19 ақпан күні әлеуметтік желілерде «коронавирус жұқтырған Қытай азаматтарын» Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданындағы ауруханаға жатқызбақ деген ақпарат тарап кетті
«Біздің облысымызға ауру жұқтырған адамдар әкелінеді деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын естеріңізге саламыз», —
дейді ресми хабарламада.
19 ақпанда Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов тұрғындармен кездесіп, біздің ел аумағында коронавирус жұқтырған жағдай тіркелген жоқ деп атап айтқан болатын.
«Қазақстанда бұл инфекцияны жұқтырған адамдар жоқ. 17 ақпаннан бастап Қытайдан келген азаматтар обсервациялық бақылау үшін екі аптаға ауруханаға жатқызылады. Облыстың медициналық мекемелерінде коронавирусқа қарсы дәрі-дәрмектер жеткілікті. Осыған орай халықты үрейге бой алдырмауға шақырамын. Жағдай бақылауда », —
деді әкім.
Денсаулық министрлігінің мәліметтеріне сәйкес ауруханаларда расымен де елге келген азаматтарды оқшаулауға арналған бөлімдер дайындауда. Алайда бұл инфекцияның алдын алу мақсатындағы бас санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес жасалып жатқан жұмыстар.