Қазақстандықтарға Қытайға барған кезде шығу тегі белгісіз індеттің шығуына байланысты қауіпсіздік шаралары туралы ескертілді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
“Инфекция қоздырғышы осы уақытқа дейін анықталмаған. Көптеген жағдай қалалық жаңа теңіз өнімдері базарымен байланысты, онда құстың әр түрі, қоян, жылан және басқа да бауырымен жорғалаушылар сатылды”, – деп түсіндірді ол.
“Осыған байланысты осы елге сапарды жоспарлау кезінде Қытайда шыққан белгісіз пневмониямен ауыру жағдайлары туралы ақпаратты назарға алуды сұраймыз”, – деп толықтырды Ержан Байтанаев.
Бүгінде Нұр-Сұлтан қаласынан Бейжің, Санья және Үрімші қалаларына, Алматыдан Бейжің, Санья, Хайкоу, Сиань және Үрімші қалаларына тікелей әуе рейстері жүріп жатыр.
ҚХР-ға баратын тұлғаларға комитетте респираторлық инфекциялардың алдын алудың негізгі шараларын сақтауды ұсынды: