Нұр-Сұлтан
Қазір
13
Ертең
13
USD
444
0.00
EUR
481
0.00
RUB
4.88
0.00

Қазақ азаматы Қытайда үздік модель атанды

168

Қытайлық kazakcnr.com сайтының мәліметінше, Қытайда тұратын қандасымыз Сержан Бағдатұлы 2018 жылы Қытайдың Кайфың қаласында өткен мемлекеттік «Жұлдызды модельдер» бәсекесіне қатысқан. Қытайдың әр облысынан сайдың тасындай іріктелген 60-қа жуық қатысушы арасынан сымбатымен, дара өнерімен озып, Сержан бас жүлдені қанжығалаған. Кескін-келбетімен Қытайды тамсандырып жүрген сері жігіттің бойы — 191 см.

«Сержан Бағдатұлы Шыңжаң әскери институтында білім алған. Ол кейін Ухань қаласындағы жоғары оқу орнында дене шынықтыру мамандығы бойынша білімін жетілдірген. Қажырлы еңбек, үздіксіз талпынысының нәтижесінде Қытайдың үздік моделі атағына қол жеткізген. Қазіргі күні Сержан – Шыңжаң сәнгерлер (модельдер) қоғамының мүшесі. Бүгінде ол Шыңжаңдағы түрлі модельдер бәсекесінде қазылық жасайтын, білікті маманға айналды. Сондай-ақ, әлеуметтік желіден жеке парақша ашып, осы салаға бейімі бар жастарға үздік модель болудың қыр-сырын да үйретіп жүр», – деп жазады CNR.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз