Нұр-Сұлтан
Қазір
-8
Ертең
-20
USD
524
0.00
EUR
545
0.00
RUB
5.11
0.00

Қазақстан тиісуге болмайтын ел болудан қалды — сарапшы

660
Дереккөз — ctc-rk.kz

Шабуылдардың мақсатын террористер емес, олардың қожайындары, тапсырыс берушілер анықтайды. Және қазірде олар Қазақстанға деген көзқарасын өзгерткен сыңайлы. Бұрын оларға “тиісе алмайтын ел” болсақ, ЕАЭО мүшесі атанғандықтан автоматты түрде “мақсаттар” тізіміне түсеміз.

Бұл туралы сарапшы Мұрат Лаумулин “Сириялық қақтығыстың геосаяси, әскери-стратегиялық және халықаралық параметрлері” мақаласында жазады. Материал “Астана” халықаралық ғылыми орталығының ресми сайтында жарияланды.

Лаңкестер мен ақша әзірше аз, бірақ бұл тек әзірше…

Автор радикалдардың Орталық Азияға толық басып кіру мүмкіндігі туралы бірнеше рет айтқан болатын. Сонымен қатар, топтың негізгі құрамын ТМД-дан шыққандар құруы тиіс болатын. Қазір көптеген адам Түрікменстан, Тәжікстан және Өзбекстан шекараларында нақты күштер шоғырланған деп есептейді. Алайда, содырлардың саны туралы деректер әртүрлі.

— Арнайы қызметтердің мәліметі бойынша, біріккен Сирия оппозициясы құрамында Орталық Азия елдерінен шыққан “Катайиб Имам әл-Бухари” (КИБ) және “Джамаат Әбу-Салоха” (ДАС) секілді екі жамағат бар, — деп жазады ол.

Автор ИГИЛ құрамындағы “Мауераннахр” содырлар тобын атайды. Оның құрамындағылар — Орта Азиядан шыққандар, оның ішінде қазақстандықтар деген болжам бар. Сарапшылардың бір бөлігі (топтың барына сенетіндердің бірі)

дәл осы топ өңірде терактілерді ұйымдастырумен айналысатын болады, соның ішінде Қазақстанда

— деп есептейді.

Бірақ басқа елдерден бастауы мүмкін.

— Кейбір мәліметтер бойынша, ИГИЛ Оңтүстік Қырғызстан арқылы Өзбекстандағы жағдайды тұрақсыздандыруға ниетті. Әрі қарай Қазақстанға қарсы шабуылдар басталуы да мүмкін, — дейді Лаумулин.

Бірақ, содырлардың саны “әлі де әсерлі емес”. Және қаржыландыру жағы да әлсіз, себебі жүйе енді ғана қалыптасып келеді.

— Қазақстандағы террорлық топтардың өзара әрекет ету әдісі желілік маркетинг моделін еске салады. Бірақ Қазақстандағы террористік ұйымдардың желілік құрылымдары тік емес, иерархиялық емес, көлденең сипатқа ие. Байланыс жүйесі бір деңгейде орналасқан, онда барлық тораптар тең құқылы және автономды,-деп есептейді автор.

Содырларды басқаратындар вахаббиттер емес

Автор белсенділіктің күрт ұлғаюының себептерін шартты түрде екі топқа бөлінді: әлеуметтік және саяси. Олар туралы сарапшылардың әртүрлі жұмыстарында егжей-тегжейлі және бірнеше рет айтылды.

Сонымен қатар, ол қазіргі террористік топтардың кейбір ерекшеліктерін суреттеді

— Сарапшылар бүгінгі моджахедтердің Өзбекстанның ислам қозғалысы мен Ислам жихад одағын құрудың бастауында тұрған адамдардан айырмашылығы бар екеніне назар аударады. 1990-шы жылдардың соңында исламшылдарда дәлелді және басты мақсат болды — ОА аумағында ислам мемлекетін құру.

Қазіргі уақытта ОА-дан шыққан моджахедтер — бұл қай жерде көп төлейді, сол жерде соғысып жүрген жалдамшылар

Сондықтан, содырлардың болашағы мен келесі соғыстардың аумағын топтағылар емес,  олардың стратегиялық және қаржылық қамқоршылары анықтайды, – деп санайды Лаумулин.

Ал олардың қамқоршылары — бұл, сарапшылардың пікірінше, америкалық арнайы қызмет мамандары.

– Бұл ретте Парсы шығанағының барлық ваххабиттік монархиялары — бұл экономикалық дербес елдер, бірақ дербес әскери саясаты жоқ, — деп жазады автор.

ИГИЛ-дің мақсаты Өзбекстанның тұрақсыздығын келтіруден анағұрлым ауқымды. Мәлімдеме бойынша,

ИГИЛ үшін түпкі нысан РФ-ның мұсылман аймақтары (Волга-Орал) және Қазақстан болмақ

Кейбір БАҚ-тарда лаңкестер лагерьлерінде этникалық қазақтарды жаттықтырып жатыр деген материалдар жарияланды. Бұл да Қазақстанға көзделгенін дәлелдейді.

— Осылайша, ақпараттық мамандар, АҚШ және олардың ваххабиттік одақтастары Қазақстан тиісуге болмайтын елдер қатарынан шыққанын айқындайды деп есептейді.

Қазақстан олардың көзінде ЕАЭО еліне айналды, сондықтан онда режим өзгеруі тиіс,

– деп бекітеді автор.

Сонымен қатар, сарапшы “халықтың радикалдануының тұрақты үрдісін” және дәстүрлі емес діни топтардың өсуін атап өтті.

Алайда, ол Қазақстан үшін бұл қаншалықты қауіпті екенін анық айта алатын бірыңғай пікір жоқ екенін атап өтті. Және жалпы Орталық Азия үшін де.

Қазақстанға не білу керек?

Сириялық қақтығыстарда қолданылатын америкалық әдістерге автор тұтас бір тарау арнаған. Асадты құлату үшін бірден бірнеше бағыт бойынша жұмыс істеген.

Этноконфессиялық салада мыналар қолданылды.

• сүннет-шииттік келіспеушіліктерді жасанды арандату және ынталандыру;
• ислам-христиан қайшылықтарын қыздыру;
• күрд проблемасын тереңдету;
• Араб-Израиль қақтығысының шешімін тежеу.

Сонымен қатар, әлемдік қоғамдық пікірді де ұмытпаған (мысалы, жыл сайын әлемнің әр түрлі елдеріндегі діни сенім бостандығы туралы баяндамалар дайындады). Осы ретте, Вашингтон өзіне “діни салада халықаралық құқық бұзушыларды” өз бетінше сайлау құқығын иемденді. Және ықпал ету шаралары мен құралдарын дербес анықтады.

Бұдан басқа ол келтірген тізімде:

• дәстүрлі емес жаңалықтарды таңу,
• ұлттық және діни араздықты мақсатты тұтандыру,
• белгілі бір этноконфессиялық серіктестерді қолдауды таңдау
және тағы сол сияқтылар.

– Осы әдістеме және

оны білу Қазақстан үшін де маңызды. Олар ҚР қарсы және Орталық Азияның басқа мемлекеттеріне қарсы қолданылуы мүмкін,

– деп есептейді Лаумулин.

Серіктестер жаңалықтары
загрузка...
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз