр. Бұндай жалған ақпараттарды біреулер әдейі таратып, қолдап отыр.

— Мәселен,

мессенджерлерде супермаркеттерде азық-түлік таусылып жатыр деген жазбасы бар бос сөрелердің суреттері таратылды

Кейіннен  тоңазытатын жабдықтардың бұзылуынан сөрелердің бос тұрғаны анықталды. Бұл суреттері жіберілген супермаркеттің ресми мәлімдемесі. Сондықтан жалған әңгімелерге сене беруге болмайды. Бұның сатылымды көбейту үшін әдейі жасалған маркетингтік амал емес екеніне кім кепіл? — дейді саясаттауншы.

Өндірушілер дайын емес

Талғат Қалиевтің пікірінше, қазіргі жағдай ритейлерлерге өте пайдалы.

Талғат Қалиев

— Олар шығынды қысқарту үшін өзінің сатылымын арттырады. Әдетте жарамдылық мерзімі өтіп кеткен өнімдерді есептен шығарады, ал адамдар сөрелерді бір сәтте босатып жатқанда азық-түлік бұзылып үлгермейді. Осы арқылы ритейлерлер жүз пайыздық сатылымның арқасында шығындарды қысқартып отыр. Ал жеңіл өнеркәсіп өндірушілері көп пайда көріп отырған жоқ.

Иә, олардың өнімі сатылып жатқанымен, сұраныстың артқанын пайдаланып, өндіріс көлемін арттыру оңай шаруа емес

Біздің жеңіл өнеркәсібіміздің ауқымы соншалықты кең емес. Еңбек өнімділігін бір сәтте арттыру да қиын екені белгілі. Ол үшін өндіріс ауқымын кеңейтіп, қосымша жұмысшыларды жалдау қажет. Сұраныстың уақытша екенін ескерсек, өндірушілерге оның қажеті шамалы, — дейді Талгат Калиев.

Сабыр сақтау керек

Саясаттанушы ел арасындағы үрей жақында басылады деген сенімде.

— Қытайлықтар коронавирус жағдайында өмір сүруге бейімделді. Карантинге байланысты қандай да бір шектеулер болғанымен,

азық-түлік өнімдері мен бірінші қажеттілікті тауарлар үнемі жеткізіліп тұрады. Бұл мемлекет қауіпсіздігінің мәселесі,

— дейді саясаттанушы.

Әрине Қазақстан бойынша Наурыз мерекесіне байланысты шаралар өткізілмейтіндіктен бизнестің кейбір саласы шығынға ұшырайды. Бұл ең алдымен ресторан, кафе және шараларды ұйымдастыруға қатысты салаларға үлкен соққы болады. Жұмысы тоқтатылған кинотеатрлер қазірдің өзінде шығынға ұшырап отыр.

— Бұл форс-мажорлық жағдай, оған түсіністікпен қарау керек.

Жеке адамдардың емес, қоғамның мүддесін ойлау керек. Пандемияның таралуын мүмкіндігінше шектеу, бизнестің пайдасына қарағанда маңыздырақ,  — деп қорытындылады Қалиев.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз