Нұр-Сұлтан
Қазір
-4
Ертең
-13
USD
499
+0.04
EUR
525
+1.44
RUB
4.75
-0.06

Қазақ жігіті қойдың ішегінен қалай пайда тауып отырғанын айтты

395
© Sputnik

Қойды алғаннан кейін 500 теңгеге тәшке жалдауға болады. Қасапшының қызметі – 2 000 теңге. Бас үйіту 1000-1500 теңге болса, ішек-қарнын жуып бергені үшін 1500 теңге алады. Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлады.

Сойылған малдың терілері мен ішек-қарындарын сол жерге тастап кетіп жатады. Қоқысқа тасталған ішек-қарындарды бір топ жігіттер тазалап, арнайы орындарға өткізетіндерін айтты.

“Енді, көп адамдар бұндай жұмыс істеуге намыстанады ғой. Алайда бұл – өте тиімді кәсіп. Мысалы, құрбандық шалған адамдар мына ішектерді лақтырып тастайды. Біз соның бәрін тазартамыз да, буып-түйіп, шетелге жібереміз. Ол жақта кетгут, яғни медициналық жіп жасайды. Онымен хирургтар адамның ішкі ағзаларын тігеді, артынан кетгут өзі таралып кетеді. Бұдан бөлек, ішектен шұжықтың сыртын орайтын материалдар жасалады”, – дейді қазақтың бір жігіті.

Мал базарында шетелдіктер де жүр. Олар қойды қасапшыға тапсырғаннан  кейін құрбандықты қалай шалып жатқанын шетелде отырған ата-анасына және балаларына ұялы телефон арқылы көрсетеді екен.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз