Жамбыл облысындағы жаппай тәртіпсіздіктердің себебінен 10 адам қаза тауып, ондаған адам жарақат алды. ІІМ мәліметтері бойынша, жаппай тәптіпсіздікке мыңдаған адам қатысқан. Тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бірақ мұндай бассыздықтардың салдарымен полиция өкілдері ғана айналысуы керек пе?
— Гульмира, қалай ойлайсыз, неліктен көп этникалық Қазақстанда этносаралық келісім жағайы туралы шынайы сараптама жоқ?
— Мониторинг жүргізу туралы Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылған сәттен бастап барлығы айтып келеді. Көп этникалық жылдар бойы ұлттық деңгейде қарастырылып келді. Мен Ақпарат министрлігінде 1997 жылдан бастап жұмыс істеп келемін, сол сәтте бұл мәселенің барлығы жоғары деңгейде талқыланатын еді.
Тіпті саны аз ұлттар туралы заң қабылдау туралы ұсыныс болған. Бірақ бұл идея қолдау таппады
Ассамблеяның өзі өзгеріске ұшырады. Бастапқыда ол Қазақстан «халықтары» Ассамблеясы болса, қазір Қазақстан «халқы» Ассамблеясы болды. Бір кезде институционалдық құрылымдарын құрды. Ассамблея туралы заң бар, аналитикалық орталығы мен веб-сайты жұмыс істеп тұр.
Этносаралық мониторинг мәселесімен әркім әртүрлі деңгейде айналысты. Саяси аймақтарда этностар арасындағы қарым-қатынастарды дамыту тақырыбының маңызы айдан анық көрініп тұрды.
Сарапшы ретінде 90-жылдардың соңында мен арасында этносаралық қарым-қатынас жағдайын бағалау жолдарын ойлап тауып, нұсқаулықтар әзірлеу туралы тапсырмалар алып тұратынмын. Уақыт өте келе
этносаралық келісім тақырыбы жалаң ұранға айналып кеткені соншалық, күнделікті, үздіксіз жұмыс істеуді қажет ететін мәселе ретінде қабылданбайтын болды
Сонымен қатар бұл қатынас баршаға түсінікті, үлкен жұмысты қажет етпейтін мәселе сипатына енді.
Облыстарда, тіпті көп ұлтты Алматы облысының өзінде барлығы формалды түрде жүргізілетін болды. Билікке тәуелсіздік жағдайында өскен жастар келді. Олар мемлекет жүргізіп отырған саясатқа сәйкес этникалық қазақтарға басымдылық береді. Бұндай жұмыста істеу үшін олар қайдан білімі алатыны түсініксіз. Неге басымдылық беру керегін олар қайдан біледі?
Конституция бойынша қазақстандық азаматтығы бар түрлі этнос өкілдері Қазақстан азаматы болып есептеледі. Барлығы тең. Осыған сәйкес, этносаралық келісімге үздіксіз жұмысты қажет ететін бағыт ретінде назар аударылмайтын болды. Мемлекеттік деңгейде этносаралық өмір мәліметтер мен есептер деңгейінде ғана қабылданатын жағдайға келді.
— Сіз көптен бері этносаралық мониторинг мәселесін көтеріп келесіз? Неге жұмыс жүрмей жатыр?
— Мүмкін мемлекет оны қажет деп санамайтын шығар. Ал қазіргі жағдайда этносаралық қақтығыстарды болдырмау үшін бұндай жұмыстарды жүргізу керегі белгілі болды. Бұрын этносаралық қақтығыстардан бәрі қорқатын, себебі 90-жылдары этникалық сипаттағы шағын және ірі қақтығыстар барлық посткеңестік мемлекеттерде болып тұратын.
Ал қазіргі таңда билікке келген жастар қауіптің қайдан келетінін білмейді
Бұл тақырыпты әркім өзінше түсінеді. Көптеген адам бұл бағыттан кетіп қалды. Мен Ассамблеяның сайтына кіріп, соңғы уақытта жүргізілген зерттеулер туралы қандай да бір талдау ақпаратын табуға тырыстым. Тіпті ақпарат емес, этносаралық қатынастардың дамуы туралы шағын мәліметтің де жоқ екеніне көз жеткіздім. Ешнәрсе жоқ.
