Көптеген сарапшылар «халық несиеге белшесінен батты» деген пікір – жай ғана аңыз деп есептейді.
Бұл туралы КИПР аналитикалық тобы өткізген дөңгелек үстелде айтылды.
Экономист Айдархан Құсаинов несиені көп алу проблемасы жоқ. Бұл аңыз «банк моделі өзгергеннен кейін» пайда болды. Мысалы,
адамдар пайызсыз бөліп төлеуді кедейліктен емес, пайдалы болған соң алады
—Халықтың кірісі өсіп жатқан жоқ және елді кедейлік жайлаған, бар тапқаны азық-түлік сатып алуға кетеді деген әңгіменің
несиеге түк қатысы жоқ
Адам ақшасы жоқ болғанда, несие алады деген пікір дұрыс емес, — деп есептейді Құсайынов.
Бұған дейін болған халықтың несиесін кешіру аясында 105 млрд теңге несие өтелді. Бірақ берілген 7 трлн теңгенің жанында ол болмашы пайыз ғана.
— Яғни халықтың ең кедей тобының ішінде де көп несие алу жағдайы жоқ, дейді ол.
Экономист Олжас Құдайбергенов мәселенің бәрі несиенің мөлшерлемесінде дейді. Ол өте жоғары — 30%-дан 56%-ға дейін. Әсіресе онлайн несиелерде.
— Онлайн несие бойынша да екі жақты пікір бар. Біріншіден, мөлшерлемесі 1000% дейін жететін, реттелмеген онлайн несиелер бар. Ұлттық банк шектеу қоймаса да, техникалық тұрғыда оған жету мүмкін емес. Реттеу амалдары жететін мекемелер де бар, олардың шектелген мөлшерлемесі 100%. Өкінішке орай, онлайн несиеге қатысты сараланған әдіс пен техникалық шешім жоқ, — дейді ол.
Қаржы қыметін тұтынушылардың құқықтарын қорғау ҚҚ басшысы Қанағат Такеева бірнеше ұсыныс білдірді:
Біріншіден, «қолы ұзын» жеке сот орындаушыларын тіртіпке келтіру».
— Бір отбасының есігін бұзып кіріп, үйінен шығарып жіберетін ЖСО-ның лицензиясын тартып алу керек.
Үйінен шығару кезінде ол адамдарға зақым келтіргенмен, бұл бассыздығы үшін ешқандай жауапкершілікке тартылмайды
— деп толықтырды қор басшысы.
Бұдан кейін банктік қарыз шарттарын әзірлеуде, тұтынушының мүддесін ескеріп, онда кейбір қорғаныс механизмдерін енгізу керек.
Үшіншіден, сыйлықақы мөлшерлемесін төмендету керек. Такееваның пікірінше, олар «тым ауыр».
— Банктер өздерінің қаржылық катаклизм жағдайында әрең күн көріп отырғанын айтады. Алайда, еуропалық қаржы институттары қаржылық дағдарысқа қатысты халыққа теріс, пайдасыз мөлшерлемемен несие береді. Ал біздің нарықта сыйлықақының жылдық мөлшерлемесі әлі де 19-21% деңгейінде тұр, — дейді ол.
«Қазақстан ломбардтарының ұлттық лигасы» қауымдастығының төрағасы Роберт Абзалилов та бірнеше ұсыныс білдірді.
Біріншіден, мерзімін кешіктіру жағдайларына 2-3 айлық уақытша шектеу қою керек. Осы мерзім аяқталғаннан кейін пайыздар есептеуді тоқтатып, «дефолт жариялап», сотқа жүгінуі керек.
— Сомма тіркеліп, қарыз ары қарай өспейді, сыйлықақылар мен өсімпұлдар тоқтатылады, — дейді ол.
Екіншіден, ақшаны «арзандату» керек.
— Шынымен де, қарыздардың құны қымбат. Бірақ соның арқасында несиесін қайтармай жүрген адамдардың қарызының орнын толтырады. Мұның барлығы өзара байланысты, — дейді Абзалилов.
Жеке тұлғаларға банкрот жариялау мәселесін шешу керек
– адамның барлық қарызын мемлекет өтеп береді, ал ол ары қарай ешқандай қаржы жүйесіне қатыса алмайды, — деген пікір білдірді.
Экономист Петр Своик халық қарыз ала алатын тағы бір көзді ұсынды. Бұл үшін
БЖЗҚ несиелік-инвестициялық банкіге айналдыру керек
Яғни халыққа зейнетақы жинақтарын кепілге қойып, несие беру қажет.
— БЖЗҚ несие беруге болады, себебі ол сенің салымдарың, сенің жинақтарың, оны кепілге қоюға болады. Егер мерзімінен кешіктірең, өзің кінәлісің.
Яғни адамдарды инвесторларға айналдыру қажет
— дейді Своик.