Парламент жаңа сессия жұмысын бастаған күні Сенат жаңаланған веб-сайтты senate.parlam.kz іске қосқанын айтқан еді.
Қайта жасақталған сайтта сенаторлармен кері байланыс, заң жобасын ұсыну сияқты азаматтар үшін көптеген ыңғайлы қызмет түрлері қосылды. Жоғарғы палатаға келіп түскен барлық құжаттар жарияланып, орындалу деңгейіне дейін көрінетін болды. Live режиміне ерекше мән берілді. Барлық пленарлық отырыстар, жиындар тікелей эфирде көрсетілуде. Ең бастысы, ақпараттар латын тіліне де аударылып, таратылуда.
Айта кету керек, қазақстандықтар енгізілген жаңалықтарды белсенді пайдалануда. Әсіресе, азаматтар «Заң жобасын ұсыну» айдарына еліміздің түкпір-түкпірінен көптеген ұсыныстарын жіберіп отыр. Мысалы, келіп түскен өтініштің бірі таңғы сағат 6-дан түңгі сағат 23.00-ге дейін мазаны алатын жұмыстарға тоқтау салу қажеттігін ұсынған. Басқа азаматша адвокаттар мен мемлекеттік органдар арасындағы жұмыс тәртібін қайта қарастыруды сұраған.
Жіберілген ұсыныстар мен идеялар тиісті комитеттерге жеткізіліп, қаралатын болады.
Естеріңізге сала кетейік, Сенат Төрағасы Дариға Назарбаева IV сессия қорытындысы бойынша өткен Сенат отырысында палата қызметі барынша ашық болатынын айтқан еді.