Нұр-Сұлтан
Қазір
-5
Ертең
-12
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

ҚазҰУ-дің 10 студенті бірінші курстың студенттерін ұрғаны үшін оқудан шығарылды

433
Сурет: Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

10 ақпанда ЖОО-ның аумағында ондаған студент жиналып, достарының оқудан шығарылуына қарсылығын білдірді. Бұл туралы tengrinews.kz. хабарлады.

«Біз жатаханада «тәртіпке келтіру» жұмыстарын жүргізген екінші курс студенттерін оқудан шығардық. Олар бөлмелеріне бірінші курс студенттерін кіргізіп ұрған. Мұның бәрі түнгі үштер шамасында болған. Осыған қатысты деректер анықталды, қолымызда видеожазбалар бар, —

дейді оқу орнының әкімшілігі.

Видеода зардап шеккен жігіттер аяқтары ақсаңдап, бөлмеден шығып жатқанын көруге болады. Келесі күні олардың денесінен ұрып-соғу белгілері анықталды. Тәртіптік комиссия отырысында осындай әрекеттермен айналысқан студенттерді оқудан шығару туралы шешім қабылданды.

Студенттермен бір топта оқитын жігіттер мәселенің анық-қанығына бармай, «Біз қарсымыз, біз қарсымыз!» деп наразылық танытуда. Біздің қолымызда қақтығыс мүшелерінің түсініктемесі бар».

Университет өкілдері оқудан шығарылғандардың көбі бюджет бөлімінде оқыған деп түсіндірді. Зардап шеккен бірінші курс студенттері полицияға жүгінбеген.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз