Нұр-Сұлтан
Қазір
-4
Ертең
-10
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Замануи Қырғызстандағы трайбализм мен исламшылдық

260
Әлі күнге дейін Қырғызстан «оты баяу жанып тұрған қазан» секілді өз ішінде ақырын «қайнап» жатыр.  Экс-президент Атамбаев пен қазіргі мемлекет басшысы Жээнбековтың арасында болған текетірес осының бір ғана көрінісі. Бұдан ары да осындай оқиғалар орын алу мүмкін. Зерттеуші Мұрат Лаумулин ішкі саясатта көптеген мәселенің шешілмегенін  атап өтті. Соңғы жылдары исламшылдық секілді жаңа мәселелер қосылып жатыр.

Лаумулин бұл туралы «Заманауи Қырғызстанның халықаралық жағдайы және ішкі саясатының дамуы»  атты жұмысында жазды.

Ол 2018—2019 жылдар аралығында елдегі рулық күрес күшейіп, ішкі саяси жағдай шиеленісіп кетті. Билікке жаңа келген президент Сооранбай Жээнбеков «кадрлық революция» жасап, түрлі құрылымдардағы Алмазбек Атамбаевтың жақтастарын отставкаға жіберді. Бұдан кейін

экс-президенттің жақтастарына қарсы сыбайлас жемқорлықпен күресетін үлкен кампания жұмысын іске қосты

— Сарапшылардың пікірінше Атамбаев Жээнбековке  қолдау көрсетіп, билікке әкелу арқылы өзінің биліктегі беделін сақтап қалғысы келді. Алайда Қырғызстан Республикасының жаңа көшбасшысы бұрынғы президенттің жақтастарын қарқынды түрде ауыстыра бастады, — дейді автор.

Жергілікті сарапшылар болашақта Атамбаев Жээнбековке мықты бәсекелес болар еді деп есептейді. Бірақ

2016 жылы Атамбаев бастаған билік транзиті үш жылға созылып, ол үшін аянышты жағдаймен аяқталды

— Ол барлығын нұсқауға сәйкес жасады: конституцияны алдын ала өзіне ыңғайлап өзгертті, БАҚ арқылы қоғамдық пікірге ықпалын сақтап қалды. Ең бастысы елдегі жоғарғы лауазымдарға, тіпті премьерлік қызметке де өзінің адамдарын қойып кетті. Бірақ бұл жүйе ойлағандай нәтиже бермеді, — дейді автор.

Тарихқа көз жүгіртсек

Түсініктірек болуы үшін Лаумулин Қырғызстанның қазіргі тарихынан бірнеше факті келтірді.

2010 жылы наурыз айында болған мемлекеттік төңкеріс болып,  Құрманбек Бакиев биліктен кеткеннен кейін елде конституциялық реформа жүргізілді.

Жалпы алғанда президент алты жыл мерзімге және бір ғана кезеңге сайланатын

Лаумулин бұндай тәртіп посткеңестік кеңістікте бұрын соңды болмаған дейді.

Мемлекет басшысы үкіметте Қорғаныс және қауіпсіздік министрін ғана тағайындайды,

қалғанының барлығын парламент сайлайды.

— Жоғарғы кеңес үкіметтің құрамы мен құрылымын анықтап, қызмет бағдарламасын бекіту, сондай-ақ үкіметке сенімсіздік білдіру құқығына ие. Парламенттің  үкіметке бас-аяғы үш айдың ішінде екі мәрте сенімсіздік білдіруі оның отсавкаға кетуіне алып келеді, — дейді.

Бірақ 2016 жылы парламентте  ҚСДП Конституцияға өзгеріс енгізу бойынша референдум өткізу туралы бастама көтерді. Қатысушылардың 79,63% бұл бастаманы қолдады.

Нәтижесінде басқару формасы өзгермегенімен, премьер-министрдің рөлі күшейе түсті. Мұны көптеген адам Атамбаевтың президенттік мерзімі аяқталғаннан кейінгі премьерлік қызметке дайындығы деп түсінді.

Жээнбеков пен Атамбаев арасындағы келіспеушілік қашан пайда болды

2017 жылы Атамбаев «мықты басшы – әлсіз президент» жоспарын іске асыруға көмектесетін жақсы кандидатураны іздей бастады.

Бұл рөлге оңтүстіктің тумасы Сооранбай Жээнбековті таңдады. Бірақ ол сайлауда жеңіске жеткеннен кейін жағдай Атамбаевтың уысынан шығып кетті.

— Бұрынғы және қазіргі президенттердің арасындағы келіспеушіліктердің басты себебі жемқорлық мәселесі болды.

Атамбаев өзі жүргізіп отырған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің нәтижелілігі және сол арқылы қоғамның заңның күші мен әділеттілікке деген сенімінің қалыптасуы туралы айтса,

Жээнбеков мұның бәрін жоққа шығарып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы кампания ұйымдастырып, күштік құрылымдарды тазалауға уәде берді, — дейді Лаумулин.

2018 жылы 28 наурызда Жээнбеков пен Атамбаевтң оңаша кездесуі өтті. Олардың не туралы сөйлескені әлі күнге дейін белгісіз, бұл олардың соңғы кездесу болды.

Осыдан кейін Атамбаев президент тарапынан жіберілген түрлі шаралардың шақыртуын  елеусіз қалдырды. 

Үш күннен кейін биліктегі ҚСДП-ның жабық съезі ( Атамбаев бір кездері  бұл партияны өзі құрған болатын) өтті. Съезде экс-президент партия төрағасының лауазымын иеленіп, 2020 жылғы парламенттік сайлауға дайындала бастады.

Ол премьер-министрдің қызметіне дәмелі болды. Президенттік қызметінің соңында ол премьердің өкілеттілігін кеңейткен болатын.

Атамбаев пен Жээнбековтың арасындағы дау-дамайдың немен аяқталғаны бәрімізге белгілі.

— Жээнбеков Атамбаевқа  қарсылық көрсетіп, оған өз еркімен елді тастап кет деп  меңзеген. Алайда  бұрын билік еткен Акаев пен Бакиевке қарағанда Атамбаевтың баратын жері болмады. Оның үстіне экс-президенттің қашқысы келмеді және жоспарының жақсы аяқталатынына сенімді болды , — дейді Лаумулин.

Атамбаев Қырғызстан билігін революциясыз берген бірден бір президент болды. 

Бірақ ол да қантөгістен қашып құтыла алмады.

Солтүстік пен оңтүстіктің адамдары кезектесіп президенттік билік жүргізеді

Бүгінгі күнге оралатын болсақ,

Қырғызстан Республикасының ішкі саясатының басты ерекшелігі — трайбализм

Асқар Ақаевтан бастап, басқа президенттердің бәрі территориялық белгілері бойынша сайланды. Құрманбек Бакиев оңтүстіктің адамы.   Мемлекеттік төңкерістен кейін, 2010 жылы елдің үшінші президенті болып Роза Отынбаева ешбір сайлаусыз тағайындалды. Сондықтан оны оңтүстіктің де, солтүстіктің де адамы деуге болады. Лаумутин:

— Егер Отынбаева  2011 жылы  президенттік сайлауға түсіп, жеңіп шықса Атамбаевқа қарағанда елдегі жағдайды біршама тұрақтандыра алатын еді, — деп атап өтті.

Атамбаев — солтүстіктің, Жээнбеков – оңтүстіктің тумасы.

Елдің екі аймағының арасында үлкен айырмашылық бар. Солтүстіктің адамдары көбірек орыс тіліне және батыстық менталитетке жақын, исламшылдықтан алыс. Сондықтан солтүстік элита РФ және Батыспен ынтымақтастыққа ашық. Оңтүстік исламшылдыққа жақын және азырақ орыстанған. Бұл аймақтың элитасы көбірек оқшауланған және батысқа аса жақын емес. Мұның барлығы кей жағдайларда РФ-мен ынтымақтастық орнатуға мүмкіндік береді.

— Қырғызстанда елдің солтүстігі пен оңтүстіктігінің қолдауына бірдей ие болған саясаткер кем де кем. Сондықтан солтүстіктен шыққан кандидаттар оңтүстіктің ықпалды саясаткерлерінің, қаржылық демеушілері мен сайлаушыларының тілін табуға тырысады. Элита ішілік және элиталар арасындағы деңгейде мәмілеге келу процесі жүріп жатыр. «Солтүстік–Оңтүстік» географиялық белгісі бойынша саяси тандем қалыптасуда, — дейді зерттеуші.

Қазіргі таңдағы Қырғызстан толық исламдық мемлекет

Заманауи қырғыз қоғамының тағы бір ерекшелігі — исламшылдық. 2016—2017 жылдары зайырлы мемлекет мәртебесі туралы норма қабылданған болатын. Бірақ

жергілікті діни ұйымдардың өкілдері мен олардың мүддесін жақтайтын саясаткерлер бұған қарсы шықты

— Атамбаев қызметінің бастапқы кезеңінде исламшылдық процесін  бастады. Ол халық алдында Құраннан үзінді келтіретін болды. Бірақ 2014—2015 жылдары мәдени және әлеуметтік исламның орнын басатын саяси исламның әлдеқайда күшті болатынын түсінді, — дейді Лаумулин.

Қоғам қайраткерлері биліктің зайырлы мемлекет мәртебесінен исламшылдыққа бірден бет бұра бастағанын атап айтады. Саяси шолушылар президент  исламды мемлекеттік бақылауға алуға ұмтылуда дейді.

Қырғызстан Республикасы исламдық мемлекет құруға бет бұрды

Бақылаушылардың пікірінше бүгінгі таңда Қырғызстанды өзіндік дәстүрлері, әдет-ғұрыптары мен дүнитанымы бар  исламдық мемлекет деп толық сеніммен айтуға болады.  Дегенмен ресми түрде исламдық мемлекет жариялауы екіталай.

Саяси исламның ықпалы арта түсті.

— Мәселен, Қырғызстанның бұрынғы мүфтиі Чубак ажы Жалиловтың жүздеген мың белсенді қолдаушылары бар. Парламент партиясына өту үшін бар-жоғы 115 мың дауыс жинау керегін ескерсек, бұл өте үлкен электорат. Яғни  ең қиындықсыз 10 депутаттық орынға ие бола алады. Аналитиктер:

аймақтарда мешіт ең басты әлеуметтік институтқа айналды дейді

Ол діни құрылымға, сондай-ақ жиналу және талқылау алаңына айналды. Дүниеге келуден бастап жерлеу рәсімдеріне дейінгі салт жораларын өткізеді. Кейбір ақша ағымдарын бақылауға алды, — деп жазады Лаумулин.

Мәселе күрт шиеленісіп кетті.

Жұма намаз кезінде мемлекеттік қызметкерлер мен күштік құрылым өкілдерінің көбі жұмыс орнында болмайды.

— Бішкек Орта Азиядағы ең діни қалаға, ал Қырғызстан  – дінді берік ұстанатын мемлекетке айналды десек қателеспейміз.  102 медресе, 7 ислам институты, 1 ислам университеті бұл сөзімізге дәлел болады. Әйел адамдардың көбі хиджабпен, ал еркектер пәкістандық ақ шалбарлар мен ұзын жейдемен жүретін болды. Қырғыз халқында бұрын-соңды бұндай киім үлгісі болмаған, — деп атап өтті зерттеуші.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз