Нұр-Сұлтан
Қазір
-6
Ертең
-11
USD
499
+3.47
EUR
520
-0.93
RUB
4.85
-0.06

Солтүстік Қазақстан су тасқынының алдын алуға дайын

309
Қарағанды облысы ТЖД суреті

Аймақта қар қорының көп болуына қарамастан, алдын ала қабылданған шаралар апат шығынын азайтып, оны болдырмауға септігін тигізеді. Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласында өткен брифингте белгілі болды.

Арнайы табиғат қорғау прокуроры Самат Тимербаев:

–«Біздің міндетіміз – осы жылы анықталған проблемалық аумақтарды жою мәселесін ерекше бақылауға алу, бақылау жоспарын жасап, ұсыныстарға жауапты адамдарды анықтау, сол арқылы 2020 жылдың көктемінде болатын төтенше жағдайлардың алдын алу, — деп атап өтті.

Солтүстік Қазақстан облысының төтенше жағдайлар бойынша департаментінің ішкі және сыртқы байланыс топтарының департамент басшысы, азаматтық қорғау подполковнигі Ерік Сарыбаевтың мәліметіне сілтеме жасап берген ақпаратына сәйкес облыста жер қыртысының аздаған тоңазуы байқалады. Тоңазыған топырақтың қалыңдығы 40 см мен 122 см аралығында.

Аймақтың бас маманының сөзінше, 2019 жылы 2017-2019 жылдарға арналған су тасқыны қаупінің алдын алу және жою бойынша республикалық жол картасы шараларын жүзеге асыру жұмыстары аяқталды. Жол картасының аясында құны 3,6 млрд теңге болатын ісшаралар атқарылған.

Жалпы алғанда 2019 жылы Солтүстік Қазақстан облысының аумағында 13 су өткізгіш құбыр орнатылып, 5 км жерге топырақ үйінділерімен бекітілген. Сондай-ақ өткен жылғы су тасқынының кезінде 64 км проблемалық жер топырақ үйінділерімен нығайтылып, 7,5 км бөгет көтерілді. Жүргізілген шаралардың нәтижесінде 160 елдімекенге төнген су тасқыны қаупі төмендетілді.

Азаматтық қорғау органдарына жергілікті атқару органдары барынша көмек көрсетуде. Олар су тасқыны қаупінің алдын алу үшін құрамында 1619 адамы бар жеке құрам, 1163 техника, соның ішінде су айдайтын сорғылар мен ауыр инженерия дайындады. Әкімшілікте жүзу құралдары да қарастырылған.

Сондай-ақ ТЖ департаментінің басшылығы: тұрғындар өздерінің үйі мен жерінің жағдайына жауапкершілікпен қарауы керек екенін атап өтті. Су тасқыны кезіндегі тасқындардың алдын алу үшін үйлерінің іргесіндегі арналар мен суағарларды уақытымен тазалап отыруы керек дейді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз