Жалақысын өсірумен қатар, жемқорлық үшін жаза мерзімін де өсіру керек. Сарапшының пікірінше, бұл шаралар жемқорлықпен күресуге көмектеседі
Шындығына келер болсақ, жемқорлық біздің санамызға сіңіп кеткендігі сонша, онымен бірнеше жыл бойы күресу керек.
— Тимур, неліктен жемқорлықпен күресте әлі де қажетті нәтижеге қол жеткізе алмай отырмыз? Үнемі осыған қатысты жаңа идеялар ұсынылады. Бұған дейін осы бап бойынша сотталғандар үшін мерзімінен бұрын шартты босатуды алып тастау туралы ұсыныс болды. Қалай ойлайсыз, бұл шара көмектесе ме?
—Бұрыннан-ақ жемқорлық қылмыс үшін қатаң жаза қолдану керек еді. Осы баппен сотталғандар үшін мерзімінен бұрын шартты босату алып тастау қажетті уақытта қолданылған шара. Жазалау мерзімін де арттыру керек.
Нақтырақ айтқанда, құқық қорғау органдары — ІІМ, прокуратура және басқа сала қызметкерлеріне қойылатын талаптарды күшейткен жөн. Себебі, жемқорлықпен күрестегі құқық қорғау жүйесінің маңызы жоғары.
Егер оның өзі шытынап тұрса, басқа саладағы жемқорлықпен күрес туралы айту бекер. Алайда, жауапкершіліктің алдында бәрі бірдей. Қорғаныс күштерінің жазасын екі есеге дейін күшейту керек деп есептеймін.
Ең қорқыныштысы, сот жүйесін де жемқорлық жаулап алған. Ең бірінші осы салаға назар аудару керек. Соттан көп нәрсені талап етпестен бұрын, олардың жағдайын жақсарту қажет.
Төменгі буындағы соттардың жалақысы 300 мың теңге, сыйлықақыларын қосқанда бұдан сәл көбірек
Адамдардың тағдырына қатысты өкім шығаратын адам неліктен мұндай төмен жалақы алатынын түсінбеймін. Мәселен, ол миллиардтаған қаржы айналымына қатысты арыз-талаптарды немесе жазадан қашып құтылғысы келетін тұлғалары бар қылмыстық процесті тексеруі мүмкін. Осындай жалақысы бар сот әрқашан қауіпті аймақта болады, бірнеше миллион пара беретін азғырушылардың арбауына түсіп қалуы мүмкін.
— Сонда олардың жалақысы қанша болуы керек?
— Менің пікірімше,
ең төменгі буындағы соттар бір жарым миллион және одан да жоғары жалақы алуы керек
Біздің елімізде екі мыңға жуық сот бар, сондықтан шығын айтарлықтай көп болмайды. Бұған қоса осы категориядағы адамдардың жазасын да күшейту керек. Сотқа пара ұсынған кезде, ол қандай тәуекелге баратынын, неден айрылып, қандай жазаға ұшырауы мүмкін екенін түсінеді.
Көптеген дамыған елдерде, соның ішінде АҚШ соттар жалақысы ең жоғары қызметкерлердің бірі. Олардың жалақысы жылына 1 миллион долларға дейін жетеді. Министрлер де солай.
Ал біздегі жағдай мүлдем басқаша — біз жемқорлықпен күрескіміз келеді, бірақ оларға төмен жалақы төлейміз. Ал вице-министрлер жүздеген миллиард теңгеге қатысты шешім шығарады, алатын жалақылары — 400 мың теңге. Яғни, пара алып, қылмыс жасау мүмкіндіктерін жоғарылатып, жағдай жасай отырып, неліктен соттар жемқорлыққа барады деп таңғаламыз. Себебі жүйенің теңгерімі бұзылған.
Біреулер вице-министрлер елдегі орташа жалақыдан екі есе көп жалақы алсын дейді. Мен оған қарсымын. Олардың жалақыларының коэффициенті он есеге дейін жоғары болуы керек. Бұл адамдар заңсыз қосымша пайданы қалай аламын деп ойламайтындай жоғары жалақы алуы қажет. Бұл саяси дәрежесі бар барлық шенеуніктерге, яғни министрлерге, вице-министрлерге және облыс әкімдеріне қатысты.
—Дегенмен сот корпусының жағдайын өзгерту керек. Жоғарыда айтқанымдай, жалақылары кем дегенде бір жарым миллион болып, оны үнемі көтеріп отыру қажет. Ең алдымен сот жүйесінен бастамасақ, басқаларының бәрі “құмға құйған судай” нәтиже бермейді.
— Дегенмен, кейбір зерттеу нәтижелері жемқорлық жайлаған салалар қарулы күштер емес, білім және медицина саласы екенін көрсетті.
— Біздің елімізде мұғалімдер мен дәрігерлер көп, адамдар олармен көбірек кездеседі. Сондықтан осы саланың қызметкерлері жемқорлыққа көбірек барады деп есептейді. Әлеуметтік сауалнамалар да осындай нәтиже көрсетеді.
бірақ сот жүйесін балықтың басы деуге болады
Балық басынан шіриді демекші, сот жүйесі шіри бастаса, оның соңынан прокуратура, ІІМ мен басқалары да бұзылады. Ал денсаулық сақтау мен білім беруді осының барлығының салдары деп қарастыруға болады.
Алайда жалақыны көтере сала, жемқорлығы жоқ елде оянамыз деп түсінбеу керек. Бұлай болуы мүмкін емес, себебі бұл әдет санамызға әбден сіңіп кеткен. Жағдайды өзгерту үшін жылдар өтуі керек. Жүйенің тепе-теңдігі бұзылған, ал соңғы жылдары тіпті ушығып кетті.
— Неліктен бұлай болды?
— Құнсызданудың нәтижесі. Адамдардың ниет-тілектері мен сұраныстары бұрынғыдай болғанымен, олардың ресми жалақысы төмендеп кетті.
Қауіп-қатерлерді болдырмас үшін лайықты жалақы беру керек. Жемқорлық тамырымен жойылып кетпесе де, азайатыны сөзсіз. Бұл алғашқы қадам болсын.
Жалғасы бар