Нұр-Сұлтан
Қазір
-6
Ертең
-6
USD
524
+0.41
EUR
550
-0.35
RUB
5.01
+0.08

Анджелина Джоли Time редакторы болып жұмысқа тұрды

322
А. Джоли БҰҰ елшісі ретінде Иракта 2018 ж. Фото: usmagazine.com

Анджелина Джолидің жаңа лауазымдағы құзыретін айта келе, Time бас директоры Феленсталь актрисаның БҰҰ Босқындар істері жөніндегі агенттігімен 18 жылдық ынтымақтастық тәжірибесін атап өтті. Соңғы жеті жылда Джоли БҰҰ Жоғарғы Комиссарының арнайы елшісі болды. Сонымен қатар, Колумбия, Перу, Ирак және Бангладеш сияқты елдерде 60-тан астам дала миссияларын атқарған.

Оның “Біз босқындарға не бере аламыз?” атты алғашқы мақаласы 20 маусымда Дүниежүзілік босқындар күні жарияланды. Автор “неге бүгінде “босқын” сөзі теріс маңынаға ие болды” деген сұрақ қояды. Және неге адамдар шекараларды жауып, босқындарды қуып шығаруды уәде еткен саясаткерлерге дауыс береді? Джоли бүгінде босқындар мен мигранттар арасындағы түсінік саясиландырылып бара жатқанын айтты. Басқаша айтқанда,

саясат осы екі ұғымды саналы түрде араластырады. Өйткені қоғамдық пікірді манипуляциялау оңай

Джоли БҰҰ Босқындар істері жөніндегі агенттігінің өзі 40 млн еуропалықтар үшін құрылғанын еске салады. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде өз балаларын құтқарған адамдарға көмек көрсету үшін. Дегенмен, босқындарға қарсы шығып сөйлеген елдердің көшбасшылары бұл туралы ұмытып кетті. Олардың отандастары қайғылы тәжірибелерді бастан кешіргенде осы халықаралық қауымдастық көмектескен жоқ па еді.

Париж босқындары. 1940 ж. фото: time.com

Мьянма босқындары Бангладешке қашуы 2017 ж. фото: time.com

Дипломатия орнына гуманитария

Джоли гуманитарлық көмек туралы да сөз қозғады. Атап айтқанда, ол штаттар өздерін ірі донор деп атайды деп жазады. Бірақ, оның пікірінше, мақтаулы “америкалық жомарттылық” бұл тек көзбояушылық. Яғни қақтығыс елдеріне қажетті дипломатияны алмастыру.

Джоли тек гуманитарлық көмек бере отырып, соғысты аяқтауға болмайтынын жазады. Ол БҰҰ-ның ресми деректерін келтіреді. Мәліметтер бойынша, гуманитарлық көмекке мұқтаждықтың тіпті 50%-ы қанағаттандырылмайды. Мысалы, 2019 жылы БҰҰ Сирияға көмек көрсетуге қажетті қаражат көлемінің 21%-ын ғана алды. Ливанда бұл көрсеткіш 15% құрайды.

Анджелина Джолидің мәліметінше,

бүкіл әлемдегі босқындардың жартысынан астамы — балалар, ал 5-тен 4-і өздері қашып кеткен қақтығыспен немесе дағдарыспен шектесетін елде тұрады. Батыс елдеріне барлық босқындардың 1%-ға жуығы қоныс аударады

Ал, мысалы, халықтың үштен бірі кедей өмір сүретін Уганда өзінің аздаған қорын Конгоның миллионнан астам босқындарымен бөліседі. Яғни, босқындарға өздерінде ештеңесі жоқ елдер көбірек көмектесіп жатыр.

Мақалада келесі сандар келтірілген:

2001 жыл — “босқын” мәртебесіне 40 млн адам ие болды, бүгінде — 70 млн адам;
2018 жылы күн сайын 37 000 адам босқын атанып отырған.

Ешкім сақтандырылмаған

Анджелина Джоли жазады:

“БҰҰ-ға мүше мемлекеттер ұйымның құралдары мен стандарттарын өздеріне ыңғайлап қолданатыны қайғылы шындық. Мемлекеттер іскерлік және сауда мүдделерін қақтығысқа ұшыраған еш кінәсіз адамдардың өмірінен жоғары қояды. Сондықтан біз шаршаймыз немесе көңіліміз қалады. Және елдерде жағдай тұрақтанғанға дейін қарайласпаймыз”.

Соңында Джоли иллюзияның қаупі туралы айтады. Елдер өз шекарасын жауып қойсам болды, босқындар мәселесі өзі шешіледі деп ойлайды. Ол тиімді дипломатия мен барлық өмір сүретін адамдардың құқықтарын сақтау негізінде әлем құруды ұсынады. Қазіргі жағдайда бұл күрделі болғанымен, қажетті жол.

Себебі ертең кез келгеніміз босқын атануымыз мүмкін

PS

Осы жылдың сәуір айында Time журналының бетінде Анджелина Джолидің мақаласы шыққан болатын. Ол Ауғанстандағы жағдайды тұрақтандырудағы әйелдердің рөлін күшейту идеясына арналған. Мақала сарапшылар мен журнал оқырмандарының арасында үлкен резонанс тудырды. Сондықтан, журнал осы жетістіктен кейін Джолиді редактор ретінде тұрақты жұмысқа алуды ұсынған.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз