Ел астанасы еріген су астында қалды, – деп хабарлайды Today.kz.
Нұр-Сұлтан қаласында қалың қар жауғаннан кейін бірен күн жылынып кетті. Өткен аптаның сәрсенбісінде термометр бағамы плюс бір градусқа дейін көтерілді. Ал сенбіден жексенбіге қараған түні жаңбыр жауып, аяғы жабысқақ қарға айналды. Осы жайттар астаналық көшелерді су басуына себеп болды.
8 ақпаннан 9 ақпанға қараған түні коммуналдық қызмет өкілдері 28069 шаршы метр қар шығарған. Астаналық көшелерде 1222 арнайы техника және 1474 жұмысшы дамылсыз жұмыс істеуде.
“Казгидромет” РММ мәліметтері бойынша, 10 ақпанда Нұр-Сұлтанда температура минус 15-17 төмендеп, аяз болады деп күтілуде. Осыған байланысты ел астанасында дауылды алдын ала ескерту жарияланды.