Біздің орталығымыз 2000 жылдардың ортасында этносаралық арақашықтық қалыптасып жатқаны туралы фактіні анықтады. Адамдар бір бірімен бұрынғыдай араласпайтын болды. Қазақ және орыс тіліне қатысты тақырыптың бұған қатысы шамалы. Алайда этносаралық некелердің саны бұрынғыдай жоғары көрсеткішті көрсетті, халықтың төрттен біріне жуыға осындай некеде тұрады. Яғни көп этникалық өмір өздігінен дамуын жалғастырды. Ешкім мәселенің мәнін түсінуге талпынбады.
Аналитиктер осыдан басқа тақырыптардың бәрімен айналысты. Былайша айтқанда жаңа, сұранысқа ие мәселелермен айналысты
Шынымды айтсам, бұл жағдайға қатысты салым суға кетеді. «Стратегияда» эносаралық тақырыпқа қатысты тапсырыстар болмағалы қашан. Өз бетімізбен қолға алғанның өзінде, неден бастап, неге көңіл аудару керегі түсініксіз. Шиеленісу, қарым-қатынастың азайып, адамдардың бір-бірінен алшақтауы, интеграциялық бастамалардың әлсіреуі секілді мәселелердің қайсысына басымдық береміз? Ресми мәліметтерді ұсынатын дереккөздер жоқтың қасы.
— Идеология қайда қалды? Бұл идеологтар жұмысының сәтсіздігінің көрінісі ме? Немесе мәселенің бәрі тұрмыстық сипатта болып, идеологтардың бұған қатысы жоқ па?
— Этносаралық мәселелер басты идеологиялық бағыт болғандықтан, олар әлеуметтік саладан саяси қарым-қатынас саласына ауыстырылды. Қазірде осы ауыстыруды жүзеге асырған адамдар ғана емес, қоғамда бұл фактінің салдарын көріп отыр.
Негізінен алғанда, этносаралық проблемалар әлеуметтік қарым-қатынас саласындағы жүйенің бір бөлімі. Оны саясатқа ауыстыру бастапқыдан қате әрекет болды.
Әрине халықтың кедейлігі мен өмір сүру деңгейінің төмендігі туралы жазып жатқан адамдардың сөзі шындыққа жанасады. Себебі көңіл толмаушылық, кінәлілерді іздеудің бірден-бір негізі осы. Ал басқа этностық топтың адамы кінәлі болса, барлық негатив соған ауатыны түсінікті. Бұл туралы естен шығармау керек.
Көркейген, ауқатты қоғамда да осы тектес этносаралық қақтығыстар болып тұратынын көруге болады. Бірақ олар елдің болашағы қоғамның дамуына байланысты деп түсінеді. Ал біз Қазақстанның болашағы туралы не айта аламыз? Бұл идеология тұрғысынан маңызды.
Қалай десек те, Қазақстан халқы Ассамблеясының қолында аналитикалық талдау жүргізетін барлық мүмкіндіктер мен құралдар бар. Олар Ақорданың идеологтары емес, басқа адамдар. Ассамблеяда жоғарыдан келген бірізділікті сақтау үрдісі бар. Ассамблеяның өкілеттілігінде ұлтаралық келісім бойынша зерттеу жүргізуге жететін қажетті қаражат көзі болғаны анық.
— Нәтижесі қайда?
— Иә, дұрыс айтасыз. Жамбыл облысындағы жағдай не себептен болды және оны қай тұрғыдан бағалауға болатынын айтып берсін. Егер ол бұрынан белгі беріп келген қарапайым тұрмыстық кикілжің болса, неліктен алдын алу шаралары қолданылмады? Ондай шаралар жүргізілмесе, ақшаны қайда жұмсады?
Әрине, әсерлі, жарқыраған шаралар жақсы ғой, бірақ олардың пайдасы қандай? Адамдар қаза болды. Бұл сұмдық қой, оны ешқандай себеппен ақтап ала алмаймыз
Егер қандай да бір зерттеу жүргізілген болса, біз оны өзіміздің аналитикалық жұмысымызға пайдаланар едік. Мен Ассамблеяның жұмысын қазбаламаймын, тек ондағы аналитиктерге қояр сұрағым бар. Жоғары деңгейде талдау жүргізу мүмкіндігіне ие бола отырып, олар барлық ақшаны шімірікпей жұмсады. Бірақ ешқандай нәтиже бермеді. Бұл адамның жүйкесін жұқартады.
Ашық қолданыстағы соңғы мәліметтер 2013 жылы жүргізілген. Болды. Бес жыл бойы ешқандай жұмыс жүргізілмегені ме? Ал олар үздіксіз, жылдар бойы жұмыс істеуі керек еді. Ассамблея жыл сайын аналитикалық жұмыстар жүргіземіз деп ақталатын болса, ашық қолданысқа шығарсын.