Нұр-Сұлтан
Қазір
-1
Ертең
-14
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

«Аяғы ауыр әйел бір аяғымен көрде тұр». Қазақстандағы ана өлімі туралы деректер

598
Сурет: vykza.ru

Репродуктивті денсаулыққа әсер ететін факторлар өте көп. Олар: қазіргі кезде кең тараған инфекциялар, санитарлық мәдениеттің төмендігі, гигиена құралдарының болмауы, жыныстық қарым-қатынасқа ерте түсу және т.б. Сондықтан қазірден бастап халық арасында алдын-алу жұмыстарын жүргізу керек. Бұл тек қана дәрігерлердің ғана емес, бүкіл қоғамның міндеті. «Аман-Саулық» соңғы үш жыл бойы осы проблемамен айналысуда.

«Адамдар алдын алу шаралары мен қауіп-қатерді төмендету факторларының маңыздылығын түсінбейді, — дейді Бахыт Түменова. — Мемлекет өз тарапынан қолдан келген жұмыстың барлығын атқарып жатыр. Осындай проблемаға тап болған отбасыларға ЭКО жасауға қаржы бөледі. Әйелдерге берілетін мұндай тегін мүмкіндіктің бағасы  700-900 мың теңге тұрады.

«Әрине бұл жақсы. Бірақ

бедеулік  — отбасындағы зорлық-зомбылық пен ажырасуға алып келетін  трагедия екенін естен шығармауымыз керек.

«Әйел өліміне қатысты жағдайдың барлығы жыныстан тыс ауруларға байланысты. Яғни олар жүктілік және босану процессіне дайын болмайды. Көбінесе  осы өлімдердің жауапкершілігі қиын кезде әйелдердің өмірін құтқара алмаған дәрігерлерге жүктеледі.

Алайда  бала туылмастан бұрын репродуктивті денсаулықты күту керек.  Дұрыс ақпараттың болмауы қайғылы жағдайға алып келетінін дәлелдейтін факторлар өте көп.

Өте жас кезде жасалған жасанды түсік жасату, жыныстық жолмен берілетін аурулар мен инфекциялар (сифилис, ВИЧ және т.б.), қорғалмаған жыныстық қатынас  бедеулікке себеп болады. Сондай-ақ қыздарға болашақ ана ретінде қарап, денсаулығын күтпеу және ауыл мектептері мен үйлеріндегі салқын дәретханалар туралы да айтып өту керек.

7 жаста алғаш рет гинекологке бару керек

Дәрігердің айтуынша,

«әр ана өзінің қызын алғаш рет 7-8 жаста, ұлын 10-12 жаста гинекологке алып келуі керек

«Бұл туралы көп адам білмейді, — деп қынжылады дәрігер. — Бар жауапкершілікті медициналық қызметкерлерге жүктеу дұрыс емес. Олар соңғы кезеңдегі проблемамен айналысады».

Адамның денсаулығы жыныстық жетілудің бастапқы кезеңіне байланысты. Статистика бойынша, Қазақстандағы қыздар мен бозбалалар жыныстық қатынасқа 15 жастан бастап түсе бастайды.

«Біз отбасын жоспарлау туралы алғаш рет сөз қозғағанда сендер қазақ этносының санын төмендеткілерің келеді деп жазғырды

Бірақ отбасын жоспарлау өте маңызды, себебі босану мен келесі жүктіліктің арасы кем дегенде бір жарым жыл болуы керек. Үш жыл болса тіпті жақсы. Осы уақыттың ішінде анасы баласын емізіп, өзі де қалыпқа келіп үлгеру керек».

Таңғалдыратын деректер

18 жасарлық анадан туған балалардың өлім-жітімі, 21 жаста босанған анамен салыстырғанда 35%-ға пайызға жоғары.

Осы жастағы аналардың өлімі 34%-ға жоғары.

18 жастағы қыздар босану кезінде көз жұмуы мүмкін, бұл 21 жастағы қыздармен салысыстырғанда 5 есе жоғары.

35 жастан кейін ана және бала өлімі көрсетікіші  жоғарылайды.

Қайта-қайта босану кезінде, нақтырақ айтсақ, төртінші жүктіліктен бастап бұндай қауіп-қатерлер 40%-ға артады.

«Қазақтарда:

«Аяғы ауыр әйел бір аяғымен көрде тұрады»

деген мақал бар. Сонықтан да біз отбасын жоспарлау және гигиена мәселесін көтеріп отырмыз».

Білім және тағы да білім

Бахыт Түленова халыққа репродуктивті денсаулық туралы сауатты ақпарат берудің маңызы туралы айтты. Өмір сүру сапасы әйелдердің өмірінің сапасына әсер етеді. Әр отбасылық дәрігер ата-аналар мен балаларға ақпарат беруге міндетті. Бұл ақпарат дұрыс жеткізілуі керек.

«Сондай-ақ егде жастағы ата-аналарға ақпарат беру керек. Қазақстанда ата-апалары мен жас отбасы бірге тұратын дәстүр бар. Ата-апалары өздерінің түсініктері мен ескірген дәстүрлеріне сүйеніп, немерелеріне тәлім-тәрбие береді».

Соңғы отыз жылда Қазақстаннан 8 млн адам кетіп,  олардың орнына

басқа елдерден өзіндік түсініктері мен діни көзқарасы бар 1 млн этниникалық қазақ келгенін естен шығармауымыз керек. Сондықтан осындай топтармен жұмыс істеп, оларға дұрыс ақпарат жеткізу керек.

Ауылдық дәретханалар мәселесі мен олардың сапасы өте маңызды.

Қазақстанда 3 мың адам бүйрек ауыстыру кезегінде тұр.

«Бүйрек аурулары суық тию және санитарлық-этникалық нормаларды сақтамаудан пайда болады. Күн тәртібіне аз қамтылған отбасылардың гигиена құралдарына қолжетімділігін қамтамасыз ету мәселесі тұр.

кедей отбасылар қолда бар қаражатының 99%-ын азық-түлікке жұмсайды,

ал олар ақшаны гигиена құралдарына жұмсауды ойламайды да.

Сарапшының пікірінше, адамдардың денсаулығына тек мемлекет қана емес, адамдардың өздері де жауап беруі керек.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз