Шейіт қарулы құрылымының бас кураторы Касем Сулейманидің қазасы мен Иранның америкалық базаға шабуыл жасауы соғыстың басталуына себеп болады деген болжам расталмады. Дәл қазіргі уақытта Иранның ядорлық қаруы жоқ, ал Құрама Штаттарда бар. Сондай-ақ Иранның Вена келісімінің талаптарын бұза алмауы да оның соғыс ашуына кедергі келтіруі мүмкін.
Иранның ядролық бағдарламаны қабылдауы Барак Обаманың жеңісі болды. Иран уранды байытудың технологияларын дамытпау және оны соғыс құралдарына пайдаланбау туралы міндеттемелермен келісті.
2017 жылы АҚШ осы келісімнен бір жақты тәртіпте шыққаннан кейін, бұл жоспар бұзылудың сәл-ақ алдында тұр. Обама өзі билік еткен кезде Иранның Вена келісіміне қол қойғаны үшін рақымшылық танытып, алып тастаған экномикалық санкцияларын Трамп қайта енгізді. Иран көшбасшысы 2019 жылдың маусымында «Трамп келісімге келуге лайық емес» деген мәлімдеме жасады.
2019 жылдың 17 маусымында Иранның Атом энергетикасы бойынша ұйымының өкілі Бехруз Камалванди
Иран уран кенін байыту қуатын арттырып жатыр және Атом энергетикасы жөніндегі халықаралық агенттіктің (МАГАТЭ) санкцияларында белгілеген лимитті бұзуы мүмкін деп мәлімдеді
Бұлай жалғаса берсе Иран келісімнен шығып кетеді. Камалванди соңғы екі жарым айда Иранның ауыр судың өндірісін арттырып жатқанын және оның жоспарда көрсетілген лимиттен (130 метрикалық тонна) артып кеткені туралы айтты.
2019 жылдың шілдесінде АҚШ-тың Қару-жарақты қадағалау қауымдастығының өкілі Келси Дейвенпорт Иран жақын арада (10 күннің ішінде) соғыс мақсатында уран өндіреді деген қауіп жоқ деді. «… Вена келісімінде көрсетілген шектеулерге байланысты Иранға бұндай қару өндіру үшін 12 ай керек» екенін атап өтті.
Шілдеде Дейвенпорт та, Камлванди де Касем Сулеймани өледі деген ой болған жоқ. Иран бәрі тынышталғаннан кейін өз генералы үшін кек қайтарса не болады деген сұрақ туындайды? Трапм Вена келісімінің талаптарын әлсін-әлсін бұзып отырғанын айта кетейік. 2018 жылдың өзінде АҚШ-тың Ұлыбританиядағы елшісі Ким Дарроч:
« Трамп «дипломатиялық вандализм» актісін Обаманың жүргізген саясатына қарсы қасақана жасады» деді
Бұл үндеу жарияланбауы керек еді, бірақ қандай да бір себептермен бұл мәлімдеме БАҚ өкілдерінің қолына түсіп, елші жұмысынан босатылды.
Еуроодақ, Қытай, Ресей, Германия, Франция, Ұлыбритания келісімді қолдайды. 2019 жылдың маусымындағы жағдай бойынша Иран МАГАТЭ-нің қадағалауымен келісімнің барлық талаптарын орындап отыр. МАГАТЭ-нің мәліметтеріне сәйкес Иран
У-235-ті өндіру деңгейі 3,67 пайыздан асып кеткен жағдайда, әскери есептеуіш автоматты түрде қосылып, оқтұмсықты өндіруге берілген уақыт азая бастайды. Бұл уақыттың ресми атауы — breakout time (сөзбе-сөз аударғанда — «серпілу уақыты»).
Егер Иран ядролық арсенал өндіру туралы шешім қабылдаса, оны тез арада өндіреді, яғни үдемелі breakout жасайды. Дейвенпорттың болжамына сәйкес Иран «серпіліс уақытын» азайту үшін 3,67%-дық деңгейге жеткізілген 1 020 кг уран-гексафлюоридті газын өндіруі керек. Иран бұл материалдың 90%-ға жуығын бірінші атом бомбасын жасауға жұмсайды. Бұл туралы TheNationalInterest сайтында қаруландыру саласының маманы Дэвид Экс жазған болатын.
Тағы бір айта кетерлігі 2019 жылдың мамыр айында МАГАТЭ-нің берген мәліметтеріне сәйкес Иранда 125 метрикалық тонна ауыр су өндірілді. Анықтама үшін: ауыр су дегеніміз — атомдық реакторлардың ішінен өтетін реакцияларды іске қосатын тетік.
МАГАТЭ Иранның Нетенз қаласындағы ядролық орталығына IR-6s маркалы 33 центрифуга орнатқанын және тағы да сондай 20 центрифуга орнатуды жоспарлап отырғанын мәлімдеді. Батыс бұл жағдайды Иранның Вена келісімін бұзуы деп бағалады.
Дональд Трамп Иран көшбасшыларын алғашқы ядролық қару жасауға мәжбүрлеп отырған жоқ па? АҚШ-тың соңғы онжылдықта Иран аумағында жүргізген барлық сынақтарының жалпы сомасын ескерсек, ислам көшбасшылары амалсыз осындай әрекетке барды. Әзірше ядролық қаруды белсенді пайдалану туралы айта алмаймыз, мәселе тек Иранның иелігіндегі ядролық қаруға байланысты болып отыр.