Нұр-Сұлтан
Қазір
-4
Ертең
-5
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Алматыдағы түтін — жемқорлық пен көмір мафиясының салдары — сарапшылар

287

Экономист Әсет Наурызбаев “автокөлік — Алматының ластануының басты факторы екенін растайтын нақты зерттеулер жоқ” деп санайды.

Автокөліктердің зиянды шығынын қалай есептеуге болады?

— Автокөлік көмірқышқыл газын көбірек бөледі, бірақ ол күкірт оксидіне қарағанда зиянды емес. Бірақ автокөлік шығарындыларын азайту қажет-ақ — бұл шаралардың бірі ғана. Мәселе мынада,

мемлекетпен ұйымдастырылатын шаралар көп жағдайда сыбайлас жемқорлықпен ұштасып кетіп жатады

Сондықтан сатылатын бензиннің сапасына тәуелсіз тексеруді жеке зертханаларда жүргізу қажет. Бұдан өзге, техникалық байқаудың стандартты процедурасы ретінде екі жылда бір рет автомобильдердің өздерін де бақылаудан өткізу керек. Бүгінде бұл сыбайлас жемқорлық схемасына айналды: анықтаманы үйден шықпай-ақ алуға болады.

Әсет Наурызбаев

Сондықтан ТҚКС-ты бақылаудың орталықтандырылған жүйесін енгізу қажет: көлік кірген сәттен бастап, ол туралы барлық деректер тіркелуі тиіс. Егер шығарындылары белгіленген нормадан асып кетсе, иесі көбірек салық төлесін. Бұл ретте

облыстық көлік те тексерілуі тиіс,

— дейді ол.

Қалаға кіру ақылы болу керек пе?

Наурызбаевтың айтуынша, экопосттар да дұрыс жұмыс істемейді. Бұл ретте ол басқа қалалардағы көлік үшін қандай да бір шектеулер енгізу қажет деп санамайды.

— Ақылы кіру және экологиялық жинақ идеясы бар, бірақ ол қала азаматтарымен талқылануы тиіс. Бұл оңай емес, себебі біздің мемлекетіміз біртұтас, бұл алматылық емес адамдарды кемсітетін болады, – деп есептейді ол.

Факторлар жиынтығы

Экономист Магбат Спанов та онымен келіседі. Автокөліктерді кінәлай берудің қажеті жоқ, бұл біржақты пікір. Иә, еуро стандарттарға сәйкес келмейтін ескі автомобильдер бар. Бірақ Спановтың пікірінше,

автототынды зерттеу және аспаптар сатып алу — кейбір тұлғалардың коммерциялық қызығушылығын тудырып отыр

Сарапшы мұны “халықтан ақша алудың адал тәсілі” деп атайды.

— Алматы экологиясына жекелеген өндірістер де кері әсерін тигізуде, – деп атап өтті ол. — Маңызды фактор — оңтүстік астананың ойластырылмаған құрылысы. Кеңес дәуірінде оны тау инженері Дінмұхамед Қонаев бақылап отырған: жел бағыты, суарудың арық жүйесі және т.б. ойластырылған.

Тәуелсіз зерттеулердің нәтижесі қандай?

Алматы қаласының экологиялық мәселелері және олармен күресу шаралары жайлы қоғам белсендісі және экология үшін күрескер Абай Ерекенов те пікір білдірді.

— Бізде AUA Group ҮЕҰ-ның мемлекеттік тізілімге енгізілген шетелдік өндірістің полимерлері, яғни канцерогендік микробөлшектерді өлшеу құралдары арқылы жинаған екі жылдық бақылау деректері бар. Бұл құралдар қаланың әртүрлі бөліктерінде орналасқан.

Екі жыл бақылаудың нәтижесінде біз Алматының экологиялық апат аймағына айналғанына көз жеткізе аламыз,

— деп мәлімдеді ол.

Оның айтуынша, СанПиН нормативтеріне сәйкес мегаполисте ауаның ластануы критикалық деңгейден сегіз есе асып түсті.

— ТЖ жариялаудың және ауаны ластау көздерін жою бойынша шаралар қабылдаудың орнына билік бәрі дұрыс деген пиғыл танытып отыр.

Негізгі мәселе көмірде ме?

Ластанудың негізгі көздері — ЖЭО көмірі, сондай-ақ көмірмен жылытылатын кәсіпорындар мен жеке сектор. Бұл ақпаратты шенеуніктер мұқият жасырғысы келеді. “Қазақстанның экологиялық ұйымы ассоциациясы” ЗТБ басқарма төрағасы Айгүл Соловьеваға Алматыда ауаны ластаудың стационарлық көздері туралы мәліметтерді әкімдіктен күштеп алуға тура келді.

Абай Ерекенов

Мәліметтерді ол экологтардың конференциясында атады — стационарлық ластануға 4 мыңнан астам нысан себепкер! Мемлекеттік органдардың ресми есептері бойынша,

ластанудың 67%-ы ЖЭО-на келеді

— Мұндай зерттеулер АҚШ-та да, Еуропада да жүргізілді — барлық өркениетті елдерде ластанудың негізгі көзін өз уақытында анықтауға тырысты. Және барлық жерде бұл ЖЭО деп танылды! Бірте-бірте олар бүкіл әлемде жабылып келеді.

Өте үлкен еуропалық жоба болды — Польшада ЖЭО-ны жабу деген

Бұл үлкен әлеуметтік мәселе болды. Себебі, көмір ЖЭО жабумен қатар, көмір шахталарын да жабу қажет болды, сәйкесінше шахтерлер жұмысынан айырылуы мүмкін еді. Еуроодақ бұл жобаны қаржыландырып, барлығын жауып тастады, – дейді Абай Ерекенов.

Неге шаралар қабылданбайды?

Ол Алматыда жылу беру маусымы(15 сәуірден 1 маусымға дейін және 1 қыркүйектен 15 қазанға дейін) мен

оқу кезеңі аяқталғанда, машиналар ағыны азаймаса да, ауаның ластану деңгейі күрт төмендейтінін байқаған

— Осы кезден бастап дұрыс “дем алуға” болады. Алайда

бізде “көмір мафиясы” бар және олар үшін бұл өте көлемді бизнес

Әрине, көмір қазандықтарын да жаңғыртуға болады, бірақ түбегейлі өзгерістер болатынына сену қиын, себебі технологиялар 60-70 жылдарғы, ескірген.

Балама технология

—  Қазіргі таңда бүкіл әлемде ЖЭО-ның орнына заманауи технологиялар келіп жатыр — табиғи газға негізделген ко- және тригенерация (когенерация — жылу және электр энергияларының құрамдастырылған өндірісі — қажеттіліктің 30%-ына дейін; тригенерация — электр, жылу және суықты бірлесіп өндіру процесі — ред.). Мұндай технологияның ПӘК-і 90%-ға дейін жетеді. Қондырғы бір кварталды немесе жеке алынған бизнес-орталық, немесе аурухана кешеніне қызмет көрсете алады. 2 500 километр құбыр желісін қамтамасыз ету қажеттілігі жоғалады. Айтпақшы,

жылу магистральдарын үнемі күрделі жөндеуден өткізу мен жаңғырту салдарынан коммуналдық қызмет үшін тарифтер тұрақты өсіп отырады

– дейді қоғам белсендісі.

МЖӘ шеңберінде енгізу

Абай Ерекеновтың айтуынша, энергия алу үшін жаңа технология түріне көшу экологиялық жағдайды жақсартып қана қоймай, монополиясыздандыруға да ықпал етеді.

— Мен жұмыс істеген “ҚазТрансГаз” компаниясының Тбилиси газдандыру тәжірибесіне сүйене отырып, өз көзқарасымды айтқым келеді.

Бұл бизнеспен қаланың жеке кварталын энергиямен қамтамасыз етуді өзіне ала отырып, орта бизнес айналыса алады,

яғни мемлекеттік-жеке меншік әріптестік шеңберінде. Квартал тұрғындары жеткізушіні өздері таңдай алады. Бірақ мұндай үлгі орнату үшін саяси ерік қажет, – дейді сарапшы.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз